МотивацияБасым бөлігі оптимист: мотивацияны бағалау жайлы KazUnite сауалнамасының нәтижесі белгілі болды

Басым бөлігі оптимист: мотивацияны бағалау жайлы KazUnite сауалнамасының нәтижесі белгілі болды

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite компаниясы оқырман арасында олардың арманы мен мақсатына жету үшін әрекет етуге деген мотивациясын бағалау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға 18-67 жас аралығындағы 64 респондент қатысты. Респондерттерден мотивацияны олар қалай түсінеді, мотивацияны сыртқы ынталандырулар арқылы ала ма (экстринзик мотивация), ішкі рухани күй арқылы ала ма (интринзик мотивация), мақтау, марапаттау, материалдық сыйақылар мен мәнсаптық өсу оларды қалай жігерлендіреді, ішкі адамгершілік құндылығына үйлесетін ынталандыру мен материалдық күйді қанағаттандыратын ынталандыру қатар қойылғанда қайсысын таңжайды деген сияқты сұрақтар қойылды.

KazUnite оқырмандарының 84 %-ы өзін іштей, рухани қанағаттандыратын істер көбірек мотивация беретінін білдірді.

Өзгелердің мақтауы мен мойындауына аудиторияның 2 пайызы тәуелді

Өзін әрекет етуге ынталандыру үшін өзгелердің мақтауы мен мойындауы қаншалықты маңызды екенін көрсететін сұраққа қатысушылардың 50 %-ы «сәл маңызды» деп жауап берсе, 17 %-ы «мүлде маңызды емес» деген. Қатысушылардың 20 %-ы үшін ол қалыпты маңызды болса, сауалнамаға қатысқандардың 2 %-ы ғана «өте маңызды» деп жауап берген. Яғни, сауалнамаға қатысқандардың 2 %-ы экстринзик, сыртқы мотивацияның күшімен ғана жұмыс істейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 14 %-ы мотивацияны негізінен ішкі рухани күйден алатынын айтқан. Олар «Сіз іштей өзіңізді қанағаттандыру үшін арман мен мақсатқа жетуге қаншалықты жиі талпынасыз?» деген сұраққа «әрқашан» деп жауап берген.  Сауалнаманың 5 этаптан тұратын жауаптары ішінде «жиі» (37.5%), «әрқашан» (21%), «кейде» (20%), «анда-санда» (18.8%) деп жауап бергендер шамалас болса, қатысушының 1%-ы ешқашан «мотивацияны өзімді-өзім қанағаттандырсам» деген ішкі күйден таппайтынын айтқан.

Қатысушылардың 39 %-ы ұдайы жаңа нәрселер үйреніп, дағдыларын жетілдіріп отырады. Келесі 39 %-ы ара-тұра жаңа нәрселер үйренетінін айтса, 15 %-ы өзін-өзі дамыту аздап қызықтыратынын, ал 4% қатысушы нәтиже көрмесе, сыртқы ынталандыру болмаса, өзін-өзі жетілдірумен айналыспайтынын айтқан.

Жұмыс процесінен ләззат алу

Зерттеушілердің айтуынша, егер адам жұмыс процесінің өзінен қуаныш,  ләззат алатын болса, бұл жағдай ол адамның психикалық денсаулығы жақсаруына әкелуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сана-сезімімен беріліп, құлшынып, толыққанды іс-әрекетпен айналысатын адамдарда стресс пен мазасыздық аз болады. Нақты цифрмен сөйлесек, 2003 жылы АҚШ-та жүргізілген эксперименттік зерттеулер, өз жұмысынан қуаныш табатын адамдарда болатын депрессия өз жұмысын жағымды деп санамайтындармен салыстырғанда 25% болатынын көрсеткен. Сонымен қатар өз жұмысынан ләззат алатын адамдар мотивацияның жоғары деңгейіне ие болады: өз жұмысын мағыналы деп санайтын қызметкерлердің 60 %-ы ұзақ мерзімді мәнсаптық жетістіктер мен мақсаттарға жетеді.

Дәл осы жағымды көрсеткіш KazUnite оқырмандарының басым бөлігіне тән

KazUnite компаниясының сауалнамасында респонденттердің 64%-ы өздері іс-әрекет жасағанда жұмыс процесінің өзінен қуаныш таба алатынын айтқан.

Тағы бір жағымды көрсеткіш, аудиторияның 3 %-дан басқасы өз арман-мақсаттарына жеткен сәттерін визуализация жасап, елестетіп көре алады.

