Өмір салтыҚазақтар мен италиялықтар: 5 ұқсастық пен 5 айырмашылық

Қазақтар мен италиялықтар: 5 ұқсастық пен 5 айырмашылық

 

ИТАЛИЯ. KazUnite – Тілі, діні, дәстүрі, тарихы мен менталитеті бөлек екі елге ортақ дәстүрлер де бар екен. Оған Италияның оңтүстік өңірін аралаған кезде көз жеткіздік.

1. Жылқы еті (carne di cavallo in pignatta) мен бауырсақ (Pettole, pittule). Леччеде бұқтырылып пысырлған жылқы етін жедік. Италиялық «бауырсақтар» дастарханға жиі қойылады, ұсақтап туралған, шоколад құйылған тәтті түрі де бар.

2. Қойдың басынан бөлек тағам – pignata di pecora жасайды.

3.Қонақтан қайтқанда әтүрлі тәттіден «сарқыт» береді. Үйлену тойда қонақтарға сыйлық жасайды.Тойбастар италиялықтарда – bomboniere. Олар шағын шкатулка, бөлмеге қоятын декорациялық бұйым, ас үйге арналған шағын зат сыйлауы мүмкін. Сыйлық міндетті түрде әшекейленіп, оралады. Кәмпит қосылады. Бұл – Рим империясынан келе жатқан бағзы дәстүр. Екі халықта – қонақжай.

4. Қонақ келгенде дастарханына барын қояды. Оңтүстік Италияда кейде 4-5 ыстық тамақ берілуі мүмкін. Бұл жағынан Шымкентті еске салады.

5. Әке-шешеге құрмет, әсіресе ананың – «mamma mia» орны бөлек. Атақты Ф.Копполаның «Крестный отец» фильмінде балаларына әке бола алмаған, өз отбасын ұмытқан адам ер жігіт саналмайтынын айтады. Ер адамдар 30-40 жасқа дейін аналарымен бірге тұру да – қалыпты жайт.

Италиялықтармен араласа жүріп, кейде біздің менталитетке сәйкес келмейтін жағдайларға да куә болдым. 

1. Ең алдымен видеода көргендеріңіздей, италиялықтар қатты және көп сөйлейді. Туристер емес, өздері  көбірек баратын мейрамхана, дәмхаалар – араның ұясындай. Қазір пандемия кезінде саябырсыған. Қасымдағы әріптесіме: «Сіздер сондай қатты шулайсыздар», – десем, ол маған: «Сіз сыбырлап сөйлейсіз», – дейді. Италияда жүргенде мен сөйлегенде сөзімді естімей, қайта сұраған жағдайлар көп кездесті. Олар әңгілемескенді жақсы көреді. Кез келген жерде шүйіркелесе кетеді.

2. Эмоцияларын жасырмайды. Осыдан 10 жыл бұрын Прагада пәтерде тұрған кезде көршілерім италиялық ерлі-зайыптылар болды. Кейде бір нәрсеге келіспей қалады. Сонда бір-бірімен ұрысқанда жиі айтатын сөздері: «Amore mio!» («Махаббатым менің!»)

3. Жалпы, «мен сені жақсы көремін» дегеннің екі варианты бар: біріншісі ғашықтар бір-біріне айтатын «ti amo», екіншісі достар, туыстары, жақындары бір-біріне айтатын «ti voglio bene». Дастархан басында достардың бір-біріне «ti voglio bene»  деп еміреніп отырғандарын жиі көрдім. Айтпақшы, бір қызығы туыстары, достарына қимайтын «ti amo»-ны олар машинасына, футбол командасына, еліне қаратып, айтуы мүмкін. Өйткені онда буырқанған сезім жатыр.

4. Көшеде қол ұстасқан, қоғамдық көлікте сүйіскен жұптарды көп көресің. Жас болуы міндетті емес. Тіпті бір отбасында қонақта болғанда бозбала әке-шешесі, әжесінің көзінше дастархан басында қызымен сүйісіп отырды. Бір қызығы, оларды жазғырмақ түгілі оларға мән берген адам жоқ. Өздерінен: «Бұл қалай?!» – деп сұрағанда: «Адам бір-бірін жақсы көрсе, неге ең жылы сезімін, махаббатын жасыруы керек?» – деп қарсы сұрақ қойды.

5. Бір көрген адамыңды қанша рет көрсең, сонша рет амандасуың керек. Мысалы, таңертең әріптесіңді көріп, оны түсте, кешке, он рет көрсең де, соншалықты сәлемдесіп, бетінен сүймесең де, жоқ дегенде «чао!» деу керек.Кетіп бара жатқанда да солай. Егер олай жасамсаң, дөрекілік саналады. Жақын адамдар беттерінен жиі алма-кезек сүйіп жатады. Бас кезінде індет«Италияда неге көп тарады?»дегенде, біреулер олардың қоғамдағы ашықтығымен, бір-біріне жақындығымен түсіндіріп жатты.

 

Соңғы жазбалар

Республикалық Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы басшылығында – өзгерістер

0
Республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясы президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Алихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен...

«Бізге рух береді»: АҚШ-тағы қазақтар Мұхтар Мағауиннің Америкада жерленуіне қатысты пікір білдірді

0
МЭРИЛЕНД. KazUnite - Қазақтың абыз ақсақалы, аса көрнекті қаламгері, қазақтың азат санасын қалыптастыру және дамыту үшін қызмет етіп, әдебиетті ағартушылық пен ұлттық идеологияға үйлестіре...

Нью-Йоркте Жанәбіл Сымағұлұлын еске алу жиыны өтті

0
Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш Қорының» ұйымдастыруымен Шыңжаң қазақтары арасынан шыққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жыл Шыңжаңда жоғары басшылық қызметте болған Жанәбіл Сымағұлұлын...

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 10 әлеуметтік нысан салынады – ҚР Қаржы министрлігі

0
АСТАНА. KazUnite - Заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 маусымында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға...

Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

0
БАКУ. KazUnite – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өтті. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі...