КөзқарасАҚШ-та тұратын қазақ қауымы Қазақстан билігіне ашық хат жолдады

АҚШ-та тұратын қазақ қауымы Қазақстан билігіне ашық хат жолдады

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Америкада тұратын қазақ диаспорасы қауымдастығының өкілдері ҚР Президентіне және ҚР Үкіметі мен Парламентіне, ҚР Адам құқы жөніндегі өкілге бағытталған ашық хат жолдады. Төменде ашық хатты тура сол қалпында оқырман назарына ұсынамыз.

АШЫҚ ХАТ

ҚР Парламентінің,

ҚР Президентінің,

ҚР Үкіметінің,

ҚР Адам құқы жөніндегі уәкілдің

НАЗАРЫНА!

Қадірлі XXI ғасырдағы қазақ көшін бастап келе жатқан аға-бауырлар!

Біз, әртүрлі мақсатпен, тағдырдың әртүрлі жолымен, әлемнің әр елінен Америка Құрама Штаттарына келіп өмір сүріп жатқан қазақтар, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері ана тіліміздің тағдырына алаңдаймыз. Қандай да бір шаруалармен Қазақстанға барғанымызда көп істе бізге өз тілімізде қызмет көрсетілмейді.

Таяуда ғана АҚШ-та алғашқы қазақ онлайн газеті ашылып, тіркелген Kazunite  LLC Қазақстандағы қазақ тілді азаматтардың құқығының сақталуын зерттеу үшін әлеуметтік желілер арқылы сауалнама жүргізген. Сонда Қазақстанда мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде сөйлейтіндердің 81%-ы мемлекеттік тілде ақпарат, қызмет алу құқығы тапталып жүргенін айтыпты. Ал сауалнамаға қатысқандардың 90%-дан астамы қазақ тілі Қазақстан тәуелсіздігінің қастерлі бір құндылығы деп қабылдайтынын айтыпты.

Қазақ тілі – Қазақстан үшін жай қатынас құралы ғана емес, Конституциямен бекітілген мемлекеттік тілі.

Солай бола тұрса да, Қазақстанда мемлекеттік мекемелер, Парламент, Үкімет, әкімдіктерде көп жағдайда қазақ тілінде қызмет көрсетпейді.

Біз, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тіл қазақ тілінде қызмет алмауы олардың адами құқығын таптау деп білеміз. Өйткені барлық демократиялық елде Конституциямен бекітілген мемлекеттік тіл қатаң қорғалады, өз деңгейінде қолданылады. Ал мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтардың өз тілінде ақпарат, қызмет алу құқығы қатаң сақталады.

Қазақстанда мемлекеттік тілдің қызметін көп жағдайда «ресми тіл» деп аталған орыс тілі атқарып келеді. Ол мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне сай қолданылуына, дамуына кедергі болып келеді.

Сондықтан да біз, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері, ҚР Конституциясының 7-бап, 2-тармағындағы «орыс тілі – ресми тіл» деген нұсқаны алып тастауды Конституциялық реформаға енгізулеріңізді сұраймыз.

Құрметпен,

АҚШ-тағы қазақ дисапорасының өкілдері.

P.S. АҚШ-тағы Қазақ Ассосияциясы 47 адамның қолы қойылған хатты Ақордаға, Үкіметке, Парламентке және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жолдағанын мәлімдеді.

 

Соңғы жазбалар

Таспагерлер арасындағы халықаралық байқау қорытындыланды

0
НЬЮ-ЙОРК. Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы ұйымдастырған таспагер мамандар арасындағы «Табиғатты аялау» атты халықаралық бейне материал байқауының қорытындысы шығарылды. Халықаралық байқауға Қазақстанның...

«Табиғатты аялау»: KazUnite компаниясы бейнематериалдар байқауын жариялады

0
НЬЮ-ЙОРК. 15 сәуір – Экологиялық білім күніне байланысты АҚШ-тағы KazUnite медиа компаниясы әлемнің кез келген еліндегі таспагер мамандар арасында «Табиғатты аялау» тақырыбында халықаралық бейне...

Саади шығармашылығы және қазақ даналығы: парсы ойшылының қазақ әдеби дәстүріне әсері

0
АСТАНА. KazUnite - Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матиннің парсы ойшылы Саади Ширазидің шығармашылығының қазақ әдеби дәстүріне әсері...

Бас құрау және бала сүю: «Зорастыр бүй деді» кітабы

0
«Зорастыр бүй деді» кітабының Бас құрау және бала сүю туралы тарауының түпнұсқадан аударылған қазақша нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. – Інішек, саған қояр бір сұрағым...

АҚШ-тағы грин карта иелерінің міндеттері мен құқықтары қандай

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - Трамп әкімшілігі құжатсыз және заңсыз иммигранттарды депортациялау науқанын жалғастыра отырып, енді АҚШ-тың грин карта иелеріне назар аударды. Fox News арнасына берген...