Өмір салты«ҚОРҚЫНЫШ ПЕН ҮРЕЙ КОРОЛІ» – 76 ЖАСТА

«ҚОРҚЫНЫШ ПЕН ҮРЕЙ КОРОЛІ» – 76 ЖАСТА

 

Әйгілі америкалық жазушы,  «қорқыныш королі» атанған Стивенг Кинг 1947 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген. Бүгінде 76 жасқа келген сөз өнерінің майталманын білмейтін оқырман кемде-кем.

Хоррор, триллер, фантастика, фэнтези, мистика, драма, детектив жанрларында қалам тербеген жазушы 70-тен аса кітап жазған. Әлемдегі ең танымал автордың қаламынан шыққан туындылар көптеген тілге аударылып,  350 миллионнан аса тиражбен сатылған.

Стивен Кинг – шын мәніндегі табысты жазушы. Оның өлшеусіз таланты мен ұшан-теңіз қиялынан шыққан туындылар бестселлерге айналуда. Ал өзі қаламақысы жоғары авторлардың көшін бастап тұр.

Кингтің бала кезіндегі сүйікті ісі түрлі жанрдағы кітаптар мен комикстерді оқу болыпты. Қорқынышты фильмдерді көруді ұнатқан екен.

Жеті жасында капитан Кейсидің басынан кешкендері туралы алғашқы әңгімесін жазған Кинг әдебиет әлеміне қадам басты. Он үш жасында Крис Челсимен бірге жазған «Адамдар, орындар және заттар»  атты әңгімелер жинағы жарық көреді.

Стивен Кинг өзінің көптеген шығармаларын «Ричард Бахман», «Джон Свифен» тәрізді бүркеншік атпен шығарған. Бұл әдебиет әлеміндегі атақ-абыройын арқаланбай, басқа атпен өзінің жазушылық жетістігін қайталауға деген әрекеті болатын. Одан бөлек автордың жылына бір ғана кітабын шығару туралы баспалардың талабын айналып өту әдісі еді.

«Күніне 4-6 сағат уақытты жазуға, кітап оқуға арнау керек. Егер бұған уақыт таба алмасаңыз, жақсы жазушы боламын деп ойламай-ақ қойыңыз» – дейді қарымды қаламгер.

Стивен Кинг еңбекқорлығының арқасында өзіне берілген талантын барынша ашып, әлі күнге дейін оқырманды таңдандырып келеді. 1982 жылы «Қара мұнара» циклінің алғашқы кітабы «Қарулы адам» атты 300 беттен асатын романды небәрі 10 күннің ішінде жазып шыққан болатын.

Бірде жазушыдан не үшін кітап жазатынын сұрағанда:

«Бұл менің ең сүйікті ісім. Бұдан өзге жақсы көріп істейтін ісім жоқ.  Мен әңгіме жазу маған ұнағандықтан жазамын. Шығармашылықтан, кітап жазудан өзге нәрсемен айналысуды көз алдыма елестете де алмаймын» – деп жауап берген.

Әлемге әйгілі жазушының туған күніне орай «Фолиант» баспасы «Өлі аймақ» атты романын қазақ тілінде шығарды.

«Өлі аймақ» романы – Стивен Кингтің шығармашылығындағы бесінші кітабы. Автор бұл туындысын ерекше бағалап, жазушылық мәнсабындағы ең алғашқы нағыз романым деп есептеген.

Мектеп мұғалімі Джон Смит 5 жыл бойы өмір мен өлім арасында жатқан терең ұйқыдан оянғанда көріпкелдік қасиетінің бар екен байқайды. Бойындағы қасиетін күрмеуі қиын қылмыстарды ашуға бағыттайды. Бәлкім, болашақта миллиондаған адамның өмірін жалмайтын ашкөз билікққұмар адамның саясатқа келуіне шектеу қойып, оны ертерек тоқтату керек шығар…

«Өлі аймақ» романы – жазушының саяси триллер жанрында жазылған үздік туындыларының бірі.

«Фолиант» баспасы бұған дейін де Стивен Кингтің «Сол», «Жасыл миль» атты романдарын және «Төрт маусым» атты хикаяттар жинағын («Рита Хейворт немесе Шоушенктен қашу», «Әзәзілдің шәкірті», «Мәйіт», «Тыныс алу әдісі») қазақ тілінде шығарған болатын.

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...