Өмір салтыБаспанасыз қалған: Илон Маск достарының үйін паналап жүр

Баспанасыз қалған: Илон Маск достарының үйін паналап жүр

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUniteӘлемдегі ең бай адам Илон Маск TED конференциясының бас ұйымдастырушысы Крис Андерсонға берген сұхбатында өзінің үйі болмағандықтан, достарының үйіндегі бос бөлмелерінде түнеп жүргенін айтты.

«Менде қазір тіпті өзімнің жекеменшік үйім жоқ. Көбіне достарымның үйіне аялдаймын. Егер Tesla-ның инженерлік жұмыстарының басым бөлігі орналасқан ауданға барсам, негізінен достарымның үйіндегі бос бөлмелерді қарастырамын», – деді Маск дүйсенбі күні жарияланған сұхбатта.

Bloomberg дерегінше, қазіргі уақытта Масктың капиталы 251 миллиард долларға тең деп бағаланады.

Бұл ретте сенатор Элизабет Уоррен сияқты америкалық заң шығарушы органдар өкілдері Маск сияқты мегамиллиардерлердің салық төлеу есебі салыстырмалы түрде төмен екенін алға тартып, үнемі сынға алады.

«Әрине, егер мен миллиардтаған долларды жыл сайын өзімнің жеке қажеттіліктеріме жұмсасам, мәселе туындар еді. Бірақ олай емес», – деді Маск.

Ол өзінің яхтасы жоқ екенін, жеке ұшағы болса да, шынымен демалысқа бармайтынын тілге тиек етті.

«Бұл – менің жеке қажеттіліктерімнің шығыны қыруар қаржы деген сөз емес. Менде ұшақ бар. Бірақ егер де мен ұшақты қолдансам, онда жұмыс істеуге уақытым аз қалады», – деді ол.

2020 жылдың мамырында ол Твиттерде өзінің бар мүлкін сатпақ ниеті бар екенін, бұдан былай үйі болмайтынын жазған. 2021 жылдың тамызында Insider Масктың SpaceX-тен жалға алған 50 мың доллар тұратын құрамалы үйде тұрып жатқанын мәлімдеген болатын.

Жақында Vanity Fair-ға берген сұхбатында Масктың серіктесі Граймс оның кей кездері кедейлер кейпінде өмір сүргенін айтты.

Ал 2015 жылы Google-дың негізін қалаушы, сол кездегі бас директоры Ларри Пейдж Маск Силикон алқабына барған кездерде оның электронды поштасына: «Мен бүгін кешке қайда тоқтайтынымды білмеймін. Сендерге келсем бола ма?» деп жазатынын айтқан болатын.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Илон Масктың Твиттерді сатып алуға ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз. Андерсонға берген сұхбатында ол Twitter ұсынысына бас тартқан жағдайда қосымша жоспары бар екенін айтты. Бірақ жоспары туралы толығырақ ештеңені ашып айтпады.

Дереккөз: businessinsider.com

© Фото ашық көздерден алынды

 

Соңғы жазбалар

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

0
НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды. Халықаралық байқауға Қазақстанның...

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің кез келген еліндегі таспагер мамандар арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...