Мотивациямен жүруге уақыт, ақша, қолдау сияқты сыртқы ресурстардың  әсерін анықтауға бағытталған сұраққа қатысушылардың 1%-ы арман мен мақсатына қарай әрекет етуде мотивациясы жоғары болуына ешқашан әсер етпейді деп жауап берген. Келесі 5% респондент мотивациясына ресурттар жетіспеушілігі үнемі кері әсер ететінін айтып, экстринзик мотивацияға тәуелді екенін білдірсе, 40 %-ы жиі әсер ететінін, 13 %-ы анда-санда, 29 %-ы кейде әсер ететінін жазған.

Қатысушылардың 70 %-ы қажырлы еңбекпен барлық қиындықты жеңе алатынына сенеді.

Қатысушылардың 43 %-ы мотивациясы өскенде қабілеті мен дағдылары да дамып, өсетініне сенеді.

44%-ы – оптимистер

Қатысушылардың 44%-ы сәтсіздіктер дамудың, прогрестің қалыпты бөлігі деп қабылдайды.

Қиындық пен кедергілерді прогрестің бір бөлшегі деп қабылдау – батыста жиі зерттелетін growth mindset, яғни өсуге, дамуға бейім ойлау жүйесінің белгісі. Психолог Кэрол Двейк мұндай адамдарды қабілеттері мен интеллектісін уақыт өте келе, күш-жігер, оқу және табандылық арқылы дамытуға болатынына сенетін адамдар деп сипаттаған.

Бұл адамдар шын мәнінде проблемаларды сәтсіздіктер емес, өсу мүмкіндіктері ретінде қарастырады. Олар сәтсіздікті жағдайды жақсартуға апаратын баспалдақ ретінде қабылдайды, бұл жеке және кәсіби контексте төзімді және табысты адамдардың басты қасиеті ретінде аталған. Олар сондай-ақ оптимистік, көңілді және қиындықтарға қарамастан үнемі алға жылжып, мақсаттарға жетуге бейімделгіш болуы мүмкін.

KazUnite-тың келесі сұрағы: «Сіз қазір істеп жүрген жұмыс жеке адами құндылықтарыңыз бен принциптеріңізге қаншалықты үйлеседі?» Бұл сұраққа 50% қатысушы «жиі» деп жауап берсе, 17.2% қатысушы «әрқашан» деп жауап берген.

Еркіндік пен жетістікке құштар

Интринзик мотивацияға негізделген «Қандай құндылықтар сізді көбірек ынталандырады?» деген сұраққа  64 қатысушының 17-і «Еркін болу», 15-і «Жетістік», 13-і «Даму» деп жауап берген. Еркін жауап жазуға мүмкіндік берген ашық сұрақта өсу, адалдық, шығармашылық, тәуелсіздік деген сөздер де жиі байқалған. Жауапкершілік, тәртіп, адамгершілік, ешкімге зияным тимеу, махаббат, ризашылық, рухани және материалдық бақытты бірден көру, пайдалы болу, т.б. ниет пен құндылықтар да жауаптарда қамтылған.

«Алдыңызда екі шаруа тұр. Екеуінің мотивациясы екі түрлі. Біріншісін орындағанда іштей өзіңізге қанағаттанасыз, ол сіздің адамгершілік құндылықтарыңызға, жеке құндылықтарыңызға үйлеседі. Екіншісі – ықтимал сыртқы сыйақыларға (мысалы, ақша, атақ, елдің мақтауы т.б.) жеткізетін шаруа. Қайсысын таңдайсыз?» деген сұраққа респонденттердің 84.4 %-ы ішкі мотивациясы жоғары шаруаны таңдайтынын айтқан.

 

Соңғы жазбалар

Республикалық Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы басшылығында – өзгерістер

0
Республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясы президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Алихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен...

«Бізге рух береді»: АҚШ-тағы қазақтар Мұхтар Мағауиннің Америкада жерленуіне қатысты пікір білдірді

0
МЭРИЛЕНД. KazUnite - Қазақтың абыз ақсақалы, аса көрнекті қаламгері, қазақтың азат санасын қалыптастыру және дамыту үшін қызмет етіп, әдебиетті ағартушылық пен ұлттық идеологияға үйлестіре...

Нью-Йоркте Жанәбіл Сымағұлұлын еске алу жиыны өтті

0
Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш Қорының» ұйымдастыруымен Шыңжаң қазақтары арасынан шыққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жыл Шыңжаңда жоғары басшылық қызметте болған Жанәбіл Сымағұлұлын...

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 10 әлеуметтік нысан салынады – ҚР Қаржы министрлігі

0
АСТАНА. KazUnite - Заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 маусымында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға...

Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

0
БАКУ. KazUnite – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өтті. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі...