МотивацияҰялшақтық – өзімшілдік: Ел сізді тыңдап, күш алуы керек

Ұялшақтық – өзімшілдік: Ел сізді тыңдап, күш алуы керек

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Ұялшақтық – өзімшілдік пе? Бұл туралы психологтар не дейді?

Бұрын ұялшақ едім. Адамның көзіне тіке қарауға тартынатынмын.

Бір күні «елдің алдына шыққанда қалай ұялмай сөйлеу керек» деген тақырыпта әртүрлі мақалалар оқып, видеолар көріп отырдым. Өзім де сол уақытта Америкада көп мектептерде оқытылатын Public speaking, яғни «шешендік сөз» деп аталатын курста оқып жүрген едім.

Интернеттен табылған мақалалардың арасынан тақырыбы ерекше бір материал көзіме түсті. Онда «Ұялшақтық – эгоизм» деп жазылыпты. Басында келісе алмағаным рас.

«Ұялшақтық – өзімшілдік» дейді. «Қалай сонда? Ұялшақ адам қалай өзімшіл, эгоист болады? Қайта ұяты аздау адамдар өзімшіл келмей ме?» деп ойладым. Сөйтсем, оны психологтар былай түсіндіреді екен: Адам өзін-өзі сынай берсе, өзіне қатал болса ұялшақ, тартыншақ болып кетеді. Бұл адам өзінің назарын сыртқа емес, өзінің кемшіліктеріне, өзіне аудара бергеннен туатын сезім екен. Мысалы, сіз ел алдында сөйлеп тұрып ұялып тұрсаңыз, ол сіздің «мен дұрыс сөйлеп тұрмын ба?», «түрім біртүрлі болып тұрған жоқ па?», «мені басқалар қалай қабылдайды, күлкілі болып тұрған жоқпын ба?»… деген ойларға берілгеннен екен. Яғни егер сіз ел алдында тұрғанда көпшілік арасында өз-өзіңізден қысылып, ұялып тұратын болсаңыз, әлгі өзіңізді сынай беретін ойлар сіздің түпсанаңызда үстемдік құрып жатыр деген сөз. Сіз ештеңе ойламасаңыз да, ар жағыңызда сіз өзіңіз туралы, өз кемшіліктеріңіз туралы ойлардың жетегінде жүргенсіз.

Ал енді ел алдында тұрып, өз қателеріңіз бен өз кемшіліктеріңіз туралы ғана ойлай беретіндей елдің не кінәсі бар? Сіз ел алдында тұрғанда өзіңізді ғана ойлай берсеңіз, сіз өзімшіл емей, кімсіз? Сіз ел алдында тұрғанда өзіңізді емес, сізді тыңдап, сізге қарап отырған елді ойлауыңыз қажет қой. Ел сізді тыңдап, сізге қарап отырып, сізден рахат, күш алуы керек. Сонда дұрысы, тойда болсын, жиналыста болсын ел алдында сөйлегенде сіз өзіңізді ұмытып, елді ойлауыңыз қажет екен. Оларға сіздің сөзіңізден керегін алуға мүмкіндік беріңіз. Егер шынымен өзгелердің қажетіне жарау ниетіңіз бар болса, сіз өзіңізді, өз кемшіліктеріңізді ұмытуыңыз қажет. Әсіресе, елдің алдында сөйлеп тұрғанда «мен жақсы көрініп тұрмын ба? Мен дұрыс жасап тұрмын ба? Менікі ұят емес пе? Маған ел күлмей ме? Мені ертең ел сөз қылып жүрмей ме?» деген сияқты «мен… мен… мен» деген ойларды санадан сызып тастауға тиіссіз. Сол кезде ғана сіз ұялмай сөйлейсіз. Сол кезде ғана сізді өзгелер рахаттанып тыңдайды. Расында, орынсыз ұялшақтық – өзімшілдік.

Ал сіз… Келісесіз бе?

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...