Өмір салтыМинимализм. Біз қалай қоқыс жинаушыға айналамыз?

Минимализм. Біз қалай қоқыс жинаушыға айналамыз?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Минималистік өмір сүру дағдысы туралы әу демекке қолға қалам алдық. Дін атаулы, данышпандарымыздың нақыл сөздері мен жақсы өмірге үндейтін кітаптардың барлығы минималистік дағдыны қуаттайды. Минимализм дегеніміз біреулер түсінетіндей, Құдайдың адамзатқа берген ырзығын жеткіліксіз мөлшерде қолдану деген сөз емес. Мүлдем олай емес. Минимализм – өмірдің барлық әдемілігін тамашалау, ал артығын шашып-төкпеу. Өзіңе керегін нақты пайдалану.

«Плюшкин синдромы»  

“Плюшкин синдромы” деген ауру бар психологияда. Кәдімгідей ауру. Гогольдің “Өлі жандар” романынан алынған. Сондағы көп кейіпкердің бірі. Толық тегі Степан Плюшкин. Затында басты кейіпкер болмаса, қосалқы кейіпкерлер есте сақтала бермейді ғой. Мынаны ерекшелендіріп тұрғаны көзіне ілінген затты жинай беретін дағдысы. Өз тұратын деревняны аралайды, көрші қыстақтарға барады, егіс даласы ма, көпірдің асты ма… не табады, соның бәрін ауласына әкеліп үйеді. Құдай-ау, оның “қазынасының” ішінде не жоқ дейсіз, сынған гүл салатын көзе, тесілген таба, соқаның түсіп қалған тісі сынды қолдануға келмейтін заттар мол. Гогольдің зерттеушілері бұл кейіпкердің болмысын өз саласына сай түсіндіреді. Бірақ ауызекі түрде “Плюшкин” есімі ұсақ-түйек пен қажетсіз затты жинай беретін, минимализмге қарама-қарсы өмір сүретін жандардың жалпы атауына айналды.

Қысқартып айтсақ, “Плюшкин синдромы” дегеніміз – қоқыс жинауды жақсы көретін сырқат. Психологиялық бұзылыс. Бұл бірнеше тармақ бойынша байқалады.

Шопаголизм: маусымдық арзан бағамен сатылым жүргенде дүкенді көтеріп кету;

Артық затты тастаудан қорқу: әжесінен қалған шапан, атасынан қалған сағаттың бауын сақтау, біреуге беруге қимау, тастауға обалсыну;

Болашаққа дайындалу мен шектен шыққан сақтық: винтаж қайтадан сәнге енсе киемін деп студенттік жылдардан қалған гүлді көйлекті тастамау, аяқ киім алатын қаржы болмаса, ескі топылайымды боятып киемін деу, әскерде жүрген тұңғыштың он бес жасында тепкен белесебетін бес жасар кенже ұлға сақтау;

Пысықсыну: ескі киімдермен шаң сүртемін, бөтелкелерден парник соғамын, шеті кертілген тәрелкеден мысыққа тостаған жасаймын…

Таныс ойлар ма? Қысқасы, Плюшкин пақырға қарап, күлетін жағдай жоқ көбімізде. Себебі Плюшкинге күлу дегеніміз – өзі бейнемізге қарап күлу боп шықпай ма?

Бос қалбырлар, жарамдылық мерзімі өткен косметика, көнерген ыдыс, бүктеулі жатқан тозған перделер, гараждағы ескі тоңазытқыш пен антенасы бар жәшік теледидар… не қып тұр? Сіздің үйіңіз мұражай емес қой. Сақ болайық, осындай заттар үйге де жинақталып, миды да шаршатып, ақырында манияға айналады. Өмір сүру кеңістігін қоқысқа толтырған адамның ойы да толады.

Минималистік пәлсапада мыңдық пайызбен дәлелденген бір нәрсе: бір-екі жыл бойы қолданылмаған зат алдағы уақытта ешқашан қажет болмайды. Минималистердің ұстанымы тек қана ескіні тастау емес, сол ескі-құсқының босаған орынына жаңа нәрсенің келуіне мүмкіндік жасау. Жалпы, өмірдің заңдылығы сол, бос орын, кеңістік болғанда жаңа нәрсе келеді. Ескіге жармасып, айрылмау арқылы, жаңа несібенің жолын жаппау керек.

Минимализм дегеніміз тек қажетсіз заттардан құтылу, өмір сүретін кеңістігіңді реттеу емес. Бұл – адамның өзі үшін кері дағдыларынан, өміріндегі үрдістен құтылу үдерісі де. Яғни адам өмірінің бостандығы, еркіндігі. Минимализм бізді осыған, яғни, санамызға, өмірімізге қажетсіз ақпаратты өткізбеуге көмектеседі. Минимализм дегеніміз – тыныштық, жанның саялы жақта өмір сүруі.

Хан ЛИРА 

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...