МотивацияТабысқа жетуге құштарлық: Мотивациясы жоғары адам үшін мүмкіндік те жоғары

Табысқа жетуге құштарлық: Мотивациясы жоғары адам үшін мүмкіндік те жоғары

 

Арманы мен мақсатына жетуге деген мотивациясы жоғары адамның айналасынан сол мақсатқа жеткізетін мүмкіндіктерді пайдалана білу қабілеті де жоғары. KazUnite компаниясы жүргізген әлемеуттік зерттеу нәтижесі осыны көрсетті.

Аштық сезімі тамақтануға, білуге, тануға деген қызығушылық білім алуға, әсемдік пен сұлулыққа құмарлық сұлулық салондарына немесе шопиң жасауға мотив болатыны секілді адамның кез келген арман мен мақсатқа жетуге ынтықтығы оны алға талпынуына жетелейді. Ішкі мотив, мотивация мықты болған жерде адам бір орында қала алмайды.

Мотивті бейнелеп айтсақ, ол адамның ішіндегі шам сияқты. Бұл шам белгілі бір мақсатқа жету жолын жарықтандырып тұрады.

Мотив адамды алға жетелейтін желкен сияқты. Ол сыртқы не ішкі қажеттілікке байланысты көздеген нәрсеге жету үшін ұмтылуға күш береді. Желкен болмаса, қайықтың алға жылжымайтыны секілді қандай да бір мотивсіз адам да әрекет етпес еді.

Қысқасы, мотивация адамның ішіндегі лапылдап жанған от, ол адамның қанын қыздырып, шабыттандырып, алға жетелейді.

Демек, мотвациясы мықты адамның мүмкіндіктерді көру қабілеті де мықты, ал мотивациясын жоғалтқан адам мүмкіндіктерді де жоғалтады.

KazUnite жүргізген зерттеу күнделікті тұрмыста туындаған «Арманы мен мақсатына жетуге деген мотивациясы жоғары адамның сол мақсатқа жеткізер мүмкіндіктерді көру мен пайдалану қабілеті де жоғары» деген гипотезаны талдап, тексеруді көздеген. Зерттеу датасы kazunite.com сайтының оқырманы арасында сауалнама арқылы жиналды. 18-65 жас арасындағы респонденттер сауалнамаға волонтер ретінде қатысқан.  Қатысушыларға мотивация деңгейін «өлшейтін» және мүмкіндіктерді пайдалану қабілетін «есептейтін» 36 сұрақ жіберілді. Қатысушыларға «Менің мақсаттарыма жетуге деген ынтам жоғары», «Мен алдыма қойған мақсаттарыма жету қабілетіме сенімдімін», «Мен ұзақ мерзімді мақсаттарыма жету үшін құрбандыққа баруға дайынмын», «Қиындықтарға тап болған кезде мен тез шешім қабылдап, мақсаттарыма жету үшін жұмыс істей беремін», «Мүмкіндікті анықтағаннан кейін, мен оған сәйкес әрекет ету үшін дереу шаралар қабылдаймын», «Мақсатыма жетуге жол ашатын мүмкіндіктер кез келген жерде табылады», «Мен өз мақсаттарыма жетуге деген көзқарасымды жақсарту үшін басқалардан белсенді түрде кері байланыс іздеймін», «Мүмкіндікті анықтағаннан кейін, мен оған сәйкес әрекет ету үшін дереу шаралар қабылдаймын», «Мен басқа адамдарды өз мақсатыма жеткізетін мүмкіндік ретінде қарастырамын» мәлімдемелермен келісетінін немесе келіспейтінін 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалау ұсынылды. Таңдауға ұсынылған жауаптар 1 – «толық келісемін», 5 – «мүлде келіспеймін» аралығында болды.

Алдымен бірінші бөлімдегі сұрақтардың жауаптары бойынша мотивацияның деңгейін анықтап, одан соң екінші бөлімдегі адамның мүмкіндіктерді көру және пайдалана білу қабілетін анықтауға арналған сұрақтар арқылы қатысушылардың мүмкіндікті игеру қабілеті Excel бағдарламасында есептелді. Бұдан кейін мотивациясын жоғалтқан адам мүмкіндігін де жоғалта ма, мотивацияның жоғары болуы мен айналасындағы мүмкіндікті пайдала алатындай ептіліктің бір-біріне қатысы қандай екенін сынап көруге арналған корреляция формуласы арқылы көрсеткіштер есептелді.

