Өмір салтыБұл жұпты жүз жылда бір болатын құбылысқа теңеймін – Сәрсенбай Құрманғазыұлы

Бұл жұпты жүз жылда бір болатын құбылысқа теңеймін – Сәрсенбай Құрманғазыұлы

 

АТЫРАУ. KazUnite – Кеңес дәуірінде инженер, архитектор мамандықтарына бет бұрған қазақ ұлтының өкілдері аса көп болмаған еді. Сол дәуірде осы мамандықты игерген қазақтың бірі – инженер, 1979-1983 жылдары қазіргі Атырау, бұрынғы Гурьев қаласының бас архитекторы болған марқұм Темірәлі Қарақұл.

Темірәлі Қарақұл 1940 жылдың 15 тамызында Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Орда ауылында дүниеге келген.

1959-1962 жылдары Тынық мұхиты флотында әскери міндетін атқарған Темірәлі Ғабділманапұлы 1962-1967 жылдары қазіргі Астана, бұрынғы Целиноград қаласында жерге орналастырушы инженер мамандығы бойынша білім алған. Сол студенттік шақта өмірлік серігі Зүпен Тоқмағанбетқызымен танысып, 1967 жылы отау құрып, қазіргі Атырау, бұрынғы Гурьев қаласына жолдамамен қоныстанады.

1967 жылдың сәуірінде Гурьевтегі “КазЗапГипроСельХозВодСтрой” мекемесінде инженер болып еңбек жолын бастаған Темірәлі Ғабділманапұлы 1969 жылдың қараша айынан бастап «Каззапсельпроект» мекемесінде аға архитектор, бас архитектордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарған. Ал 1979 жылдың желтоқсан айында Гурьев қалалық атқару комитетіне ауысып, қаланың бас архитекторы болады.

1983 жылдың тамыз айында «Каспводнадзор» басқармасының бастығы болып тағайындалған. Бұл мекемеде 6 жыл қызмет еткен ол 1989 жылдың қыркүйек айынан бастап облыстық табиғи ресурстар комитетінің аға маманы болып ауысады. 1992-1999 жылдары Экология және биоресурстар басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған.

55 жыл жұптары жазылмай, ғұмыр кешкен Темірәлі Ғабділманапұлы мен Зүпен Тоқмағанбетқызы ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, құда-жекжатты болып, алты баладан немере-шөбере сүйді. Балалары бүгінде түрлі салада қызмет істейді.

«Менің Темірәлі ағаның жанұясымен таныстығым сонау 1987 жылы басталды. Гурьевке оқуға барғанмын. Ауылымыздағы қарындасының айтуымен Темірәлі ағаның пәтеріне аялдадым. Сол кезде өмірімде алғаш рет көрген адамдардың мені бұрыннан танитын адамдай құшақ жая қарсы алғанда таңғалдым. Бес баламен бір бөлмелі пәтерде маған да орын табылды. Өзім ыңғайсызданып, қонақ үйге көшуге ыңғайланып едім, аға да, апай да мені жібермеді. Темірәлі аға мен Зүпен апаның жұптарын жүз жылда бір болатын құбылысқа теңеймін. Бұл жанұя туралы таңды таңға жалғап айтуға болады. Темірәлі аға көңілі қазақтың даласындай кең, кез келген ортаның сәні болған, азаматтықтың ақ туын аласартпаған, әділдіктің әліппесін бұзбаған, кісілік пен кішіліктің тізгінін тең ұстаған абзал азамат еді. Жаны жәннатта болсын! Соңында қалған отбасы мен ұрпағына бар жақсылық нәсіп болсын», – деді Сәрсенбай Құрманғазыұлы ағасы туралы еске алып.

«Ауру айтып келмейді» демекші, тосыннан келген инсульт пен инфаркт дертімен 2-3 жылдай күрескен Темірәлі Қарақұл 2022 жылы 27 қаңтар  күні 82 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

«Кызметте жүрген кезде Құмға жиі барып тұратынбыз. Әкеміз туған ауылын ұмыттырмайтын. Жазғы уақытта бізді ауылға қалдырып кететін. Соның арқасында көптеген туыстарымызды жақын таныдық. Қайда жүрсе де, төрде отыратын еді. Әрдайым галстук тағып, әдемі киініп жүруші еді. Соңғы кездері «аналарыңа рақмет айтамын, өмiрiмiздi әрдайым жақсартуға тырысты. Аман жүрiңдер, балам! Сендерге тек жақсылық тiлеймiн, бiрге болыңдар, бiр болыңдар!» – деп жиі айтатын еді. Бұл – әкеміздің өмірінің соңғы сәтіндегі бізге айтқан өсиет сөздері болған екен ғой», – дейді балалары.

 

Соңғы жазбалар

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастары арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне материал байқауын...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...

Ирандықтар Наурызды қалай қарсы алады

0
АСТАНА. KazUnite - Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің...