ИнновацияAMAZON қазақ сатушыларының тауарын 300 млн тұтынушыға жеткізеді

AMAZON қазақ сатушыларының тауарын 300 млн тұтынушыға жеткізеді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Әлемнің 188 еліндегі өндірушілердің басын біріктірген Америкадағы Amazon компаниясы Қазақстанға да жетті.

Биылғы 20 мамыр күні Орталық Азияны аталған платформада жұмыс істейтін елдер қатарына қосу туралы шешім қабылданған болатын. Осылайша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстан саудагерлеріне әлемнің әр бұрышындағы тұтынушыларға өз тауарын сатуға жол ашылды.

“Қазақстандық кәсіпорындар енді Amazon-да тауарларды сата алатынын қуана хабарлаймыз. Біз шағын және орта кәсіп иелерін қоса алғанда, Қазақстанның серпінді бизнес-қоғамдастығымен жұмыс істеуіне және оларға бүкіл әлем бойынша клиенттермен байланыс орнатуына көмектесуге дайынбыз», – деді Amazon компаниясының халықаралық нарық және бөлшек сауда жөніндегі вице-президенті Эрик Бруссард.

Осылайша, әлем бойынша 300 миллион тұтынушы аккаунт ашып тіркелген Америкадағы Amazon компаниясы қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен алаң ұсынып отыр.

Кез келген тұлға енді Amazon-ға жеке немесе заңды тұлға ретінде тіркеліп, өз аккаунты арқылы өнімін саудаға шығара алады.

Amazon шарты бойынша мұнда жеке сатушылар сауда алаңында сатылған әр зат үшін $ 0,99 төлейді, сонымен қатар 0,45-тен 1,35 долларға дейін жабу үшін ауыспалы төлемдер төлеп тұрады. Ал кәсіби сатушылар әртүрлі жабу комиссияларын және 6%-дан 25%-ға дейін (орташа 13%) сыйақы төлеп отырады. Amazon әсіресе үйде отырып табыс тапқысы келетін, яғни ешкімге мойынұсынбай, тәуелсіз жұмыс істеп, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтарға қолайлы.

Осы тиімділігі үшін  бүгінде Amazon-да дүние жүзі бойынша 9,7 миллион сатушы тіркелген. Оның 1,9 миллионы 2020 жылы Amazon арқылы тауар сатқан. Сол жылы сатылған жалпы тауар құны 80,5 миллиард долларды құраған.

Amazon-ның сатып алушылары да, сатушылары да жыл сайын артып келеді.

Орталық Азия елдері, Қазақстан өндірушілері, кәсіпкерлері, жалпы жеке тауарын сатқысы келген тұлғалар бұған дейін халықаралық деңгейде жұмыс істеуге аса зер салмағаны рас. Өйткені бұған дейін Қазақстанда Amazon-ның басты бәсекелесі Alibaba жұмыс істесе де, соңғы жылдары Ресейдің Wildberries онлайн дүкені қазақстандық дүкендерге тауарын сатуға жол ашса да, қазақ қоғамында сатушылық жете дамымағандықтан, бұл платформалармен жұмыс істеуге құлшыныс төмен болған.

Қазіргі уақытта да Alibaba мен Wildberries-ке қарағанда Amazon тиімдірек. Өйткені ресейлік дүкен соңғы жылы АҚШ, Еуропа елдеріне дейін жетсе де, қазір оған жол жабық. Ал Alibaba әлемдегі ең үлкен өндіріс әрі ең төмен бағада тауар өндіретін елдің платформасы болғандықтан, қазақстандық сатушылар баға жағынан Alibaba-ның қытайлық сатушыларымен бәсекелесе алмайды.

Ескеретін бір жайт, бұған дейін елімізде өндіріс саласын дамытуға Қазақстанда халық санының, яғни тұтынушының аздығы кедергі ретінде көрсетілген.

Енді Американың ең ірі компанияларының бірі Amazon Қазақстанды қабылдағалы әлем елдеріндегі 300 миллионнан аса тұтынушыға қазақ сатушыларының қолын ұзартып тұр.

Иә, Amazon Қазақстанға жетті. Ал енді әлем тұтынушыдарына сататын өнімдеріңіз дайын ба?

 

Соңғы жазбалар

Джулия мен Салтанат

0
Өткен аптада екі бейкүнә қызды бірін - Астанада, екіншісін - Венеция маңында өздері сенген, арқа сүйеген жақындары асқан жауыздықпен өлтірген. Екі оқиға да екі...

Қытай мен Орталық Азия елдері мемлекеттік басқару академиялары Желісі құрылды

0
Бейжіңде «Өркениеттер қарым-қатынасы және жаһандық даму» форумы өтті. Форум аясында Қытай мен Орталық Азия елдері мемлекеттік басқару академиялары арасындағы ынтымақтастық Желісі құрылды. Оны құру...

«Өр-Кен» кітабы Ұлттық академиялық кітапхана қорына енді

0
АСТАНА. KazUnite - Қоғам қайраткері, «Даңқ» орденінің иегері Бейсембек Нақышбековтің жақында ғана жарыққа шыққан «Өр-Кен» атты кітабы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорына енді. Елордадағы...

Алихан Байменов: Тәуелсіздік тірегі – азаматтық жауапкершілік

0
Бүгін еліміздегі ұлттық мереке - Республика күніне орай қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов тәуелсіздікпен келген үш құндылық жайлы...

Виртуоз журналист. Гүлраушан.

0
Кез-келген мамандықта кәсіби мамандар мен шеберлер болады. Біріншісі - ережеге бағына отырып өз ісін орындайтындар, соңғысы – сол ережені өздері жасайтындар. Шеберлер - өз...