Талдау қорытындысы бойынша мотивация мен мүмкіндікті пайдалану қабілеті арасында 0,690 корреляция коэффициенті анықталды. Бірден 5-ке дейінгі көрсеткіштер бойынша есептелген категориялар арасында мұндай корреляция коэффициенті болуы  екі категория, яғни мотивацияның деңгейі менмүмкіндіктерді көру және пайдалану деңгейі арасында күшті оң байланыс бар екенін білдіреді. Яғни талдау нәтижесі көрсеткендей, мотивация артқан сайын адамдардың өз өмір жолындағы, айналасындағы мүмкіндіктерді көру және оларды пайдалана білу қабілеті де артады.

Бір айта кетерлігі, мотивация табысқа жетуге әсер ететін жалғыз фактор емес. Алынған нәтижеде мотивацияның мүмкіндіктерді тану қабілетіне әсер ететіні анықталғанымен, бұл процесс басқа факторларға да тәуелді. Айталық, білім мен тәжірибе, жаңа талаптарға бейімделу қабілеті, одан бөлек басқа да сыртқы фактолрлар адамның табысқа жетуіне немесе өз алдына қойған мақсатына жетуіне ықпал ете алады.

Алайда сөз басында айтқанымыздай, мотивация, мотив, іштегі от тәрізді. Ол от адамның ішкі санасын да жарықтандырады. Сол жарық, сәулелі сана, сәулелі ойлар адамға айналасына да позитив көзбен қарап, тіпті әрбір қиындықтың өзін даму, табысқа жету мүмкіндігі ретінде көре білуге себеп бола алады.

Мотивациясын жоғалтпайтын адамдар әрдайым өз мақсаттарына жетудің жаңа жолдарын көреді және сол жолдарды тиімді пайдалану үшін дайын болады. Жеке өмірді айтпағанда, кез келген жұмыс ұжымында, компанияларда да мотивациясы жоғары қызметкерлер тек өнімді ғана емес, сондай-ақ жаңа нарық мүмкіндіктерін көріп, жаңа жобаларға белсене араласуға дайын болады. Қазіргі жылдам өзгерістер мен жылдам даму үстіндегі әлем бізге сәт сайын жаңа талаптар қойып, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр. Арманыма жетсек, мақсатыма жетсем деген мотиві мықты, әрекетке дайын адамдар сол мүмкіндіктерді сөзсіз көре біледі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, KazUnite зерттеуінің нәтижелері мотивацияның әрекетке қозғаушы күш қана емес, мүмкіндіктерді көру үшін ашылатын терезе екенін дәлелдейді. Бұл адамның алдына қойған арманы мен мақсаттарына жетуі үшін  айналасына мотивациясын арттырып, мотивациясын сақтауға ықпал ететін  жалынды адамдармен қоршап, ерік жігерін арттыратын, өзіне от беретін ақпараттар алып отыру маңызды екенін көрсетеді.

Нәзира Байырбек,

Гүлмира Аймағанбет 

 

Соңғы жазбалар

Астанада мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау Орталығы ашылды

0
Rixos President Hotel қонақүйінде ART QALQA (AQ) мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау орталығы тұсаукесері өтті. Орталықтың алғашқы іс-шарасы - суретші Әсемгүл Жанахметованың «Әлем – әйел...

Нью-Йорк сән апталығында қазақтың үш қызы халықаралық коммерциялық емес ұйым ашты

0
KazUnite - Нью-Йорк сән апталығы аясында фэшн және сұлулық индустриясында тарихи оқиға болды, яғни International Beauty Fashion Association (IBFA) ұйымының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл...

Елеусін Бұйрин – Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы

0
Елеусін Бұйрин – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлға, алғашқы ұлттық газеттің редакторы әрі ағартушы. Елеусін Бұйрин қай жылы және қай жерде дүниеге келген? 1874...

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

0
KazUnite - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға»...

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі Америкадағы қазақстандықтарға үндеу жолдады

0
KazUnite - Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшілігі АҚШ-тағы қазақстандықтарға үндеу жолдады. Төменде үндеудің мәтіні сол қалпында беріледі: Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары!                                                                    ҚР...