КөзқарасҚарақалпақстан жұрты республиканы "егемен" мәртебесінен айыруға қарсы шықты

Қарақалпақстан жұрты республиканы «егемен» мәртебесінен айыруға қарсы шықты

 

НҮКІС. KazUnite – Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкісте жүздеген адам ресми Ташкенттің Қарақалпақстанды «егемен» мәртебесінен айыру жоспарына қарсы және тәуелсіз журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов босатуды талап етіп наразылыққа шықты.

Өзбекстан билігі ел Конституциясына көптеген өзгерту енгізіп, соның ішінде Қарақалпақстанды егемен дәрежесінен айыруды және Өзбекстан құрамынан шығуға тыйым салуды қарастырмақ. Конституциядағы өзгерістер тізімі 25 маусымда жарияланған. Өзгерістер бойынша талқы 5 шілдеде аяқталуы тиіс.

Mukun.uz телеграм каналы таратқан видеоларда Нүкіс көшелеріне жүздеген адам шыққаны байқалады. Кейбірінің қолында Қарақалпақстан туы көрінеді.

Бүгін, яғни 2 шілде күні Нүкісте жағдайдың тұрақталғаны туралы ақпарат тарады. Қоғамдық тәртіптің қалыпқа келгені туралы «Хабар 24» жариялады.

«Кеше қалада мыңдаған адам көшеге шығып, наразылық шеруін өткізген болатын. Халық Өзбекстан билігі қолға алған конституциялық түзетулерге, ондағы қарақалпақстанның мәртебесін өзгертуге қатысты ұсыныстарға қарсылық білдірген. Алайда, елдің ішкі істер министрлігі бұл әрекетті заңсыз деп таныды. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, конституциялық реформаға дұрыс түсініктеме берілмеген. Айта кетейік, таяуда көршілес елдің басшысы Шавкат Мирзиёев жастар күніне арналған жиында қарақпалпақ халқына деген құрметін жеткізіп, елді дамытуға, өзекті мәселелерін шешуге қосымша қаражат бөлініп жатқанын еске салған болатын. Әрі өзін қарақалпақ халқының да перзенті санайтынын тілге тиек еткен еді», – делінген «Хабар 24» ақпаратында.

Қарақалпақстан – Өзбекстан аумағының 40 пайызын алып жатқан республика. Мұнда екі миллионға жуық адам тұрады, олардың арасында қарақалпақтар, өзбектер және қазақтар бар.

Қарақалпақстан республикасы 1925 жылы құрылып, 1930 жылға дейін Қазақ КCР құрамында болады. 1936 жылы Өзбек КСР құрамына қосылған.

1990 жылы 14 желтоқсанда Өзбек ССР құрамындағы Қарақалпақ автономды республикасының парламенті толық тәуелсіздік алу жөнінде декларация қабылдаған. Алайда 1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан келісімге қол қойып, Қарақалпақстан 20 жыл Өзбекстан құрамында болады деп келіскен.

Келісімде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы қарастырылған еді. 2013 жылы бұл келісімнің уақыты біткен, ал уәде қағаз күйінде қалды. Қазір Қарақалпақстанның тәуелсіздігі жайлы айтып жүрген «Алға, Қарқалпақстан» қозғалысының мүшелері Өзбекстандағы қысымнан соң шетелге кеткен.

Өзбекстан билігінің биыл ұсынған конституциялық өзгеріс жобасында Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы алынып тасталған. Бұдан бөлек Өзбекстанның қолданыстағы Конституциясында «Суверенитетті Қарақалпақстан республикасы Өзбекстан республикасына кіреді» деп жазылса, жаңа ұсынылған өзгерісте «суверенитетті» сөзі алынып тасталған.

Ташкент конституциялық өзгерістерді жариялаған соң Қарақалпақстанның өзінен бөлек шетелде жүрген қарақалпақтар да бұл ұсынысқа қарсы шыға бастады.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...