ИнновацияМемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

 

Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты тиімді, ашық әрі қолжетімді ету мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мәселелерін талқылады. Семинардың ашылуында Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов мемлекеттік саясатты түсіндіруде баспасөз қызметтерінің шешуші рөлін атап өтіп, баспасөз хатшыларының ЖИ сияқты заманауи цифрлық құралдарды меңгеруінің қажеттілігіне тоқталды.

Семинар барысында қатысушылар мәтіндер мен бейнематериалдар құрастыру, қоғамдық пікірді талдау және күнделікті жұмысты автоматтандыру бойынша ЖИ қолданудағы практикалық дағдыларын шыңдады. Грузиялық сарапшылар Ани Сирбиладзе мен Иракли Гвинианидзе баспасөз қызметтеріне жедел баспасөз хабарламарын әзірлеуге, әлеуметтік желілер үшін мазмұнды бейнероликтер мен көрнекі контент жасауға мүмкіндік беретін қарапайым әрі тиімді құралдарды таныстырды.

Қатысушылар семинарда алған білімдері мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы коммуникацияны барынша түсінікті, ашық және қолжетімді етуге көмектесетіндігін айтты.

Семинар барысында қатысушылар халықаралық кейстермен және ЖИ негізіндегі басты платформалармен танысты. Сондай-ақ, ЖИ технологияларын қолданудағы этикалық және құқықтық мәселелерге, мемлекеттік ақпарат қауіпсіздігіне де назар аударылды.

Семинар тек білім беру ғана емес, сонымен қатар орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі өкілдері арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға ықпал ететін алаңға айналды.

Жиын нәтижесі бойынша мемлекеттік коммуникация саласында ЖИ қолдануға қатысты халықаралық трендтер мен практикалық ұсыныстар қамтылған цифрлық нұсқаулық жасалып, қатысушыларға ұсынылады.

Семинар Астана мемлекеттік қызмет хабы бастамасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...