ИнновацияApple-дің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілі енгізілді

Apple-дің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілі енгізілді

 

АЛМАТЫ. KazUnite – Қазақ тілі барлық дағдарысты еңсерді. Енді ол мәңгі жасайды. Себебі әлемдік бизнес процесстерінде қазақ тілін елеу, санасу тренді басталды. Бұл туралы экономика, қаржы саласының сарапшысы Абай Олжаев мәлімдеді.

«Apple өзінің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілін системалық тіл қылып енгізіп отыр. АҚШ ішкі жалпы өнімінің 6 пайызын беріп отырған Apple – әлемде Saudi Aramco-дан кейінгі ең қымбат компания. Ал Iphone – ең атаулы смартфон. Қазақ тілінің оған ілінуі – оның болашағына деген халықаралық сенімнің белгісі», – деп жазды Айбар Олжаев Facebook-те.

Оның сөзінше, мамыр-маусым айлары қазақ тіліне көптеген жақсы жаңалық әкелді. Apple-ден бөлек, Nickelodeon да қазақшаға ауысқаны мәлім болды.

«Қазақтілді коммуникация маманы болғандықтан, биылдан бастап тілі қазақшаланбаған көптеген әлемдік ірі бренд, компаниялар тарапынан кеңес сұрау, аудиторияның ерекшеліктерін білуге деген сұраныстар көбейді. Сондықтан тренд дегенде – мен шынымен де көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсемді айтып отырмын», – деді сарапшы.

Гүлмира Аймағанбет

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...