Өмір салтыСеньора. Неаполитандық әйелдің портреті

Сеньора. Неаполитандық әйелдің портреті

 

ИТАЛИЯ. KazUnite – Мен тұрған пәтердің иесі сеньора 85 жаста. Оның көгілдір көздері тап-таза, үнемі жанып тұрады. Таңғы асы – кофе мен шоколад. Күнделікті тамағы – паста.

Сәнді әрі сапалы киінеді. Шашын артқа сілкіп тастап, ұзын саусақтарымен сигаретасын ұстап, әңгіме айтады. Ешқашан денсаулығына немесе үкіметке шағымданбайды. Әзіл-қалжыңды жақсы көреді.

Еркін. Ешкімге ұнауға тырыспайды. Пысқырмайды. Өйткені ол – neapolitan (неапольдық). Элизабет Гилберттің «Eat. Pray. Love» романы кино версиясында Джулия Робертс ойнайтын кейіпкер Неапольға келгенде оған балконнан қолыншығарған тентек қыз не айтқаны есіңізде ме? «Мен 7 жаста ғанамын. Бірақ, тәте,сіздің толық ақымақ екеніңізді білемін. Өйткені, мен – неапольдықпын!» – деген.

Сеньора күнде маған италиянша үйретеді: «uno, due, tre…». Оны көрген көршілер: «Сіз италиянша емес, неапольша сөйлеп кетерсіз», – деп күледі. ЮНЕСКО 2013 жылы неаполь тілін диалект емес, көне тіл ретінде мойындаған. Сеньораның айтуынша, «жергілікті тілді үйренсем, бағым жанады. Өйткені мен италияндық әйелдерге ұқсамаймын – жұмсақ әрі сабырлы» екенмін.Анда-санда менде деистерика болатынын қайдан білсін?!

Ол ағылшынша, мен италиянша түсінбеймін. СосынGoogleарқылы аударып, сөйлесуге тура келеді. Бір жолы одан: «Сізге жас кезіңізде талай жігіт ғашық болған шығар»,-деп едім, тоқтамай ұзақ сөйледі. Тек жалғыз түсінген сөзім – “amico” (дос) болды. Сеньора: «Италияда әйелдер ерлерді құрметтейді»,-дейді. «Ал сіздің отбасыңызда соңғы сөзді кім айтады?» – дегенде «Мен»,-деп қысқа қайырды.

Неаполдық әйелдер Везувий жанартауын еске салады. Кемерінен асып-тасып жатқан эмоция. Егер ерісен жаққа қарап қалса, сол сәт оны нұқып қалудан тайынбайды. Егер ұнатса,оны да жасырмайды. Жақсы сөзге жомарт. Неапольда ерлерден ғана емес, әйелдер де «bella!» (әдемі) деген сөзді жиі айтады. «Мен италиялық емеспін, неапольдықпын», – деген Софи Лорен. Неапольдағы әрбір әйелден оның бейнесін көремін.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

0
Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы...

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді. Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің...

АҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS UNESCO) мәліметінше, университеттер студенттерді тарту үшін жаһандық деңгейде бәсекелес болғандықтан, әлемде жоғары білімге деген сұраныс артып келеді....

Досқа да, дұшпанға да үлгі болған Имам Хомейни

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің Сейіт Рухолла Хомейни хақындағы мақаласын оқырман назарына...

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

0
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік...