МотивацияСозылмалы шаршаңқылықтан қалай арылуға болады?

Созылмалы шаршаңқылықтан қалай арылуға болады?

 

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Қазіргі таңда адамның бәрі жұмысбасты. Онлайн жүйеде оқу, жұмыс істеу… Үйде отырып оқыған соң немесе жұмыс істеген соң уақытты дұрыс жоспарлай алмай, түннің бір уағына дейін отыру… Оқып не жұмыс істеп отырып та үйдегі басқа шаруаларға алаңдау, бір мезгілде бірнеше іспен айналысу… Осындай күй екінің біріне тән деуге болады. Дәл осындай елең-алаң күйде көп іс тындырып жүретіндердің басым көпшілігі – әйелдер қауымы. Себебі әйелдің мойнында жұмыс, оқу, қоғамдық іспен айналысу, жеке бизнес болса да, ол үй шаруасына, бала-шаға қамына алаңдап тұрады.

Отбасы, отағасының бабын табу, ас-су әзірлеу, кір-қоң, үй тазалығы сынды істері тағы бар ғой?! Осының барлығына үлгеру үшін менің кей құрбым тәулігіне тіпті 2-3 сағат қана ұйықтайтынын айтып жатады. Жарайды, бір күн, екі күн солай жүруге, шыдауға болар-ау. Ал ол ұзаққа созылып кетсе, неге апарып соғатынын білесіз бе?

Адам уақытты өзі дұрыс ұйымдастырып, дұрыс тайм-менеджмент жасамаса, адам үшін бір тәулікте 72 сағат болатын болса, оның өзі де аздық қылатын сияқты.

Әрине, жұмыстың қарбаластығына қарай бастапқы кезде аз ұйықтап, соншама қат-қабат тірлікпен жүрудің денсаулыққа, психологиялық саулыққа әсері білінбеуі мүмкін. Шабыт та мастық сияқты нәрсе. Кей істерге деген қызығушылығыңыз бен энтузиазмыңыз кеш жатып, ерте тұруға мотивация беріп жүретіні де рас. Бірақ адамның физиологиясында толыққанды ұйқының маңыздылығын ұмытпаған абзал.

Ұйқысы дұрыс болмаған адамның жүйкесі стресске төтеп беруде басқаларға қарағанда әлдеқайда әлсіз болады;

Тез шаршайды;

Шаршаңқылық созылмалы болып кетсе, адам ашушаң бола бастайды;

Шаршаңқы, қалың стрессте, яғни қысымда жүретін адам ақпаратты баяу қабылдайды;

Ең соңында созылмалы шаршау синдромының зардабын тартады.

Сонда байқасаңыз, “ананы бітіріп алайын”, “мынаны бітіріп алайын” деп жүріп, адам ұзақ уақыт бойы мөлшерінен тыс аз ұйықтаудың кері әсерін көреді екен. Ол бір жерден болмаса, бір жерден шығады.

Енді осылай жүйкемізді де, ағзамызды да қатты қинап жібермеу үшін не істеуіміз керек? Жарайды, сіз байқамай қалдыңыз, ұзақ күндер бойы дұрыс ұйықтамай, көп іс тындырып жүріпсіз, оған төзіпсіз, енді оның зардабын көрмеу үшін не істеу керек? Қалай жай-күйіңізді қалыпқа келтіруге болады? Соған тоқталайық.

Егер сіздің жағдайыңыз ең соңғы кезеңге, яғни созылмалы ұйқы қанбайтын халге жеткен болса, ол бірден емес, біртіндеп қалыпқа келетінін ескеріңіз. Онда да жақсы нәтиже өздігінен болмайды. Сіз ағзаңызға, өзіңізге көмектесуге тиіссіз. Ол үшін:

Дәл бүгіннен бастап күндегі уақыттан 1 сағат ерте жатуға тырысыңыз. Бүгінге дейін түнгі 3-4-ке дейін ояу жүрген болсаңыз, бүгін 3-те, ертең 2-де, одан соң 1-де, одан кейін түнгі 12-де ұйықтап, күн сайын осылай аз-аздан қосып отырып, ұйқыңызды қалпына келтіріңіз;

Жатар алдында 1 сағат бұрын жалбыз (мята) қосылған шай ішіңіз; Кептірілгенін сатып алсаңыз да болады немесе жас жалбызды сатып алып өзіңіз кептіріп алсаңыз да жақсы. Жалбыз болмаса Google-ға жазсаңыз, нешетүрлі жүйкені тыныштандыратын шөптерді атап береді (Душица, чабрец, ромашка, тола).

Демалыс күні бір апта бойы жиналған шаршағандығыңызды басу үшін тұз салып ваннаға түссеңіз болады, кемі бір сағат өзіңізге көңіл бөліңіз. Бұлай өзіңізді жақсы көріп, аялап, еркелеткеніңізді миыңыз да, тәніңіз де сезінеді.

Ұйқыны біртіндеп қалыпқа келтірген соң кемінде кешкі сағат 11-ден қалмай жатып қалуға тырысыңыз. Бітпеген ісіңізді ертеңгі ерте уақытқа қалдырыңыз.

Кешке ерте жатып, қайта таңертең сағат 4-5-те тұрсаңыз, сіз әлдеқайда өнімді жұмыс істейсіз.
Бұл денсаулығыңызға да пайдалы.

Басыңызға бір дегенде көп шаруаны алып алып, үлгермеген соң ашушаң анаға айналып, өмірі көңіл-күйі жоқ әйел болып, өзіңізді кінәлап, кейде жылап алып, дода-додаңыз шықпасын десеңіз, өзіңізді қатты тығырыққа тықпағаныңыз жөн!

Ұйқының қанбауы – тез қартаюдың бірден-бір себебі екенін естен шығармаңыз.

Сіз күн болып өмір сүруге лайықсыз!

Анар Әбдіманап,
психолог, Нью-Йорк

 

Соңғы жазбалар

Астанада мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау Орталығы ашылды

0
Rixos President Hotel қонақүйінде ART QALQA (AQ) мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау орталығы тұсаукесері өтті. Орталықтың алғашқы іс-шарасы - суретші Әсемгүл Жанахметованың «Әлем – әйел...

Нью-Йорк сән апталығында қазақтың үш қызы халықаралық коммерциялық емес ұйым ашты

0
KazUnite - Нью-Йорк сән апталығы аясында фэшн және сұлулық индустриясында тарихи оқиға болды, яғни International Beauty Fashion Association (IBFA) ұйымының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл...

Елеусін Бұйрин – Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы

0
Елеусін Бұйрин – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлға, алғашқы ұлттық газеттің редакторы әрі ағартушы. Елеусін Бұйрин қай жылы және қай жерде дүниеге келген? 1874...

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

0
KazUnite - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға»...

Табысқа жетуге құштарлық: Мотивациясы жоғары адам үшін мүмкіндік те жоғары

0
Арманы мен мақсатына жетуге деген мотивациясы жоғары адамның айналасынан сол мақсатқа жеткізетін мүмкіндіктерді пайдалана білу қабілеті де жоғары. KazUnite компаниясы жүргізген әлемеуттік зерттеу нәтижесі...