КөзқарасОРЫС ӘСКЕРІ НЕГЕ ӘЛСІЗ?

ОРЫС ӘСКЕРІ НЕГЕ ӘЛСІЗ?

 

KazUnite / Нұржан Байтас – Ресейде мобилизация басталғалы ірі қалаларындағы жөнін тапқан ер азаматтары елінен кетіп жатыр. Ресейден ебін тауып кетіп қалуға бет алған бір Ресей азаматы өзінің елінен кетуін “ешкімді өлтіргім келмейді, өзім де өлгім келмейді” деп түсіндірді.

Ал Путиннің мобилизациясы салдарынан жап-жас балаларын соғысқа шығарып салып, зар жылап қалған орыс аналарының дауысы сай-сүйегіңді сырқыратады. Өзге елге басқыншылық бастаған Президентінің саясатына наразылық танытып, алаңға шықққанда өз ұлының өмірін ғана емес, өз жерінде отырып, басқыншы жау қолынан көз жұмып жатқан украин халқын да ойлағанда, Путин бір халыққа обал жасап жатқанын айтып қарсы тұрғанда осылай болмас еді-ау дейсің.

Ресейдің шет елдерге қашып жатқан азаматтарын бір жағы кінәлай алмайсың. Олар соғысқысы келіп тұрған жоқ қой. Соғысқа барғысы кеп тұрған жоқ. Ал Ресейде «ойбайлатып» әскерге алып кетіп жатқан жас бозбалаларын аяйсың.

Империалистік пиғылмен кеуде ұрып келгені болмаса, тіпті дамымай қалған, баяғы инерцияның күшімен өмір сүріп келе жатқан ел екен ғой.  Мобилизация деп жинаған әскеріне, сарбаздарына мылтық та тауып бере алмай, ескі сықырлаған, тот басып, сынғалы тұрған қаруды ұстата салып жатыр. Олар қайтіп соғысады?

Қолында қару, бойында рух жоқ көбінің. Өйткені ол бозбалалар үшін бұл соғыстың мәні жоқ. Олар шын мәнінде “елімді қорғаймын” деп жігерленіп, рухтанып кетіп бара жатқан жоқ. Олардың алдында елін қорғау емес, бір елді қорлау, күнәсіз халықтың жеріне басып кіріп, өлтіру тұр.

Ал Украинаның әр сарбазының бойында мықты жауынгерлік рух бар. Өйткені олар өз жерін, елін қорғап, өз жерінде еліне төнген жаумен күресіп жүр.

Нұржан Байтас,

Нью-Джерси, АҚШ

 

Соңғы жазбалар

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...

Электрондық қаржы орталығы Минскіде өткен IV Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

0
МИНСК. KazUnite - Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүше елдердің мемлекет басшылары...