АқпаратДжулия мен Салтанат

Джулия мен Салтанат

 

Өткен аптада екі бейкүнә қызды бірін – Астанада, екіншісін – Венеция маңында өздері сенген, арқа сүйеген жақындары асқан жауыздықпен өлтірген. Екі оқиға да екі елді дүр сілкіндірді. Бірақ екі ел – екі әлем.

Сенбі күні 22 жасар студент Джулия Чекеттиниді бұрынғы жігіті пышақтап өлтіргені итальян қоғамына төбеден жай түскендей әсер етті. Үкімет пен қоғам мұны әйелдерді қасақана өлтіру – фемицид деп атап, мейілінше наразылықтарын білдіруде.

Егер Салтанат Нүкенованың өліміне кейбір қазақ блогерлері әйелдің өзін кінәлі етуге тырысса, Италияда ең алдымен танымал ер адамдар әйелдерді өлтіру масқара жағдай екенін айтып, дабыл қақты.

«Сүйкімді ханзаданың кейпіндегі сүмелек қорқақтар, жетеді оларға төзуге», – деген ашумен Италия футбол құрама командасының бас бапкері Лучано Спаллетти «әйелдер еркіндігіне қол сұғатын кез-келген адамнан» араша болу қажеттігін айтты. Тағы бір белгілі футболшы Клаудио Маркизио «мәселе – ерлерде» дей отырып, оларды жауапкершілікке шақырды.

Вице-премьер, Сыртқы істер министрі Антонио Таяни ерлер атынан Италия әйелдері алдында кешірім сұрады.

Премьер-министр Джорджия Мелони әйелдердің өлтірілуін «төзуге болмайтын ауытқушылық» деп атап, «варварлықты тыю» керектігін мәлімдеді. Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы ақпараттық кампания жарияланды. Бірнеше күнде сенім телефонына хабарласушылар екі есе артқан.

Сенат арнайы заң жобасына кірісті. Мектептерде қарым-қатынас пән ретінде оқытылу қарастырылмақ.

Суретте: Туринде әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық акциясына шыққан қазақстандық Dinara Kanzler.

Италияда жаппай акциялар мен пикеттер жалғасуда, университет, мектептер мен концерттерде үнсіздік минөттері жариялануда. Маршқа шыққандар арасында күдікті жігіттің әке-шешесі де бар. Олар жүректері қарс айырылып, ұлының заң алдына жауап беретінін айтуда. Ең үлкен шеру Римде 25 қарашада халықаралық гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсылық күні өтеді.

Джулия 60 млн халқы бар Италияда – жыл басынан өлтірілген 105-ші әйел. Халқы үш есе аз Қазақстанда, жыл сайын 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұматыны талай жазылды. Бірақ неше әйел серігінен соққы алды, мүгедек болды, қайтыс болды, ол туралы нақты ақпарат жоқ.

Әйелге қарым-қатынас – сол қоғамның айнасы.

Фотолар интернеттегі ашық дерек көздерінен алынды.

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...