Өмір салтыНұржан Махамбет: Америкадағы қазақ қоғамдастығы енді аяққа тұрып келеді

Нұржан Махамбет: Америкадағы қазақ қоғамдастығы енді аяққа тұрып келеді

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Family Freight Express компаниясының жетекшісі Нұржан Махамбет АҚШ-та енді ғана ашылып отырған тұңғыш қазақ басылымы KazUnite жобасына бата-тілегін айтып, жылы лебізін білдірді.

– Әлем астанасы саналатын Нью-Йоркте көп елдің ұлттық асханасы, мәдени орталықтары, тіпті ұлттық басылымдарына дейін бар. Мұнда орыс, қытай, араб, иврит, тіпті өзбек тілінде де газет-журнал, онлайн басылымдар тарайды. Неге солардың арасында осы уақытқа дейін қазақ тілді ақпарат құралы болмады? 

– Америка адамды нәсіліне, дініне, шыққан жеріне қарамай, құшағына басқан ел ғой. Бірақ мұнда әркім әртүрлі тарихпен келді. Сіз атап отырған халықтың көбі бұл осы елге 40 жыл бұрын келіп, қоныстана бастады. Сондықтан олардың қоғамдастықтары әбден орныққан, көп азаматтары аяққа тұрып, өз кәсібін ашқан, жақсы жетістіктерге жеткен. Ал қазақ Америка мен Еуропа сияқты елдерге бертінде ғана шыға бастады. Онда да бұл елдерге алдымен келген қазақтардың көбі – кезінде Шыңжаңнан Түркияға өтіп, сол жақтан көшіп келгендер. Бірақ олардың саны аз болды. Бұл елдерде, әсіресе Америкада бертінде ғана қазақ көбейе бастады.

– Сонда Америкадағы қазақтар әлі бір қоғамдастық ретінде қалыптаспаған дейсіз бе?

– Алдымен көп қазақтың Америкаға келуіне не себеп болып жатыр, соны айту керек шығар. Көбі елдегі экономикалық-саяси жағдайлардан кейін оянып, айналаға қарап, өзі қалағандай өмір сүрудің жолын іздеді. Ашығын айтқанда, көп қазақ мұнда табысқа жетіп, тұрмысын жақсарту үшін келген. Олардың басым көпшілігі келгеніне қанша жыл өтсе де, қара жұмыс істеп жүр. Мысалы, мен ұлыммен бірігіп жүк көлігі (Truck) компаниясын құрдым. Америкада жүк көлігін жүргізетін қазақ жігіттерінің ортақ чаты бар. Сонда, мысалы 450-ге таяу қазақ бар екен. Бұл басқа жұмыстармен салыстырғанда табысы жақсы жұмыс, бірақ мұнда істегендер үй бетін көрмей, штаттан штатқа жүк тасып жүреді. Күнімен жүреді. Олардың жұмысын істеп, табыс табудан басқаны ойлауға шамасы жоқ.  Бұлар – толық рұқсат алып, заңды жұмыс істейтіндер. Ал жұмысқа рұқсаты жоқ, бірақ жыбырлап жан бағып жүргендердің жағдайы тіпті қиын шығар. Мен Америкадағы қазақ қоғамдастықтары әлі толық аяққа тұрмаған деп отырғаным сондықтан. Олардың бүгінге дейін өз орталығын ашу, бірігу, ақпарат құралын жасау, қазақ мектебін ашу сияқты мәселелерге мойын бұра алмай келе жатқаны осыдан.

– Біз Америкадағы алғашқы қазақ ақпарат құралын ашып жатырмыз. Бұл – Еуропа, Түркия және Қазақстанда өкілдері бар халықаралық онлайн газет. Нью-Йорктің қазақ қауымдастығындағы аға буынның өкілі ретінде KazUnite-қа батаңызды берсеңіз?

– Америкадан қазақша онлайн газет жасалып жатқанына өте қуаныштымын. Қазірге дейін қазаққа жетпей жатқан талай құнды ақпараттар бар. Сондықтан тәуелсіз, халықаралық ақпарат құралы ретінде елге пайдалы дүниелер жазып, жақсылықтарға себепші болады деп сенемін! Әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, бар қазақ аман, ырысты, ынтымақты болсын!

– Әңгімеңізге рақмет! 

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...