ИнновацияОрталық Азия мен Кавказ елдері мемлекеттік қызметкерлері жасанды интеллект әлеуетіне ден қоюда

Орталық Азия мен Кавказ елдері мемлекеттік қызметкерлері жасанды интеллект әлеуетіне ден қоюда

 

Пномпенде (Камбоджа) Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты аймағының 12 елінен 60-тан астам өкіл жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға енгізу әлеуетін саралады. Жиынға Корея Республикасы, БҰҰДБ, Халықаралық Телекоммуникациялар Одағы (МТО) және Дүниежүзілік Банктің жетекші сарапшылары қатысты. 

Екі күндік семинарда қатысушылар жасанды интеллектіні мемлекеттік қызмет саласында іс жүзінде пайдалану бағыттарын талдады. Олар ЖИ стратегиялық енгізу мәселелерін және оны пайдалана отырып, цифрлы трансформация жасау озық үлгілерімен танысты.

Қатысушылар болашақта ЖИ интеграциялау, ЖИ негізіндегі инновациялар, сондай-ақ тәуекелдер мен осалдықтарды бағалауда ЖИ пен үлкен деректерді қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты. Әсіресе жасанды интеллектінің стандарттары мен этикалық жағы назар аудартты.  Олар Камбоджа цифрлы технологиялар Академиясында (CADT) болып, цифрлы біліктілік пен мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындарды оқыту бағдарламаларын зерделеді.

Семинарды Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің ашық деректер бойынша саясат бөлімінің директоры  Джуон Хансон ашты. Ол «ЖИ жағдайды сараптау мен талдау негізінде превентивті және персоналды қызмет көрсете алатын трансформациялаушы тенхнология ретінде дамуда» деді. Дегенмен, ол этикалық тәуекелдер, қауіпсіздік мәселелелерін ескеру маңыздылығына назар аудартып, тиімді стратегиялар жасау үшін халықаралық ынтымақтастық қажеттігін айтты. Ол Корея осы салада тәжірибе алмасуға даяр екенін мәлімдеді.   

Камбоджадағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілі  Алиссар Чакер халықаралық байланыс пен цифрлы трансформациядағы жасанды интеллект рөліне тоқталды. Ол  ЖИ инновация, барлық азаматтарға, әсіресе осал топтардағы халыққа қызмет көрестуде тиімділікті арттыруда теңдессіз мүмкіндіктер беретінін айтты.

Астана мемлекеттік қызмет хабы жоба менеджері  Бақыт Жексембай құнды тұжырымдар мен мемлекеттер арасындағы әріптестікті нығайтатын ЖИ саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Бірлескен іс-қимыл азаматтар мен елдердің игілігі үшін мемлекеттік секторға жасанды интеллектіні енгізу жолдары мен тәсілдерін жасап шығаруға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Камбоджаның Пошта және телекоммуникация министрі  Вандет Чеа мемлекеттік сектордағы ЖИ қолдану мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл неғұрлым негізі берік шешімдер қабылдау мен оларды қабылдау үдерістерін жақсартуға жол ашады.  Оған қоса бұл мемлекеттік қызмет көрсету ашықтығы мен сапасын арттырады, яғни, азаматтардың талап-тілектері мен сұраныстарға жедел жауап беруге мүмкіндік беретінін айтты министр.

Семинар ынтымақтастық пен білім алмасатын алаңға айналды. Онда қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету мен басқаруды жетілдіру мақсатындағы ЖИ тиімді құралдарымен танысты.

Семинар – Корея Республикасы үкіметі қаржыландыратын және БҰҰ ДБ мен Астана мемлекеттік қызмет хабы әріптестікте жүзеге асыратын, цифрлы трансформация мен цифрлы мемлекеттік басқаруды ілгерілетуде мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыруға негізделген аймақаралық жобаның бөлігі.

Бұл жиын Камбоджа корольдігінің Пошта мен телекоммуникация министрлігі (MPTC), Камбоджа цифрлы технологиялар академясы (CADT) Камбоджадағы БҰҰ ДБ офисы қолдауымен бірлесе ұйымдастырылды.

Анықтама үшін:

Семинар – Астана мемлекеттік қызмет хабы, БҰҰДБ, Корея Республикасы Ішкі істер минситрлігі мен қауіпсіздік минситрлігі (MOIS) және Корея Республикасы ақпараттық қоғам ұлттық агенттігі (NIA) жүзеге асырып отырған жоба бөлігі.

Жоба Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан), Кавказ (Армения, Әзірбайжан және Грузия) және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы (Бангладеш, Камбоджа, Лаос, Моңғолия және Филиппин) он екі елде цифрлы трансформация мен мемлекетік басқару мәселелерімне айналысатын мемлекеттік қызметшілер мен мамандардың әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Бұл жоба алдыңғы кезеңінің жетістіктері негізінде үш жылдық (2024-2026) цикл ауқымында зерттеулер жасау, конференциялар, семинарлар және Корея республикасына оқыту сапарларын өткізуді қамтиды.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...