Өмір салтыМейірім мен жылылық: «Ciao, Giovanni!»

Мейірім мен жылылық: «Ciao, Giovanni!»

 

ИТАЛИЯ. KazUnite – Осы жолы қыркүйекте Искьяға «салым суға кетіп» барғанмын. Жолдан әдбен шаршадым. Әуежайда телефоным мен банктің картасы жоғалған. Неапольда шаққан жерлері ісіп кететін ерекше қанқұмар қара масаларға таландым. Оған қоса пәтер иесі мысық асырапты, ол да аяғымды аямай тырнаған. Ол аздай, неапольдық құрбыммен ренжісіп, қолды бір сілтеп, осы аралдан бірақ шыққанмын.

Күнге тотыққан көңілді италиялықтар арасында ақ ноқат тәріздімін. Таңғы ас мәзірін селсоқ қараймын: үш нұсқаның біреуі ғана беріледі. Қасыма ұшып келген даяшыға біріншісін көрсетіп, екіншісі де ұнайтынын айттым. Кенеттен ол:

«Сізге бәрі болады! Үшіншісін де алыңызшы, онда мынандай тәттілер бар», – деді маңдайына сызат түссе де, көздері балаша аңтарыла қарайтын орта жастағы италиялық.

Әрине, ақы төленбейді. Еріксіз езу тарттым. «Грацие, Джованни!»

Сосын даладағы бассейнде шомыламын. Суға жүзе алмайтынымды байқаған бір италиялық жүгіріп барып, балондар тауып, әкеліп береді. Енді бірі көлеңкеде жатуым үшін «зонтымды» ыңғайлап, жөндеп беруге рұқсат сұрайды. Бөлмені тазалайтын украин әйел күнде 5-6 жаңа орамал тастап кетеді.

«Қалаған кезде құрғағын ал да, пайдалан, ақшаңды үнемде, төлеме», – деп үйретеді эмигрант әйел.

Өйткені мұнда орамал жаңартқан сайын ақша алады. Неапольмен байланыс керек кезде тағы бір бейтаныс жігіт ойланбай телефонын ұсынды. Жолда адассам, 4-5 италиялық қасыма жинала қалып, баратын жеріме жетудің 5 нұсқасын баяндай жөнеледі. Олар шулап тұрғанда, өз жөніммен кетемін. Менің атымды да білмейтін арал тұрғындарының қамқорлығы мені сағат сайын сауықтыра бастады.

Бірнеше күнде денемдегі жаралар қоңырқай тартып, барлық реніштер будай тарқады. Енді мен де италиялықтар тәрізді таңертең мейрамханаға «Чао, Джованни!» деп ыржиып келетін болдым. Даяшы (даяшыларға нұсқау беретінен қарағанда, бәлкім, мейрамхана әкімшісі) да мәз, сұрамай-ақ үш нұсқаның ең дәмділерін, залда билеп жүріп, әкеледі. Айналамда өмірге дән риза адамдар. Осыдан кейін «Искья аралында, қалып қалсам ба?» деп те ойлап қалдым. Тіпті үй бағаларын да сұрастырдым.

Әйтсе де, бес күннен кейін отельде броньдаған күндерім таусылып, басқа күнге орын болмай (бәлкім, ақшам таусылды), Неапольға оралдым. Кетіп бара жатып, Джованниге: «Сіз күн сияқтысыз», – дедім қалжыңдап. Ол қысылып, көздері жыпылық қақты.

Жолда келе жатып: «Адамның бақытты болуы үшін аз ғана нәрсе керек екен ғой» деп ойладым. Мейірім мен жылылық.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...