ИнновацияИлон Маск Twitter-ге қазақ тілін енгізе ме?

Илон Маск Twitter-ге қазақ тілін енгізе ме?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Әзірге 23 сәуір Әлемдік Жер күні қазіргі климат дағдарысы жайлы жалған ақпарат беретін, климаттың өзгеруі проблемасын жоққа шығаратын жарнамаларға тыйым салынғаны мәлім болды.

Бұл бағытта жарнамаларға ғана емес, климаттың өзгеруін жоққа шығаратын, экологиялық проблеманы мойындамай, оның асқынуына жол ашатын ғалымдардың еңбектері де жарияланбайды.

Әлеуметтік платформаның иесі атанысымен Илон Маск желі қолданушыларының ұсыныстары мен сынын қабылдайтынын жазды.

Қазіргі уақытта Twitter-ді қолданушы қазақтар, яғни қазақ тілінің жанашырлары Илан Масктен Twitter платформасына қазақ тілін енгізуді сұрап пост жариялады. Олар өтініштерін #kazakhlanguageintwitter хэштегімен “платформаға қазақ тілін қосыңызшы” деп жолдады.

Әлемдік инновация мен технологияның көш басында келе жатқан Twitter иесі «тілім жоғалмаса» деген қазақ жастарының үніне құлақ аса ма? Twitter-ге қазақ тілін енгізе ме? Ол жағы алдағы уақыттың еншісінде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Илон Масктың Твиттерді сатып алуға ұсыныс жасағанын және достарының үйін паналап жүргенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...