КөзқарасАбай мен Фирдоусидің әдеби байланысы

Абай мен Фирдоусидің әдеби байланысы

 

АСТАНА. KazUnite – 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күні. Төменде хакім Абай туралы авторлық мақаланы оқырман назарына ұсынамыз.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының барлық ізгі адамгершілік мұраттарының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, тілі мен мәдениетінің көрінісі. Ол – жаңа қазақ мәдениетінің, өркениетінің және әдебиетінің сәулетшісі, қазақ халқының өткен дәуірінің ең көрнекті ақыны әрі ойшылы.

Ұлы тұлға жаңа қазақ мәдениетінің негізін салуға үлкен үлес қосты. Ол өз халқы үшін терең ойшыл, құдіретті ақын, сенімді зерттеуші рөлінде ғана қалып қойған жоқ, сонымен бірге өзінің көмегі арқылы қазақ елінің хақты іздеушілерінің жолын нұрландырды.

Абай – қазақ халқының болмысын қалыптастыруға үлес қосқан бірден-бір тұлға. Бірақ бұл мақсатқа басқа мәдениеттерде кездесетін жақсы әрі жоғары құндылықтарды жоққа шығару арқылы қол жеткізген жоқ. Қазақтың ұлы ақыны, ғұламасы Абай Құнанбаев қалдырған асыл мұра оның ислам мәдениетінен, парсы өркениеті мен бай әдебиетінен нәр алғанын аңғартады. Ол өз туындыларында Хәкім Фирдоуси Туси, Низами Гянджави, Саади Ширази және Хафез Ширази сияқты Иранның ұлы ақындарын бірнеше рет атап өткен. Ал өз жәдігерлерінде сол ұлы тұлғалардың шығармашылығынан үзінділер келтіруі  парсы ақындарына деген құрметінің белгісі болып саналады.

Абай – жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы әрі қазақ халқының ең маңызды ұлттық тұлғаларының бірі. Бұл біртуар ақын Таяу Шығыс елдерінің, әсіресе Фирдоуси сияқты танымал парсы ақын-жазушыларының әдеби шығармаларынан шабыт алған және оның туындыларында Шахнаманың түрлі тақырыптары мен мазмұндарын кездестіруге болады.

Абай өз шығармаларында қазақ халқын ғылым үйренуге шақырып, ана тілімен қатар араб, парсы, орыс тілдерін де меңгеруге үндеп, «ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» деп айтып өткен.

Авторы: Али Акбар Талеби Матин,

Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...