МотивацияСан-Францискодағы мектептің білім сапасы қалай көтерілді?

Сан-Францискодағы мектептің білім сапасы қалай көтерілді?

 

САН-ФРАНЦИСКО. KazUnite – Сан-Францискодағы мектептің білім сапасы қалай көтерілді? «Edulinе кітаптары» телеграм арнасындағы материалды оқырман назарына ұсынамыз.

Сан-Франциско қаласы. Мектеп директоры 3 мұғалімді кабинетіне шақырып:

«Құрметті ұстаздар, сіздерді осы мектептің ең таңдаулы және үздік шығармашыл ұстаздары деп сіздерге жауапкершілігі зор жүк артпақпыз. Мектебіміздің ең үздік, ең ақылды деген 90 оқушысын келер жылға дейін жақсылап оқытып үйретуге тапсырма бермекпіз. Оларға білмегендерін үйретіп, амалдарды жылдам орындауға дағдыландырады, деген сенімдеміз», – дейді.

Сөйтіп, ұстаздар мен оқушылар, оқушылардың ата-аналары да бұл ұсынысқа қуана-қуана келіседі. Осылайша, қызу оқу жылы басталып, соңы табысты да жемісті жылға айналады. Оқу жылы аяқталғанда бұл мектеп оқушылары Сан-Франциско қаласындағы үлгерімі мен білімі сапасы жөнінен басқа мектеп оқушыларын басып озып, үздік нәтижелерге қол жеткізеді.

Сонда директор тапсырма берген 3 мұғалімді шақырып алып, былай дейді:

«Сіздерге айтар алғысым шексіз. Дегенмен мойындамасқа амал жоқ, сіздерге ең ақылды, ең үздік деп берген 90 оқушы кездейсоқ таңдалған орта білімді оқушылар еді», – дейді.

Мұғалімдер аң-таң. Естігендеріне сенер емес. Дегенмен, кез келген оқушыға сенім артып, ерекше көңіл бөлетін болса, жетістікке жетері сөзсіз екен. Директор мырза сөзін жалғастырып:

«Мойындайтын тағы бір мәселе бар – сіздер де бұл мектептің ең үздік шығармашыл мұғалімдері емес едіңіздер. Есімдеріңізді мұғалімдер арасында жеребе тартып, таңдап алдық. Мінекей, сіздер де өздеріңізге үздік мұғаліммін деп сенгендіктен осындай керемет жетістікке қол жеткіздіңіздер. Сіздерді құттықтаймын!» – деп сөзін аяқтайды.

Сенім адамды жеңіске жетелейді, ал күмән – жеңіліске. Сондықтан бір-бірімізге сенім артып, ортақ мүддені көздеп, аянбай еңбек етейік!

Ал сіз сенім күшіне сенесіз бе?

«Edulinе кітаптары» телеграм арнасы

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...