АқпаратАмерикада "Біріккен Алаш" Қоры құрылды

Америкада «Біріккен Алаш» Қоры құрылды

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Сүйінші, қадірлі оқырман! АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақ тілі мен мәдениетіне қызмет етуді көздеген «Біріккен Алаш» (ағылшынша атауы United Alash) қоры құрылды.

Қордың құрушысы ҚХР-ға қарасты Алтайда туып, бірнеше елде білім алған, казір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Coldwell Banker American Homes компаниясында жұмыс істейтін қандасымыз Ұланбатыр Бақытханұлының айтуынша, күллі Алаш мүддесін көксеген ұйым таяуда заңды түрде тіркелген. Алайда АҚШ заңдарында талап еткен барлық шарттар бойынша сертификатын алып, қызметін бүгін бастады.

Мекеме Нью-Йорк штатының Лоң Айланд округіне қарасты Nassau ауданында тіркелген. Дегенмен заңды өкілеттігі бойынша АҚШ көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жұмыс істей алады.

Бекітілген ережелері мен жарғысына сәйкес, қор қайырымдылық және марапат жұмыстарымен айналыса алады.

“Біз 2019 жылы 11 желтоқсанда Нью-Йорк университетінде өткен АҚШ-тағы Алаш жастарының құрылтайында жасаған топтық зияткерлік атты баяндамада Америкадан Алашты біріктіретін United Alash деген қор құру жайын арнаулы атаған едік. «Қай қиырда жүрсе де, жүрегі қазақ елі деп соққан азаматтардың басын қосып, бірге жұмыс істесек, Қазақстанымызға арқау болсақ» деген ой еді. Әрине, бастысы кешегі Алаш арыстарының ізін жалғау, ел бақытына қызмет ету болатын. Аллаға шүкір, сол мақсатымызға қадам басып отырмыз”, – деді Ұланбатыр Бақытханұлы.

Бүгін ғана қызметін бастаған қордың құрылтайшылары – Нәзира Байырбек, Сержан Болат және Ұланбатыр
Бақытханұлы.

Алып Америкада іргесін қалап, АҚШ заңдары шеңберінде қазақтың ұлы мұратына қызмет етуді көздеген ұйым дүние жүзіндегі барлық белсенді азаматтармен, белсенді мекемелермен бірлесіп, қазақ тілі мен дәстүрінің, қазақ мәдениеті мен өркениетінің дамуына үлес қоспақ.

Қордың ұстанымы Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының Алаш баласына қалдырған асыл сөздері:

«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек, бай болуға – кәсіп керек, күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”

Ағылшынша мәтіні:

In order not to lag behind others, we need to be intelligent, rich and strong. For being intelligent, we need education. For being rich, we need careers. For being strong, we need unity. So we need to work for achieving these goals.

Америкада құрылған «Біріккен Алаш» (United Alash) ұйымына ақ жол тілейміз!

 

© Фото 2019 жылы түсірілген /11 желтоқсан, Алаш жастарының құрылтайы, Нью-Йорк/

 

Соңғы жазбалар

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...

«Қазақстандықтарды байытқым келеді»: Америкада косметикалық брендін қалыптастырған қазақтың миллионер қызы

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - АҚШ-қа Эйнштейн визасы арқылы келген тұңғыш қазақтың кім екенін білесіз бе? Ол – People Awards нұсқасы бойынша халықаралық бизнес-сарапшы, Халықаралық ғылыми...

Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығуға мәжбүр болуы мүмкін – саясаттану профессоры

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Саясаттану профессоры Полин Джонс жақында CDDRL және TEC бірлесіп ұйымдастырған Reds семинарында сөйлеген сөзінде Украинадағы Ресейдің жаңарған агрессиясы Мәскеудің Еуразиялық көршілерімен...

Қытай мен Астана хабы мемлекеттік басқару бойынша жаңа жобалар талқылауда

0
Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов пен Қытай ұлттық мемлекеттік басқару академиясы атқарушы Вице-президенті Си Чунтао екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге ҚХР-ның...

«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Қазақстанның Әнұраны шырқалды

0
Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында  «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында қазақстандық дизайнердің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті,...