Өмір салты"Нью-Йоркте "бомждан" ақша сұрадым" – студент естелігі

«Нью-Йоркте «бомждан» ақша сұрадым» – студент естелігі

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite электронды поштаға келген Америкада оқитын қазақ студентінің бөтен әрі алып шаһардағы басынан өткен қызықты сәті туралы жазбасын оқырман назарына ұсынады.

Нью-Йоркте «бомждан» ақша сұрадым. Жай сұрамадым, жылап тұрып сұрадым.

Күн ұясына кіріп, кеш батып кеткен еді. Мен Манхэттаннан хостелге жаяу келе жатырмын. Шәкіртақы әлі түспегендіктен, картада ақша жоқ. Қолда кесек ақша қалған, метроға қажетті майда $2.75 болмағандықтан, жаяу барамын деп шештім. Бір жағынан кешкі Нью-Йоркті көріп, екіншіден, жаяу жүргенді ұнататыным бар. Сондықтан мен үшін бұл еш қиындық тудырмады. Бірақ… Бірақ хостелге көліксіз жету үшін көлді жүзіп өтуім керек екен. Жақсы жүзе алмаймын, сондықтан паромға отыруым керек. Ол үшін билет сатып алуым қажет. Онда билетті онлайн немесе арнайы машина арқылы сатып аласың. Оған $20-дан көп ақша салуға болмайды, $100 майдалап беретін кассир жоқ (дүкенде майдалау неге ойыма келмегені есімде жоқ). Күн батты. Дала қараңғы. Телефонның қуаты таусылып, сөніп қалған.

«Енді не істеймін?» деп қиналып тұрсам, «бомж» әйел ақша сұрап,  қасымнан қалмай қойды, қайда барсам, сонда барады. «Ақшам жоқ» дегенді де түсінбейді.

Ақшаны амал жоқ елден сұраймын деп шештім. Жанымда «бомж» әйел. Екеуіміз күшті тандем болып тұрмыз.

Екі жігіттен «$2.75 бересіз бе?» – деп сұрап едім, – «Кэш жоқ, ренжімеңіз», – деп кете барды.

Нью-Йоркте отбасы, достарымнан алыста жалғызсырап жүргенім бар, магистратура алдында қобалжу бар, әлі тұратын үй таппай хостелде жүргенім бар, енді сол хостелге де жете алмай, далада қалу қаупі қосылып, жылап жібердім. Шарасыздықтан «бомж» әйелге «2 доллар, 75 цент бар ма?» деп жылап тұрмын. Ол да саспайды, «Жоқ, менде ақша жоқ», – деп қояды.

Көзімнен жас парлап ағып жатыр, ақша сұраған екі жігіт жылап тұрғанымды байқап, қасыма жүгіріп келіп «Are you ok?” деп қалімді сұрап жатыр. Көз жасымды әрең тыйып, «Билетке ақшам жоқ» деп одан бетер жылап жібердім. Оны ести сала, жаңағы жігіттер картасымен билет сатып алып берді.

Ол билетті көзімнің қарашығындай сақтап, мұқият ұстап тұрмын. Түсіп қалмады ма деп қайта-қайта тексеріп қоям. «Арман болған» паром да келді. Пароммен жүзіп өтсем, 10 минуттық жерде хостелім орналасқан. Алайда осымен Әсемнің сол түндегі «шытырман оқиғасы» бітті деп ойласаңыз, қателесесіз.

Басқа жерге баратын паромға отырып алыппын. Анау-мынау жер емес Бронкс деген қауіпті ауданнан бір-ақ шықтым. Сағат түнгі 22.00. Паром енді таңғы 5-те ғана жүреді. Метроға жарты сағат жаяу жүріп бару керек екен. Қауіпті ауданда, жалғыз, түнде жүру. Бррррр.

Мен тағы жылай бастадым (негізі анау-мынауға жылай бермейтін адам едім). Менің жылағанымды көріп, адамдар жаныма қаумалап алған. «Не болды?» – деп сұрап жатыр. Жағдайды түсіндіріп едім бала-шағасымен жүрген ер адам бірінші метроға дейін, одан кейін хостеліме дейін жеткізіп салатынын айтты. Біраз алысқа кетіп қалыппын. Бір сағаттай жүріп бардық. Билет сатып алып берген жігітке де, хостелге дейін жеткізіп тастаған ерлі-зайыптыға да алығысым шексіз. Аллаға шүкір, сол күні жақсы адамдар кездесті. Бұл мен үшін өте жақсы сабақ болды. Қазір бәрін жоспарлап шығатын болдым.

 

Әсем Әлмұханбет, 

Нью-Йорк қаласы

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...