Инновация«Интернет апокалипсисі»: NASA интернетсіз өмірге дайын болу керектігін ескертеді

«Интернет апокалипсисі»: NASA интернетсіз өмірге дайын болу керектігін ескертеді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Жердегі адамдар бірнеше ай бойы интернетсіз қалуы мүмкін. Өйткені күн дауылынан интернет апокалипсисінің жаңа мүмкіндігі пайда болды. Бұл туралы economictimes.indiatimes.com порталы жариялады.

Жақында бірінші рет NASA-ның Parker Solar Probe (PSP) зонды зарядталған бөлшектердің жердегі интернет сигналдарына кедергі келтірмеуінің алдын алу мақсатында ғарыштағы күн желдері арқылы саяхаттаудың инновациялық миссиясын аяқтады.

Мұндай алғашқы зерттеу 2021 жылы жүргізілген. Ғалымдар планетада «интернет апокалипсисіне» әкелуі мүмкін күн дауылының болуы мүмкін екендігі туралы бұған дейін де дабыл қаққан. Олар сондай-ақ осындай оқиғалардың бірі келесі онжылдықта болуы мүмкін екенін ескерткен. Олардың дерегінше, интернет-провайдерлердің жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылымға кедергі келтіреді. Бес жыл бұрын PSP іске қосылған. Оның траекториясы күн желі басталатын күн бетіне жақын болған.

Күн дауылдары – бұл күннің жанында пайда болатын желдің әсерінен жерде сезілетін атмосфералық әсер. Дауылдар күн алауы мен корональды масса шығарындыларынан туындайды. Олар жерге қарай электромагниттік өріс ағынын шығарады. Басқаша айтқанда, ол «тәж» деп аталатын күннің ең сыртқы атмосферасынан шығатын зарядталған бөлшектер ағынынан тұрады.

NASA күн белсенділігі 11 жылдық циклге сәйкес келетінін және шыңына жететінін анықтаған.

Бірақ бұл күн дауылдары спутниктік сигналдарға, радиобайланысқа, интернетке және тіпті электр желілеріне кедергі келтіретін геометриялық дауылдарды тудыруы мүмкін. 2011 жылы күшті күн дауылы Қытайдың оңтүстік аймақтарында радиобайланысты бұзған. 1859 жылы Аврора бүкіл әлемде күн дауылының салдарынан байқалып, бұл құбылыс «Каррингтон оқиғасы» деп аталған деседі.

Қазіргі уақытта егер осындай қуаттылықтағы күн дауылы орын алса, жағдай «интернет апокалипсисіне» әкелуі мүмкін. Бұл бүкіл әлем бойынша электр қуатын өшіріп, бүкіл әлем бойынша байланысқа айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен қатар азық-түлік, су, дәрі-дәрмек сияқты басқа да бірқатар қажетті тауарлар тасымалын қиындатуы мүмкін екенін айтады сарапшылар.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...