ИнновацияНью-Йорк күн энергиясын пайдалануға көшеді

Нью-Йорк күн энергиясын пайдалануға көшеді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Нью-Йоркте қабылданған жаңа заң таза энергия қорын (CEF), яғни үй иелеріне күн панельдері мен батареяларды орнату үшін жаңартылатын энергия көздерін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарламалар, әсіресе Нью-Йорктегі күн бағдарламалары, үй иелерін күн энергиясы жобаларының құнын 0 долларға дейін төмендету арқылы таза энергияны пайдалануға үндейді. Осы уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау үшін және ақша үнемдеу үшін өте тиімді болса да, күн панельдері қолжетімді болмаған.

Биыл азаматтарды таза күн энергиясына қолдануға тарту үшін федералды және штаттық үкіметтер белгілі бір пошта индекстерінде тұратын үй иелерін күн энергиясына көшуге белсенді түрде ынталандыруды бастады. Кей штаттарда тіпті  жаңа күн панельдерін орнатуға 1000 долларға дейін жеңілдіктер беріліп, күн панельдерін орнату шығыны мен 100 пайызын өтеп беретін жеңілдіктер енгізілді.

Үй иелері пошта индексін қолдана отырып, өзі тұратын аймақта күн панеліне көшуге  қандай жеңілдіктер ұсынылатынын біле алады.

Ал күн панелін орнатқаннан кейін көп тұрғын жыл сайынғы электр энергиясының төлемдерін едәуір азайта алады. Мамандар электр энергиясына кететін шығынын 50 пайызға дейін үнемделеді деп отыр. Себебі күн энергиясы арзан.

Сонымен биыл Нью-Йорк тұрғындарды күн энергиясын тұтынуға тартатын бағдарламасын іске қосты.

Қала әкімшілігінің мамандары күн панельдері бүгінде 10 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда арзан екенін алға тартып отыр. Оған жаңа бағдарламаға қатысуға құқығы бар азаматтардың енді күн панельдерін тегін ала алатыны тағы бар. Осының бәрін ескере келе, таяу жылдары Нью-Йоркте миллиондаған үй иелері табиғатқа зиянсыз күн энергиясына ауысады деп күтілуде.

 

Соңғы жазбалар

Джулия мен Салтанат

0
Өткен аптада екі бейкүнә қызды бірін - Астанада, екіншісін - Венеция маңында өздері сенген, арқа сүйеген жақындары асқан жауыздықпен өлтірген. Екі оқиға да екі...

Қытай мен Орталық Азия елдері мемлекеттік басқару академиялары Желісі құрылды

0
Бейжіңде «Өркениеттер қарым-қатынасы және жаһандық даму» форумы өтті. Форум аясында Қытай мен Орталық Азия елдері мемлекеттік басқару академиялары арасындағы ынтымақтастық Желісі құрылды. Оны құру...

«Өр-Кен» кітабы Ұлттық академиялық кітапхана қорына енді

0
АСТАНА. KazUnite - Қоғам қайраткері, «Даңқ» орденінің иегері Бейсембек Нақышбековтің жақында ғана жарыққа шыққан «Өр-Кен» атты кітабы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорына енді. Елордадағы...

Алихан Байменов: Тәуелсіздік тірегі – азаматтық жауапкершілік

0
Бүгін еліміздегі ұлттық мереке - Республика күніне орай қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов тәуелсіздікпен келген үш құндылық жайлы...

Виртуоз журналист. Гүлраушан.

0
Кез-келген мамандықта кәсіби мамандар мен шеберлер болады. Біріншісі - ережеге бағына отырып өз ісін орындайтындар, соңғысы – сол ережені өздері жасайтындар. Шеберлер - өз...