Мотивация7 кеңес: Негативтен қалай құтылуға болады?

7 кеңес: Негативтен қалай құтылуға болады?

 

НЬЮ-ЙОРК. КazUnite – ейде жағымсыз ақпарат пен жаман ойдан арыла алмай кететініміз бар. Өмір өз ағысымен аға береді, ал біз жағымсыз ойға шырмалып, бір орында тұрып қаламыз. Ой бізді жей береді, жей береді. Көп адамның жетістікке жете алмай, өз-өзімен алысып, уақыт өткізіп алатынының бір себебі – осы. Бұл ретте қаламгер Chase Holik-тің жеті кеңесін оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Сонымен, негативтен қалай құтылуға болады?

1. Сөздік қорыңызды өзгертіңіз. “Ешқашан”, “мүлде” деген сөздерді сөздік қорыңыздан алып тастаңыз.

2. Көп ойланбаңыз, көбірек әрекет етіңіз. “Әрекетке – берекет” деген бар. Ойлана берсеңіз, жағымсыз ой мен естеліктердің шырмауына түсе бересіз. Ал өзгелер жайлы мүлде ойламаңыз.

3. Өсек-аяңнан өзіңізді алыс ұстаңыз.

4. Өзіңіз жақсы көретін, өзіңізді бақытқа, қуанышқа бөлейтін істермен айналысыңыз. Қуанып жүрсеңіз, жағымсыз ойдан ада боласыз. Өзіңіз де қуанышыңызды бұзғыңыз келмейді.

5. Жақсылық жасаңыз. Қайырымды істер істеңіз. Айналаңызға мейірімділік танытыңыз. Біреудің өміріне, санасына шуақ шашуға, өзгелерді қуантуға тырысыңыз. Жақсылықтан ләззат алу – ғанибет.

6. Басыңызға келген негатив, яғни жағымсыз ойдың бәрін қағазға жазып отырыңыз. Ашулансаңыз, біреуге ренжісеңіз, біреуді жек көрсеңіз, қызғанып қалсаңыз – бәрін жазыңыз. Ішіңіздегіні қағазға түсіргенде жеңілдейсіз. Жазудың құдіреті сол – сізді тереңдетеді. Жақсылық болса, артады. Жамандық болса, жуылады. Иманыңыз, ақылыңыз болса, жаман ойыңызды жазып болған соң қайта оқығанда өзіңізге күлкілі көрінеді. Олай болмаса, өзіңізді зорлықпен өзгертуге, ішіңіздегі жаман нәрсені шығарып тастауға тырысыңыз. Ол үшін жазған барлық негатив ойыңызды позитивке айналдырып жазып шығыңыз. Мысалы, сіз біреудің сізге әділетсіздік жасағанына не елді алдап, азғырып жүргеніне ашуландыңыз дейік. Ол – сіздің не елдің саналы, мықты болуын талап етіп отырған нәрсе. Ол – қайрақ, сіз – пышақсыз…

7. Біреу негатив айтып жатса, жай күліп қоя салыңыз. Езу тартып күлгенде жағыңыздың бұлшық еті жиырылады, ол миға “күліп жатыр” деген сигнал береді. Нәтижесінде, ми негатив ойды шығарып тастайды.

Бұл – ғалымдардың зерттеп, жазғаны.

P.S. Күн боп өмір сүрейікші!

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...