Өмір салтыИзраиль әскерін рухтандырған қазақ батыры туралы кітап

Израиль әскерін рухтандырған қазақ батыры туралы кітап

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – «Бір кітаппен бүтін бір халықтың рухын көтерді» дегенге сену қиын, әрине. Бірақ мына бір жайды терең таныған сайын бір кітап, бір тұлға уақыт пен кеңістіктің өлшеміне қарамастан жанам деген мыңдаған, миллиондаған жүрекке от беретініне көзім жете түскендей.

Кезінде Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың «Құз басындағы аңшының зары» кітабын оқығанда ақын мен жазушының Бауыржан Момышұлы жайлы әңгімелесіп отырып, қазақтың һас батыры туралы «Волоколамск тас жолы» деген кітап бар екенін білген едім. Сол бойда батыр жайлы кітапты қалай да оқығым келді. Бірақ біз тұратын Алтайға ол кітап сол кезде әлі жетпеген еді.

2013 жылдың қазан айында Ресейдегі Губкин атындағы мұнай-газ университетіне ауысып, оқу бағдарламасымен бардым. Сол жолы университет кітапханасынан батыр туралы кітапты тауып алдым.

Кейін 2017 жылы мұнай компаниясы арқылы Қазақстанға, Алматы қаласына жұмысқа барғанда осы кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасын оқыдым. Сонда байқағаным қазақша кітапта батырдың қазаққа тән ұлттық рух беретін жалынды сөздері толық аударылмаған екен. Бәлкім, Бауыржан Момышұлы жайлы кітапты қазақшалап бастырғанда Кеңес Одағының цензурасы батырдың ұлттық рухты айшықтаған сөздері берілмей қалған шығар. Ол жағын нақты білмедім. Бірақ кітапқа енбей қалған сөздері барын аңғардым.

Кейін 2018 жылы жұмыс бабымен Нью-Йоркке көшіп келдім. Мұнда келердің алдында Алматыдағы Кеңсай қорымына барып, Бауыржан Момышұлының рухына Құран бағыштаған болатынмын. Содан 2019 жылы Нью-Йорк кітапханасына барғанымда “Волоколомск тас жолының” ағылшын тіліндегі нұсқасын көргенде ерекше қуанғанымды жасыра алмаймын. Сонда бірден электронды нұсқасын көшіріп алдым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ulanbatir Baqitkhanuli (@baqitkhanuli)

Осылай Бауыржан Момышұлы жайлы кітаптың үш тілдегі нұсқасын да терең ыждаһаттылықпен оқып шықтым. Байқағаным, үш тілдегі нұсқасы үш түрлі екен.

Бауыржан атамыз – жалпы әлемдегі батырлық пен өрліктің, ерекше тұлғалық болмыстың үлгісі ғой. Сондықтан батыр жайлы зерттеуге ден қойған ғалымдар әлемнің жер-жерінде табылады деп айтуға болады. Ал Александр Бектің еңбегінің арқасында Бауыржан Момышұлын еврей халқы қатты құрметтейтінін білдім. Дәл осы “Волоколомск тас жолы” кітабын Израиль Қорғаныс минисирлігі қастерлі еңбектер қатарына қосқан. Сонымен бірге әрбір Израиль сарбазына мылтық тарату рәсімінде мылтықпен бірге осы Момышұлы жайлы “Волоколомск тас жолы” кітабын бірге беретін дәстүр бар деседі.

Бұл кітаптың еврей арасында осылай тарап, қастерленуіне автордың ықпалы бары анық. Кезінде Мәскеуде оқып жүргенімде орыс тілінен сабақ берген Феодоровна деген мұғалім Александр Бекті еврей ұлтының өкілі деп таныстырған еді.

Алайда кітаптың осылай тарауына біздің даңқты батыр атамыз, тарихтағы біртуар тұлға Бауыржан Момышұлының ерлігі мен бөлек болмысы да себеп болғаны сөзсіз.

Кітап 1946 жылы еврит тілінен орысшаға аударылған екен. Демек, бұл кітап Израиль мемлекетінің құрылу, оның әскери қуатын арттыру, еврей халқының отаншылдық және жауынгерлік рухын көтеру барысында Момышұлы жайлы кітаптың атқарған рөлі зор екенін түсінуге болады. Өйткені Израйль офицерлерінің «біз «Волоколомск тас жолы» кітабын оқып өстік» деген сұхбаттары бар.

Израильдің мықты мемлекеттік, әскери қайраткерлері өздерінің тұлғалық болмысына “Волоколомск тас жолының” кейіпкері Бауыржан Момышұлы ықпал еткенін ашық айтады. Қазір әлемге айтулы ықпалын жүргізіп отырған, отаншылдығы мен ұлтшылдығы, идеологияға беріктігімен әлемді мойындатып отырған еврей халқына осыншалықты пайда әкелген, еврей халқы үшін осыншалықты қастерлі болған кітап, қастерлі болған тұлға қазаққа неге қастерлі болмауы керек?

«Кітаптың ағылшынша нұсқасы үйімде тұрсыншы» деген оймен іздестіріп едім, Amazon дүкенінде бір данасы ғана бар екен, қуана сатып алдым.

Бауыржан атамыз жайлы бұл кітап қазір Нью-Йорктегі біздің “Біріккен Алаш” қоры (United Alash Foundation) кітап клубының қоржынында тұр.

Фото авторы: Құбылай Мұратұлы

Бүгінде қазақтың өр рухы, мықты ерік-жігері жайлы ойлап, кітапты қолыма алып, алақаныммен бір сипап қойдым.

Ұланбатыр Бақытханұлы,

АҚШ, «Біріккен Алаш» қорының Президенті

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...