Өмір салтыБас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

 

«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз.

– Інішек, саған қояр бір сұрағым бар, өзіңнен ғана сұрайын. Шалқар теңізге
қорғасын лақтырған сияқты, мен бұл сұрақты сенің жан дүниеңе лақтырып, сенің жаныңның қаншалықты терең екенін білейін.
Сен жассың, бас құрауды, бала сүюді армандайсың. Алайда, сенен сұрайын: «Сен балалы болуды армандауға толымды жігітсің бе? Жеңімпазсың ба? Өзін-өзі жеңген кісісің бе? Сезіміңе қолбасшысың ба? Көркем мінездің иесісің бе?»

Менің сұрайын дегенім осы. Әлде сені армандатып отырған сенің мал кейпің мен нәпсің бе? Әлде жалғыздық па? Әлде бойыңдағы мазасыздық па?
Баланы сенің жеңісің мен еркіндігің аңсасын. Сен өз жеңісің мен өз бостандығың үшін тірі ескерткіш орнатқаның жөн. Балаң өзіңнен артық болсын, асып тусын. Бірақ ол үшін алдымен сен өзің кісі болып қалыптасуың қажет, жаның жағынан да, тәнің жағынан да. Сен өзіңді егіп, тағы шығарма, қайта өмірге өрелі ұрпақ әкел. Осы арманға жетуіңе неке саябағы септік болсын деп тілейік!

Сен өрелі ұрпақ жаратуың керек. Ол үшін тұңғыш қадам – өзі дөңгелейтін дөңгелек. Сен алдымен жаратушыны жаратуың тиіс. Бас құрау: Бұл –дегеніміз мен үшін өздерінен артық ұрпақ жаратамын деген екі жастың еркі. Осындай ерікпен жүрген кісілердің бір-біріне деген сыйластығы. Міне, мен үшін бас құрау деген осы. Көтерген шаңырақтарыңның мәні мен шындығы осы болсын!
Бірақ та ана қарабайыр көптің үйлену деп жүргенін мен не дейін? Ой пырым-ай! Жаны жұтаған жұп? Жаны ластанған жұп? Масайраған жексұрын жұп? Олар осыны бас құрау, үйлену деп жүр. Олардың ойынша, олардың шаңырақтары жұмақта көтерілетін шаңырақ. Мен қарабайыр көптің жұмағын жаратпаймын. Жоқ, мен оларды жақтырмаймын. Олар жұмақтың торына түскен малдар. Өзі басын қоспағандарды шой ақтап жарылқап жүрген Құдай * менен аулақ жүрсін! Мұндай некеге күлмейік! Қай бала ата-анасына жөнсіз ренжіп жылар дерсің?!
Бір қарағанда ол маған келіскен жігіт сияқты, жұмыр жердің мәнін түсіну үшін пысып жетілген кісі сияқты көрінді. Дегенмен мен оның тапқан келіншегін көрген кезде жұмыр жер мәнсіздердің күркесіне айналып кеткендей сезілді. Әрине, бір періштенің мекиенмен жұптасқанын көрген жұмыр жер ішек-сілесі қатып, селкілдесе дер едім.
Біреу шындық іздеген батыр сияқты жолға шығыпты. Дегенмен ақырында тинамдай ғана жарқыраған жалған біреу тауып әкеліпті. Ол мұны бас құрау деп жүр. Және біреу ұяң болды, көп таңдады. Алайда ол соңында барлығын бір жолда бүлдіріп, ортасын ойсыратып алды. Ол мұны үйлену дейді.
Тағы біреу өзіне перінің асыл мінезі дарыған көмекші іздеді. Алайда аяқ астынан оның өзі бір келіншектің қолғанатына айналып қалды. Ал енді ол жігіттің өзі періштеге айналуы керек болды.
Қазір мен байқаған алармандардың барлығы қырағы, барлығының көзі өткір.
Алайда көзі ең өткір аларманның өзі қатынға келгенде көп ойланбайды, ала салады.
Үзік-созық ақымақтық сендер үшін сүйіспеншілік. Ал неке сендердің үзік-созық ақымақтықтарыңды ұзын-сонар топастыққа айналдырады. Сендердің
келіншектеріңе сүйіспеншіліктерің, келіншектердің күйеулеріне сүйіспеншілігі: Ой пырым-ай, жапа шеккен, тылсым Құдайға жан ашу! Алайда көп жағдайда, екі мал бірінің ойын бірі таппақшы болады.

Дегенмен сендердің ең керемет сүйіспеншіліктеріңнің өзі сүйсінерлік тәмсіл, азапқа толы шоқ сезім ғана. Бұл сендерге өскелең жол көрсететін алау. Сендер бір күні өздеріңнен басқа біреуді сүйесіңдер. Сол үшін алдымен сүюді үйреніңдер. Сендер сол үшін де тостағандағы ашты сүйіспеншілікті дымын қалдырмай қағып алуларың керек. Ашты дәм ең керемет сүйіспеншіліктің тостағанында да болады. Бұл өркісіні (Übermensch) аңсау сезімін оятады. Осылай сенің жаратушыға деген шөліңді шақырады. Жаратушыны көксеу, жебедей түйіліп, өркісіні аңсау: Маған айтшы,
інішек, сенің бас құрайын дегенде көкейіңде көздегенің осы ма? Мен мұндай ерікті, мұндай некені құт деймін.
«Зорастыр бүй деді».

Аударған «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тастүлек Қ.
Бұл – Герман филособы Нитісшенің «Зорастыр бүй деді» деген шығармасының бір тарауы. Бұл тарау (ағылшынша «On Child and Marriage», Германша «Von Kind und Ehe») қазақшаға Walter Kaufmann аударған ағылшынша нұсқадан (Thus Spoke Zarathustra in the Portable Nietzsche, 1977, Penguin Books) аударылды. Кейбір сөз-сөйлемдер Герман тіліндегі
түпнұсқа (Also sprach Zarathustra, 1895, Leipzig) негізінде алынды.

 

Соңғы жазбалар

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

0
НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды. Халықаралық байқауға Қазақстанның...

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің кез келген еліндегі таспагер мамандар арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...

Ирандықтар Наурызды қалай қарсы алады

0
АСТАНА. KazUnite - Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің...