МотивацияАҚШ Кеңесінде жұмыс істеген алғашқы азиат әйел

АҚШ Кеңесінде жұмыс істеген алғашқы азиат әйел

 

БОСТОН. KazUnite – Бостон мэрі Мишель Ву еңбек пен білімнің арқасында иммигранттардың да АҚШ-та жоғары лауазымға ие болуға мүмкін екенін дәлелдеді. Ол Гарвард колледжі мен Гарвард құқық мектебін тәмамдады. Қытай, испан тілдерінде еркін сөйлейді.

Мишель Ву барлық ұлт, дін өкіліне толерантты, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бостон қаласының мұсылман қауымын Рамазан, айт секілді айтулы мерекеде құттықтап, елеусіз қалдырмайды. Мишель Ву 28 жасында Бостонның қалалық кеңес президенті қызметіне сайланды. Мишель ханым – Кеңесте жұмыс істеген алғашқы азиат әйел. Ол екі баланың анасы. Ата-анасы иммигранттар. Мишель ханым сіңлісінің заңды қамқоршысы.

АҚШ – мүмкіндіктер елі. Мұнда адал еңбек ететін, біліммен қаруланған кез келген адам жетістікке жетуге, арман-мақсатына қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Оған Мишель Ву дәлел. Мишель Ву қалалық билікке халық ат салысуы қажет деп есептейді. Мэр Мишель Ву билік ашық және халық үшін қолжетімді болуы қажет деп есептейді.

Ол мәнсап жолын мэрияда бастады. Бостон мэрі қоғам тарапынан қолдауға ие болған бірнеше бұйрықтың іске асуына ат салысқан. Мәселен, Мишель Ву балаларды қарау үшін ақылы демалысқа шығу мен денсаулық сақтау саласында жынысына қатысты дискриминацияға жол бермеуді көздейтін бұйрықтың қабылдануына ат салысты. Кеңесте аталған бұйрықтар бір ауыздан қабылданған. Сонымен қатар Мишель ханым

Бостон қаласының кез келген тұрғыны қаланың барлық қызмет көрсету орындарына жүгіне алуы үшін арнайы коммуникация бойынша жарлықтың авторы. Оған сәйкес, Бостон қаласы тұрғындары барлық ақпараттың кез келген тілде жазбаша, ауызша аудармасын ала алады. Бұл ағылшын тілін дұрыс білмейтін немесе мүлде білмейтін тұрғындар үшін өте ыңғайлы.  АҚШ секілді түрлі ұлт өкілі шоғырланған ел үшін мұндай ақпараттық технология таптырмас құрал. Ата-анасы шетел асып, АҚШ-қа қоныс аударғандықтан, тіл мәселесімен бетпе-бет келгені анық. Осы мәселелерді іштен түсінетіндіктен де, оның шешімін табу үшін жұмыс істеп жатқаны анық.

 

Соңғы жазбалар

ЖИ және мемлекеттік басқару: Орталық Азия мен АТМ елдері Корея тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінен келген 12 елдің 30-дан астам мемлекеттік қызметшісі цифрлы мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект бойынша Кореяның озық тәжірибесін зерделеу...

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Редакция поштасынан: Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі

0
Редакциямызға келіп түскен Назгүл Мауытханқызының ата-анасы жайлы мақаласын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз. Қос бәйтерегімнің асыл бейнесі Тәтті балалық шағым.  Алаңсыз, уайымсыз күндерім. Ыстық ұямдағы ...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...