Өмір салтыСаади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

 

АСТАНА. KazUnite – Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері туралы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз.

Парсы тілді ақын, ойшыл Саади Ширази (1210-1292) классикалық парсы әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады. Оның шығармалары, әсіресе, «Гүлістан» мен «Бустан» Шығыс әдебиетіне үлкен әсер етті. Парсы тілдес елдерде ғана емес, Орталық Азияның түркітілдес аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда да әсері сезіледі. Саади қазақ даласынан жырақта өмір сүрсе де, оның философиясы, этикасы, баяндау стилі, әдеби бейнелілігі қазақ халқының мәдениетімен, дүниетанымымен үндесіп жатқаны таңғаларлықтай. Бұл мақалада Саади шығармаларының қазақ әдеби мәдениетіне қалай еніп, ел поэзиясына, әңгіме айту дәстүріне, адамгершілік көзқарасына, дидактикалық әдебиетіне қалай әсер еткенін қарастырамыз.

Саади Шығыстың әмбебап ұстазы ретінде

Саади жай ғана ақын емес, ұстаз, Шығыстың данагөйі, Ислам руханиятының мол дәстүрінің мұрагері. Оның шығармалары этика, тәрбие, өмір даналығы туралы кітап болып саналды. Парсы тілінде сөйлейтіндерге ғана емес, түрлі түркі тілдес этнос өкілдеріне де арналған кітап. Орта ғасырларда анекдоттарға, ақыл-кеңестерге, даналық бейнелерге толы мұндай шығармалар ақыннан ақынға білім беретін Орта Азияның даласында өте танымал болды.

Саади және қазақ поэзиясы: ортақ тақырыптар

Саади поэзиясы өзінің ерекше моральдық-философиялық реңктерімен танымал. Әділдік, қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, кедейлерге қамқорлық, сөздің қадірі, білімнің құдіреті туралы айтады. Дәл осы құндылықтар қазақтың ақындық дәстүрінде де тереңнен орын алған. Біздің Абай Құнанбайұлы, Бұқар Жырау, Асан қайғы сияқты тұлғалардың Саадимен дүниетанымындағы айқын ұқсастықтарын көруімізге болады.

Абай Құнанбайұлы Саади шығармаларымен таныс болғаны сөзсіз. Оның «Кара сөздерінде» орыс және шығыс философиясының іздерін ғана емес, сонымен қатар парсы идеяларының ықпалын көруге болады. Ол Саадидің күрделі ұғымдарды қарапайым әрі қысқаша жеткізе білуіне тәнті болды.

Саади шығармалары және қазақ даналығы

Саади шығармаларындағы ойды білдірудің негізгі түрлерінің бірі – астарлы әңгіме. Мағынасы терең, кейде таңғаларлық аяқталатын қысқа да мазмұнды әңгіме. Бұл форма қазақтың ауыз әдебиеті дәстүріне айтарлықтай әсер етті. Қазақ ақындары өнеге, өмір тағылымын жеткізу, қоғамдық-саяси мәселелерді жеткізу үшін анекдот әңгімелерді жиі пайдаланған.

Али Акбар Талеби Матин,

Иран Ислам Республикасының

Қазақстан Республикасындағы

елшілігінің мәдени кеңесшісі

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...