Өмір салтыҚазақша білмегеніме ұяламын – отандастар мұңы

Қазақша білмегеніме ұяламын – отандастар мұңы

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – «Сіздің артықшылығыңыз – қазақша үйренгіңіз келетін ниетіңізде». Психолог Динара Болат қазақ тілін білмейтініне ұялатын және қазақша үйренгісі келетін азаматтарды осылай жігерлендірді.

Соңғы кезде ана тілінде сөйлей алмайтын, бірақ соған қатты ұялатын азаматтар жиі бой көрсетіп жүр. Жақында сондай азаматтың бірінен редакциямызға хат келді. Өз аты-жөнін көрсетпеуін сұраған әйел ҚР Үкіметіне қарасты белгілі бір мекемеде қызмет істейді екен. Ол өзінің хатында былай депті:

Мен Солтүстікте, қалың орыс шоғырланған жерде өстім. Сонда мектепте, сыныпта мен ғана қазақ едім. Маған басқалар “казашка” деп келемеждей сөйлейтін. Содан ба екен, мен үшін «қазақ» деген сөз бір артта қалып қойған, екінші сұрыпты адам ұқсап естілетін еді. Қазір мен қатты қиналамын. Орыстілді ортада қазақ болғаным үшін, ал қазақ тілді ортада қазақша сөйлей алмағаным үшін өзімді кінәлі сезініп жүремін. Өзгелер сияқты ана тілімде, яғни мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, еркін жазғым келеді. Бірақ мен қате жіберіп, басқалар күлетін сияқты көрініп тұрады. Осы ойыммен көбіне қиналып жүремін. Не істесем болады? Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтындардың ортасына қалай түсе аламын?

Жалпы қазір Қазақстанда осылай іштей қиналатын азаматтар аз емес. Өзінің тілі орысша болғандықтан, қазақша сөйлейтіндерге қызыға қарап отыратын, өзінің сөйлей алмағанына қиналатын жастар көп. Көбі тіпті бар білетін қазақшасын пайдаланып, қазақша сөйлеуін дамытатын ортаға зәру. Өйткені олар кез келген жерде қазақша сөйлесе, «қате жіберіп аламын және басқалар күледі» деп қымсынады.

Мұндай азаматтарға қалай көмектесуге болады?

Бұл туралы психолог Динара Болаттан сұрап көрдік. Оған «Осындай психологиялық құбылысты қалай жеңілдетуге болады? Мемлекеттік тілде сөйлеп, жазғысы келетін, бірақ ұялып, тартыншақтап жүрген отандастарымызға маман ретінде қандай кеңес бересіз?» деген сауал жолдадық.

Динара Болат, психолог:

Қазақша білмейтіндігі үшін ұялатын, бірақ сөйлегісі келетін азаматтар үшін ең алдымен өзінің алдындағы, қоғам алдындағы ыңғайсыздық сезімінен арылу қажет. Бұл жерде жеке өзінің кінәсі жоқ. Айналадағы жағдай, орта оның тілі осылай қалыптасуына әкелді. Және ол жалғыз емес. Өз ана тілінде сөйлей алмайтындар көп. Ал оның артықшылығы қазақша үйренгісі келетін ниетінде. Мен өзім блогер болғандықтан, бұл мәселе бойынша жиі хат аламын: “жеңіл, әдемі жазып, маңызды тақырыптарды көтергендіктен, жазбаларыңызды оқып-оқып екі-үш жылда қазақшам біраз жақсарып қалды” деген оқырман болды. Байқасаңыз, адамның өзінің белгілі бір мәселелрге қатысты жеке қызығушылығы – оқуға, үйренуге мотивация. Біріншіден, адам “қазақ тілін білу” маған тұлға ретінде қандай пайда әкелуі мүмкін? деп, оны үйренудегі мақсатын анықтап алуы қажет. Екіншіден, үйрену барысында өзіне қызық тақырыптардан бастаса, тілді меңгеру жеңілірек.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстанда мемлекеттік коммуникацияда жасанды интеллектті қолдану жөніндегі алғашқы цифрлы гайд жарық көрді

0
Астана мемлекеттік қызмет хабы «Мемлекеттік коммуникациядағы жасанды интеллект» цифрлық нұсқаулығын шығарды. Бұл – мемлекеттік сектордағы баспасөз хатшылары мен қоғаммен байланыс мамандарына арналған осындай алғашқы...

АҚШ-та тұңғыш рет қазақтардың құрылтайы өтеді

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкадағы қазақтардың тұңғыш құрылтайы 2025 жылдың 3 тамызында Нью-Йорк қаласында өтеді. Құрылтайды Нью-Йорк штатындағы «Қазақ Америка орталығы» ұйымдастырады. Орталықтың төрағасы Бейбітхан Бөрінің...

АҚШ-та білім алу: қазақстандықтар неге Американың білімін таңдайды?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - ЮНЕСКО Статистика институтының (UIS UNESCO) мәліметінше, университеттер студенттерді тарту үшін жаһандық деңгейде бәсекелес болғандықтан, әлемде жоғары білімге деген сұраныс артып келеді....

Досқа да, дұшпанға да үлгі болған Имам Хомейни

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің Сейіт Рухолла Хомейни хақындағы мақаласын оқырман назарына...

Мемлекеттік органдар халықпен байланысты ЖИ арқылы жақсартады

0
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» тақырыбында үш күндік семинар-практикум өтті. Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік...