Өмір салтыГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен мұратқа жету құралына айналады.

Эдмон Дантес – өзіне бұйырған есепсіз байлықты әділдік заңдылығын орнатуға, жазықсыз жала жапқандардан кек алуға жұмсайды. Сүлеймен патша тәрізді қисапсыз бай адамның алдында Франциядағы барлық есік айқара ашылады. Тіпті одан елдің тағдырын шешетін мәртебесі биік шенділер мен шекпенділердің өзі именетін.

Ол Граф Монте-Кристо тәрізді дәулетті әрі ықпалды адамға айналғанға дейін жан азабын да, тән азабын да басынан өткереді.

Маңайындағы қара ниетті адамдардың жапқан жаласынан өмірінің тас-талқаны шықты. Императорды таққа қайта әкелу мақсатында жасалған астыртын әрекетке қатысы бар деген желеумен Иф қамалындағы зынданға қамалады. Тірліктен үміті үзіле бастаған шағында тағдыр оны көзі ашық, көкірегі ояу аббат Фариамен жолықтырады. Өмірде ақыл беріп, жол көрсететін адамның болғаны қандай жақсы. Ал егер ол адам тек ақыл ғана емес, мол қазынаның қай жерде жатқанын айтса ше?..

Француз классигі Александр Дюма – артына үлкен әдеби мұра қалдырған жазушы. Қарымды қаламгердің қиялынан туған ғажайып туындылары рухани құндылықтардың сапында тұр. Солардың ішіндегі шоқтығы биік туынды – Граф Монте-Кристо.

«Граф Монте-Кристо» романы – 177 жыл бұрын жазылса да бүгінге дейін көркемдігі мен құндылығын жоғалтпаған әлем әдебиетіндегі үздік туындылардың бірі.

Романда зерек ақыл, терең ой, мықты рух және айқын мақсаты бар адамның еркіндігі жоқ, дәрменсіз жаннан өзгенің тағдырына әсер ете алатын ықпалды адамға айналу мүмкіндігі бар екені баяндалады.

Эдмон Дантес 14 жыл тар қапаста жатқанда өмірін толықтай ой елегінен өткізеді. Орын алған оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, өзіне нақақтан жала жауып, тұтқындалуына себепкер болған адамдардың кім екенін біледі. Оларды мұндай қадамға қандай жағдай итермелегенін де сезеді.

Ол – салы суға кетіп, тауы шағылып, үйреншікті тірлікке көндігіп, «құдай салды, мен көндім» деп беріле салған жоқ. Керісінше, тәуекелге бел буып, әрекет істеу жолын таңдады. Бұл тозақ тірліктің уақытша екеніне және өзінің міндетті түрде жолының болатынына сенді. Осы сенім оны Иф қамалынан алып шығып, аш құрсақ тұтқыннан өмірдің қожайынына айналдырды.

Әлемге әйгілі жазушы Александр Дюма шығармаларының шыңы болып есептелетін «Граф Монте-Кристо» романының қазақ тіліндегі нұсқасы араға 30 жыл салып, «Фолиант» баспасынан жарыққа шықты.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...