ИнновацияСелжүк Байрактар: Технофестті қазақ елінде де ұйымдастыруға болады

Селжүк Байрактар: Технофестті қазақ елінде де ұйымдастыруға болады

 

ЫСТАМБҰЛ. KazUnite – Түркияның Ыстамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі өтіп жатыр.

Биыл айтулы шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың технологияға деген қызығушылығын арттыру әрі Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Шараға қатысушы әрі оны ұйымдастырушылардың бірі – Түрік әскери әуе техникаларын өндіруші Селжүк Байрактар Тенхофесттің көкжиегі жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын айтады.

«Технофест – Тәуелсіз Түрік елінің жобасы. Фестивальдің болашағы бар. Биыл біз алтыншы рет ұйымдастырып жатырмыз. Өткен жылы Әзірбайжанда өткізген болатынбыз. Ал келешекте бауырлас елдерде ұйымдастыратын боламыз». «Қызыл алма» деп аталатын әскери әуе аппаратымыздан кейін ұшатын көлік және ғарыш аппараттарына ден қоюымыз мүмкін. Бұл қазіргі заман талабы», – деді Baykar Makina компаниясының техникалық директоры Селжүк Байрактар.

Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған бірлігі көпшілікке таныстырылды. Әсіресе аңызға айналған «Байрактар» ұшқышсыз әскери әуе аппаратына көптің қызығушылығы жоғары. Ал оны құрастырушы Селжүк Байрактар болашақта қазақ елінде де мұндай фестивальдің өтуі мүмкін.

«Біздің фестиваль мамырдың басына дейін жалғасады. Бауырлас Қазақ елін осы жерден көргім келеді. Біз – түбі бір елдерміз. Ал келешекте екі елдің жарқын болашағы үшін Технофесті бірігіп, сіздің елде де ұйымдастыруға болады», – Селжүк Байрактар.

Ірі авиациялық шоуға, әсіресе, студенттер мен мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Сондықтан олар осы күндерді жыл бойы күтетінін айтады.

Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.

Ғани Өтепбайұлы,

Ыстамбұл қаласы

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...