Мотивация«Kazunite» компаниясының қазақстандық балаларға арналған күнделік-журналы жарыққа шықты

«Kazunite» компаниясының қазақстандық балаларға арналған күнделік-журналы жарыққа шықты

 

НЬЮ-ЙОРК. «Kazunite» компаниясының «Тұлға инженериясы» жобасы аясында 6-12 жас аралығындағы балаларға арналған «Менің армандарым» атты күнделік-журналы жарыққа шыққан журнал.

Күнделік-журналда балалардың ойлау жүйесін дамытып, өзін және өмірді түсінуге, алдына айқын мақсаттар қоя білуге және соған ұмтылуға баулитын мотивациялық әңгімелер мен психологиялық жаттығулар қамтылған. Мұны қолына алған әрбір бала өзінің арман-мақсатын жазып, берілген сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырмаларды бояйды.

Қазақстандық балаларға арналған жаңа жобаның авторлары – белгілі журналист, бірнеше танымдық кітаптың авторы, бүгінде АҚШ-тағы «Kazunite» компаниясының негізін қалаушы Нәзира Байырбек пен «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет.

Фотода Гүлмира Аймағанбет

«Біз, осы журналды дайындаған екі автор, біріміз – Қазақстанда, біріміз – Америкада тұрамыз. Осылайша,  жұмыс істеп, оқып, өзімізді дамытып жүріп, қазақтың ботақандары алда қазіргіден де дамыған, жақсы өмірге лайық болса деген ақ тілекпен  журналды  дайындадық. Журналистикада жиырма жылдай қызмет етіп, әлем елдерінің біразын көріп, өзіміз де біріміз бес, біріміз алты бала өсіріп, «Қалай балаларымызды мықты адам етіп тәрбиелесек екен?» деген сұрақпен ізденген анамыз. Бұл журналды дамыған елдердегі жоғары деңгейлі қоғамға лайық бала тәрбиелеу тәжірибелерін көріп отырып, жасадық. Журналға өз балаларымызға қолданған тәжірибелерді де қостық», – деді авторлар. 

Айта кетсек, KazUnite халықаралық порталы – АҚШ-та (Нью-Йорк қаласы) ашылған тұңғыш қазақ басылымы.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...