КөзқарасҚазақша сөйлейтін Максим Рожинді “аульный русский” деп келемеждеген кім?

Қазақша сөйлейтін Максим Рожинді “аульный русский” деп келемеждеген кім?

 

НҰР-СҰЛТАН. KazUnite – Қаладағы дәмханалардың бірінде ұялы телефонымен қазақша тілдесіп отырған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожкинді сыртынан әлдебір азамат қасындағы басқа ұлт өкіліне “аульный русский” деп атаған. Бұл туралы Максим Рожин өзінің Facebook аккаунтында жазды.

«Жазбасқа болмай тұр, «айтайын десем жалғызым, айтпайын десем жалмауызым» дегендей, жаңа ғана мынандай жағдай болды. Түскі асқа келіп, үстелде отырмын. Алдымда солтүстік мемлекеттен келген біреу, (түріне қарасам бизнес мәселесімен келген адам сияқты, солтүстік гастербайтері қысқасы) оның жанында өзіміздің азамат отыр. Сонымен не керек, асты күтіп отырғанда телефоным шырылдап, тіршілік мәселесімен сөйлесе бастадым. Даусым қатты шықты ма, қазақша сөйлесіп отырғамыма ма, алдымда отырған маған бұрылып, бедірейіп қарады. Сосын досына «он что по казахски говорит?» – деді дауыстап. Содан соң тағы бұрылып, менің әңгімелесіп отырғаныма қарап отырды. не деген «беспардонный»… Қызығы әрі қарай болды. Сөйлесіп болдым, тамақ ішіп отырмын. Көрші үстел мені немесе мен сияқтыларды әңгіме етіп отыр. Мені «орысша білмейді» деп ойлады ма әйтеу, сонда әлгі біздің азамат: «да эти аульные русские все такие» деді. Бельгер ағамыз жарықтық айтып еді «мен ауылдың мәмбетімін» деп. Гастерлер жарайды, олар бұл мәселеге жабайылық пен қарауы мүмкін аузын ашып. Енді біздің өзіміздің жігіттер, сондай болмасаңдаршы енді. Ұят қой…. Қазақ тілі тек ауылдың тілі деп кім айтты сендерге?» – деп жазды Максим.

Сонымен қатар ол келімсектерге қалай өнеге көрсету керектігін де атап өтті.

«Тағы бір мәселе, осындай келіп-кететіндерге ең болмаса тәрбие беріп қалайық. Жанында болсақ, елдеріне қайтқанда адам болуларына бір сауабымыз болсын. Менің әйтеуір айтып үлгергенім: «у нас вот так пялиться не принято, это невоспитанность», – дедім. Кейін ойланып отырсам, елдің бәрінде этикет солай емес пе еді», – деп түйіндеді ол.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...