КөзқарасЖалғыздық қорқынышты ма?!

Жалғыздық қорқынышты ма?!

 

ЛИДС. KazUnite – Адам өмірге жалқы болып келеді. Тіпті егіздердің өзі бір-бірден, яғни жарық дүниеге кезекпен шығады. Ал өмірден қайтқанда да ешкімді жетектеп, ештеңені қалтамызға салып алып кетпейміз. Ендеше, жалғыздықтан неге қорқамыз?

Адам баласы үнемі ізденіс пен білім жолында жүреді. Біз қаласақ та, қаламасақ та, миымыз жаңа таным іздеп тұрады. Біреулер оны мал-мүліктен іздейді. Яғни ақшасы азайса, өзін жапанда жалғыз қалғандай сезінуі мүмкін. Енді біреулер жан-жағындағы жандардан медет табады. Жақындарының ойы мен пікіріне, көзқарасына тәуелді болады. Олар да біреу одан теріс айналса, жалғыздықтан құса болуы ғажап емес.

Ал шындығында сіз үшін «жалғыздықтың» дәмін таттырмайтын, жарыңыз да, балаңыз да, анаңыз да, атаңыз да емес, тек қана өзіңіз екенін білесіз бе?! Себебі «айналайын» дейтін ата-анаңыз, оншақты бірге туған бауырларыңыз, құшағында еркелей алатын жарыңыз жаныңызда, маңдайынан иіскейтін балаларыңыз бар болса да, кейбір сәтте кең дүниеде жалғыз қалғандай құлазитынымыз бар.

Жанымыздағы жақын жандар бізге күш пен қуат, мейірім мен махаббат нәрін себуші, былайша айтқанда «өмір» жолымызды жалғастыру үшін қажет жанармай болып табылады. Ол сөзсіз. Алайда адам баласы, өзіне-өзі жеткілікті болмаса, өзін-өзі таба алмаса, тұлға болып қалыптаспаса, мың адам айналасында айналып үйірілсе де «жалғыздықтан» құтыла алмайды. Себебі жан дүниесімен достаса, ұштаса алмаған адам үнемі жалғыз қалады.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...