КөзқарасҚазақ тілі - Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын тіл

Қазақ тілі – Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын тіл

 

KazUnite / Гүлмира Аймағанбет – Жақында баспасөз хатшыларымен бір жиынның үзілісінде сөйлесе қалдық. Сонда олардан мынандай әңгіме естідім.

Желтоқсан айында ел ішінде «банктер несиелерді амнистиялауда» деген жалған ақпарат тараған. Содан Қаржы нарығын реттеу агенттігі алдына бірден адамдар жиналып, наразылық акциясын өткізе бастайды. Күн сайын қатары көбейіп келеді. Банктер несиелерді амнистиялап жатыр дегенді естіген соң бәрі несиелерін жапқысы келетінін айтып тұрыпты.

Агенттік елді тарқату үшін әлгі ақпараттың жалған екенін айтады. Бірақ алдарына барып сөйлегенді тыңдайтын ел жоқ. Мұндайда сөзсіз журналистердің, блогерлердің көмегі қажет.

Баспасөз хатшылары елдегі жағдайды барынша түсіндіріп, халыққа жеткізу үшін елдегі ең рейтингісі жоғары деген орыс тілді сайттар арқылы ақпараттар таратады. Бірақ  оның ықпалы көрінбейді. Акция жасап, жиналған азаматтардың легі тоқтамайды. Сол жолы несиелерін жабуды өтініп, 18 мыңға жуық адам хабарласқаны айтылды. Қаптаған өтініш, талаптардың астында қалған олар ойлана келе, акцияға шыққан азаматтардың алдына қазақ тілді спикерлерді шығарып, телеарналарға қазақша сұхбаттар ұйымдастыра бастайды.

Содан кейін ғана дүрмек сап тыйылыпты. Осы бір ғана кішкентай факт – үлкен сабақ.

“Қазақстанда бәрі орыс тілін біледі, оны білу жеткілікті” деген көзқарас әлі де біздің қоғамға тән болса да, бұл Қазақстан үшін қазақ тілінің маңызы қаншалықты артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақ тілі – Қазақстанда дағдарыстан шығаратын тіл, дағдарыстан шығару құралы.

Мұның дәлелін мына жағдайдан да көруге болады. Бірнеше мәрте дағдарыс ошағына айналып, ереуілдер өткен Жаңаөзен халқының 98 пайызы да қазақтар емес пе?! Жалпы әлеуметтік жағынан нашар қорғалғандардың дені – қазақтілділер екені жасырын емес.

Ал біз әлі де баяғы сарынмен жүре бергіміз келеді. Мемлекеттен, жеке компаниялардан қомақты қаржы көбіне орыс тілді ақпарат көздеріне құйылады. Кейбір орыс тілді сайттың лентадан бір жаңалықты «жылт» еткізгені үшін миллионнан артық алатыны мәлім. Қазақ тілді сайттарға сол ақпаратты шығаруға, он немесе жүз есе төмен төлейді. Тіпті көптеген сайттар тегін жұмыс істеуде.

Бірақ қазақ тілді аудатория ауқымы кең әрі жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, Instagram әлжелісінде «миллионер» қазақ тілді аккаунттар, егер санаса, қазақстандық сондай орыс тілді аккаунттардан асып түсері анық. Сондықтан қазақ тілін оқу әлжеліде қазірдің өзінде трендке, табыс көзіне айналуда. Оны тіпті кейбір қазақ миллионерлері де аңғарып, енді ана тілін оқып, жазуға көше бастаған. Қазақ тілі арқылы әлжеліде танымалдығын арттыруға көшкен басқа этникалық топ өкілдері қаншама?! Өйткені олар қазіргі таңда халықтың тілі, оған ықпал ету тілі қазақ тілі екенін аңғарған. Әзірге бұл – бейресми ортадағы тенденция.

Қазақ тілінің ықпалы тек әлеуметтік желімен шектелмейтіні анық. Елде саяси тұрақтылықты шынайы қамтамасыз ету, дағдарыстың алдын-алу, жалпы қандай да бір идеологиялық немесе ағартушылық жұмыс жасау үшін қазақ тіліне жүгінуге тура келеді. Ол үшін ең алдымен, қазақ тілді контенттің сапасын арттыру, яғни оларды қаржыландыру мен соларға контент жасайтын мамандар сапасын көтеру маңызды екенін түсінетін уақыт жетті.

 

Соңғы жазбалар

Астанада мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау Орталығы ашылды

0
Rixos President Hotel қонақүйінде ART QALQA (AQ) мәдениет саласындағы әйелдерді қолдау орталығы тұсаукесері өтті. Орталықтың алғашқы іс-шарасы - суретші Әсемгүл Жанахметованың «Әлем – әйел...

Нью-Йорк сән апталығында қазақтың үш қызы халықаралық коммерциялық емес ұйым ашты

0
KazUnite - Нью-Йорк сән апталығы аясында фэшн және сұлулық индустриясында тарихи оқиға болды, яғни International Beauty Fashion Association (IBFA) ұйымының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл...

Елеусін Бұйрин – Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы

0
Елеусін Бұйрин – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлға, алғашқы ұлттық газеттің редакторы әрі ағартушы. Елеусін Бұйрин қай жылы және қай жерде дүниеге келген? 1874...

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

0
KazUnite - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға»...

Табысқа жетуге құштарлық: Мотивациясы жоғары адам үшін мүмкіндік те жоғары

0
Арманы мен мақсатына жетуге деген мотивациясы жоғары адамның айналасынан сол мақсатқа жеткізетін мүмкіндіктерді пайдалана білу қабілеті де жоғары. KazUnite компаниясы жүргізген әлемеуттік зерттеу нәтижесі...