КөзқарасҚазаққа тарихты білу не үшін керек?

Қазаққа тарихты білу не үшін керек?

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Тарих ғылымдарының докторы, профессор, АҚШ-тың Гарвард университетінде ғылыми зерттеуші Нұрлан Кенжеахмет қазаққа тарихты білудің не үшін қажеттігі туралы айтты.

«Тарихты көп оқысақ, ата жауымызды іздеп кетеміз» деген – жалпы, меніңше, қате пікір. Қазіргі қазақ жері дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында тұр, ал халқы 19 миллион ғана. Не үшін? Тарихты білмесек, мұның себебін қалай білеміз? Тарихты білмесек, осы ұлан-байтақ жерімізді қалай сақтап қаламыз!? Көрші елдер жерімізге көз алартып отырса, не істеуіміз керек?  Қазақ жерінің осынша кең болу себебі көшпенділік мәдениет, көшпелілік өмір салты қазақтан соған сай кең жерді қажет еткен. Әр ру бір-бір жайлауды иемденген. Бір рулы елдің қыстауы, жайлауы, күзеуі болған. Отырықшылар жерге байланып, аз жерден көп өнім алу жолдарын іздесе, көпшенді халық малға жайлы жер іздеген. Бұрынғы ата-бабаларымыз көп жерді иемденіп, қуатты мемлекет болғаны сондай, Қытай олардан қорғану үшін Ұлы қорғанын салған. Меніңше, тарихты білмесе, адам бар нәрсесінің мәнін де, бағасын да білмейді», – деді тарих ғылымдарының докторы KazUnite тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол тарихты білу қазаққа өзін-өзі сақтап қалу үшін, елінің амандығы мен жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін керек екендігін атап өтті.

«Мен осы бағытта аз да болса септігімді тигізгім келеді. Менің мақсатым – қазақтың бұрынғы территориясын, бұрынғы серілік-ақсүйектік қоғамын әлемге оң жағынан таныстыру. Оны жайдан-жай ешкім мойындамайды. Оны мойындату үшін ағылшын тілінде монография шығаруың керек. Оған азулы елдердің мықты-мықты ғалымдары пікір жазуы қажет. Сол жарияланған соң ғана бүкіл дүниежүзі назар аудара бастайды. Қазір халықаралық ғылыми айналымда Қазақстан жайлы тарихи ақпараттар өте аз. Сондықтан қайта бізге қазақ тарихы жайлы көбірек зерттеу жұмыстарын жасап, халықаралық деңгейде жариялау керек», – деді Нұрлан Кенжеахмет.

Профессор Нұрлан Кенжеахметтің KazUnite халықаралық онлайн газетіне берген сұхбатының толық нұсқасын осы жерден оқи аласыз.

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...