ИнновацияИлон Маск Twitter-ді неге сатып алмақ? 

Илон Маск Twitter-ді неге сатып алмақ? 

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына жасаған мәлімдемесінде Илон Маск Twitter-ге инвестиция салғанын айтты. Ол бүкіл әлемдегі сөз бостандығы алаңына айналу әлеуетіне сенетінін және сөз бостандығы жұмыс істейтін демократия үшін қоғамдық императив деп санайтынын жеткізді.

Маск Twitter-ді шамамен 43 млрд долларға бағалап, бір акциясы үшін 54,20 доллар ұсынды. Миллиардердің пікірінше, компанияның бүкіл әлемде сөз бостандығына арналған алаң болуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі соғыс – ақпараттық соғыс. Елге әлеуметтік желілер арқылы ықпал ету оңай. Сөз бостандығы шектеулі елдерде ТВ, газет, радиолар Президент сөзінен аспаса да, әлеуметтік желіге тосқауыл бола алмайды. Ақпарат арқылы бір ел екінші елдің саясатына, өміріне де араласып отыр. Ресей трольдары, мысалы, Трамптың сайлаудан жеңуі үшін жұмыс істеген. Өйткені оларға Хилари Клинтоннан Трамп мүдделес болды.
Соңғы жылдары кибершабуыл күшейді.

Қазіргі соғыс кезінде мұның маңызы тіпті артып кетті. Қарулы аоғыс пен ақпараттық соғыс қатар жүрір жатыр. Сондықтан көп елдер осы салаға ерекше мән беруде. АҚШ киберқауірсіздік бюросын құрды. Мұның бәрі ақпарат құны, ақпарат күші, ықпалы артқанын көрсетеді.

Егер Twitter толықтай Илон Масктың еншісіне бұйырса, ол ондағы спамды бірден анықтау тетіктерін жасамақ. Фейк жаңалықтар мен акаунттарға, спамға шек қоймақ.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Илон Масктың еншісіндегі Twitter акциялары Tesla-ға емес, Масктың өз атына тіркелген.

Сонымен қатар Илон Маск Telegram-ды да сатып алуы мүмкін деген қауөсет тарауда. Кейбір құпия дереккөздерге сүйенсек, Маск жақында Дуровпен кездесуді жоспарлаған. Онымен Telegram-ды сатып алу жөнінде талқылайды-мыс.

TED Talks-тағы сұхбатында Масктан Twitter тарапы сатудан бас тартқан жағдайда «Б» жоспарының бар-жоғын сұрады. Оған Илон жоспарының, әлбетте, бар екенін айтып, иландырды. Бірақ тарқатып айтпады. Мұның қалай болатынын алдағы уақыт көрсетер. Осы тақырыпқа алда тағы қайтып оралатын боламыз.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...