Өмір салтыЧикаго әуежайында қазақ жігіті "Слава Украине" деп не себепті ұрандады?

Чикаго әуежайында қазақ жігіті «Слава Украине» деп не себепті ұрандады?

 

АСТАНА. KazUnite – Жақында қазақтың әуесқой спортшысы АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен дүние жүзілік марафонға барды.

Адам қарасы қалың. Чикаго әуежайынан түскен бойда артынып-тартынып, кедендік бақылауға қарай нөпір халықтың ішінде кетіп бара жатқан қазақтың алдындағы бір жолаушының құжаты жерге түсіп қалады. Қазақ жігіті құжатты алып қараса, Украина паспорты екен. Иығындағы сөмкесі ауыр, алдындағы кісі жылдам кетіп барады, қуып жету мүмкін емес сияқты. Сол-ақ екен:

– «Слава Украине!» – деп дауыстайды қазақ жігіті. Бар ойы әлгі паспорт иесін тоқтату еді.

Бірақ сол сәтте бір емес, айналасындағы бірнеше адам қазақ жігітіне жалт қарайды. Қарағандардың бәрі украиналық болса керек. Соғыс басталғалы пана іздеп, АҚШ-қа барып жатқан Украина азаматтары аз емес.

Сонда қазақ жігіті өзіне жалт қарап, сәл кідірген азаматтардың ішінен паспорт иесіне қарай жүреді. Әлгі адамның қуанышын көрсеңіз, көзі мөлтілдеп, жасқа толып тұр. Қазақ жігітін құшақтай алады. Паспортының табылғанына бір қуанса, қазақ жігітінің ұранды сөзіне қалай риза болмасын?!

Сөйтіп, Чикаго әуежайында біздің спортшы украиналық азаматтардың көңіл төрінен орын алыпты.

Ол – белгілі марафоншы Еренғайып Қуатайұлы еді.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...