Көзқарас«Ризықты» несібесінен айырған кім?

«Ризықты» несібесінен айырған кім?

 

НҰР-СҰЛТАН. KazUnite – Редакциямызға Бинара Мергенбаева есімді елорда тұрғыны, жеке кәсіпкер журналистерден көмек сұрап, хат жолдады. Хатта келісімшарт бойынша қызмет көрсеткен отандық компаниялардың бірінен жұмысшыларға төленуі тиіс 54,8 млн теңгені ала алмай жүргендері туралы айтылған. Бинара Мергенбаеваның хатын оқырман назарына ұсынамыз.

2017 жылдың 10 мамырында «Ризық» жеке кәсіп иесі ретінде «Востокстроизаказ» ЖШС-пен келісімшартқа отырдым (директор орынбасары Юрьев Владимир Денисович). Жұмыс істеген орнымыз – елорданың сол жағалауындағы «Семейный» тұрғын үй кешені. Онда бес блок болды. Барлық блоктың (А, Б, В, Г, Д) кіреберістеріне іргені гипспен қаралап сылау (черновая), финишка, шкурка, эмульсия (чистовая) жұмыстарын жүргізіп, мерзімінен бұрын аяқтадық.

Содан кейін «Востокстроизаказ» ЖШС қосымша жұмыстар берді (қосымша келісімшарт №1, №2, №3, №4). Жаңадан 11 қабаттың жұмысы жүктелді. Барлық 5 блок іргесін қаралап сыладық. Кеңсе мен паркингтегі (черновая, чистовая) жұмыстарды да уақтылы аяқтадық (10.05.2017ж – 31.05.2018ж).

Шілде айында «Востокстроизаказ» ЖШС директорының орынбасары Арман Ықласпаев телефон шалып, шақырды:

«Мемлекеттік комиссияға тапсыра алмай жатырмыз. Қосымша өңдеу жұмыстарын істеңіздер», – деп тапсырды.

Қайтадан жарылған жерлерді сылап, жұмысымызды тиянақты жүргізіп, 2018 жылдың 31 тамызында бітірдік.

Жұмыс барысында бізге еңбек ақы ретінде 20 000 000 (жиырма миллион) теңге төленді. Бірақ табан ет, маңдай терімізді төгіп, аянбай істеген адал еңбегіміздің ақысын толықтай, яғни 54 894 171 (елу төрт миллион сегіз жүз тоқсан төрт мың жүз жетпіс бір) теңгені әлі де ала алмай жүрміз.

Менің бригадам сол нысанда қыстың суығына қарамай, күндіз-түні жұмыс істеді. Барлық жұмысты өте жақсы жасағанымыздың арқасында Алғыс хат та алдық.

Бірнеше рет басшылыққа хат жазып, еңбегімізді төлеуді сұрадық, бірақ төлемеді.

Жұмыскерлердің еңбек ақысын беріп, мемлекетке салық төлеу үшін ұлымның екі бөлмелі пәтерін және өзімнің бір бөлмелі пәтерімді сатуыма тура келді.

2017 жылдың 5 қыркүйегінде Ақбұлақ көшесіндегі кеңсеге барып, «Востокстроидың» ЖШС директорының орынбасары Арман Ықласпаевқа барып:

«Салық пен 37 құрылысшының еңбекақысын төлей алмай отырмын», – деп, өзімізге тиесілі еңбекақымызды сұрадым.

Бұл сұрағыма Арман Ықласпаев:

«Ақша жоқ, бірақ соның орнына 11 қабаттан 2 бөлмелі пәтер алыңыз», – деді.

Содан соң бізді сол кеңсе ішінде отырған тапсырыс беруші «SAT Construction Group» (Сат Констракшн Групп) ЖШС директоры Аян Алимхановқа ертіп апарды.

«Бұл ИП «Ризықтың» директоры. Еңбекақысын төлей алмай отырмыз. Сондықтан еңбекақының орнына 11 қабаттан екі бөлмелі пәтер беріңіз», – деді.

Аян Алимханов сызбаларын ашып, Г блогынан 75,9 ауданды екі бөлмелі пәтерді №264 келісімшарт құжатымен (5.09.2018ж) жеке тұлға ретінде менің атыма жазды. Заң бойынша «Ризықтың» жеке кәсіпкерліктің еңбекақысы үшін берілуі керек екен. Ол кезде мен түсінбедім. Себебі заңгер емес, экономистпін.

Артынан сол пәтерді маған айтпай, сыртымнан Таваков Тавал деген азаматқа сатып жіберіпті (оның тел. нөмірі 87772840635). Мен оны кеш білдім. Қайтадан Ықласпаев, Денис Юрьев (құжат жүзінде аты жоқ, Владимир Юрьевтің әкесі, екі ЖШС-ті, «Сат Констракшн Групп» пен «Востокстройзаказ»-ды басқарып отырған адам (сот процесінде өзі айтты) үш жақтан келісімшарт жасап, сол «Семеиный» тұрғын үй кешенінен екі кеңсені ресімдеді.

1) 2.03.2018 ж. ВП – 7 – 35 104 000  теңге

2) 12.03.2019 ж. ВП – 2 –  28 374 892 теңге

Үйді мемлекеттік комиссияға тапсырған соң кеңселердің кілтін сұрап барғанымда Арман Ықыласпаев:

«Сотқа, Президентке барсаң да, ала алмайсың. Біз оны Тасжанов Тұрсынбекке саттық», – деді.

Тұрсынбек Тасжанов – бізден кейін, 2019 жылы үй аумағын көгалдандырған адам.

2021 жылдың 14 желтоқсанындағы сот процесінде «2017 жылдан жұмыс істедім» деп жалған құжаттар жасап, сотты да алдады. Мен сотқа арыз бердім. Менде куәгерлер бар, олар – технадзор Сағадатов Қуандық, учаске бастығы Ысқақ Сәкен. Олар куәгер болып, 2017 жылдан Тасжанов Тұрсынбектің жүмыс істемегеніне куәгер болды.

№2 Сарыарқа аудандық сот төрайымы Нағашыбаева Гүлсая Ғазизқызы менің өтінішімді қабылдамады. 2022 жылдың 2 ақпанында менің ісімді қараусыз қалдырды.

Қайтадан Қалалық сотқа Аппеляциялық арыз бердік. 2022 жылдың 8 сәуірінде олар да қараусыз қалдырды.

Юрьев Денистің Сенатта отырған туысы бар. Ол Лукин Андрей Иванович. 2019 жылдан бері ол Қазақстан бойынша сот процесін басқарады. Сондықтан да осындай әділетсіз шешім шығып отыр деп ойлаймын.

Өйткені екі кеңсенің де, 2 бөлмелі пәтердің де алғашқы иесі менмін.

Өз елімде, туған жерімде адал еңбек етіп жүр едім. Әділеттің жоқтығы, жемқорлардың ел басқарып отырғаны жаныма қатты батты. Осы қиын жағдай жанұямның шырқын бұзды және менің денсаулығыма кері әсерін тигізді, екі рет ота жасаттым.

Әділеттілік үшін күрескен, соғысқан аяулы әкем, бабаларымыз бізді жаны, ары таза ұрпақ етіп өсірді. Басшылардың арсыздығы жаныма батады. Әділ шешімді қайдан табамын? Журналистерден көмек сұраудан басқа амалымыз қалмады. Сіздерден шынайы ақпарат таратып, қолдау көрсетіп, көмек берулеріңізді өтініп сұраймыз.

Бинара Серікбайқызы Мергенбаева,

Жеке кәсіпкер

© Фото ашық көздерден алынды

 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...