СұхбатАтажұрт алғаш көргеннен жүрегімізді баурап алды – Америкадағы кәсіпкер қазақ қызы

Атажұрт алғаш көргеннен жүрегімізді баурап алды – Америкадағы кәсіпкер қазақ қызы

 

НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Американың еңбек нарығы қандай? АҚШ-та тұратын қазақтардың табыс мөлшері басқа қауымдастық өкілдерімен, жергілікті халықтың еңбекақысымен салыстырғанда қаншалықты  айрымашылық бар? Құрама Штаттардағы қазақ қауымы қай салалар бойынша бизнеспен айналысып жүр? Осы және өзге де сұрақтар жөнінде АҚШ-тағы қаржы саласы бойынша қызмет көрсететін «G&J TAX CPA» компаниясының негізін қалаушы Гүлжауһар Батханмен сұхбат құрдық.

– Гүлжауһар ханым, сіздер –АҚШ-тағы қазақтар арасында біз үшін алғаш кезіктірген бухгалтерлік қызмет ұсынатын бизнес өкілдерісіздер. Бұл бизнеске қалай келдіңіздер?

– Ең әуелі бізді KazUnite порталына сұхбатқа шақырғандарыңызға көп рақмет. Мен Мәскеуде білім алып, қаржы мамандығы бойынша оқуымды 2011 жылы бітірдім. Университет бітіргеннен кейін аудитор мамандығы бойынша Big 4, Deloitte бойынша Моңғолияда еңбек жолымды бастадым. 2013 жылы АҚШ-қа оқуға түстім. Мұнда UCLA extension бағдарламасын тәмамдадым. Оқуымды бітіргеннен соң мамандығым бойынша Ирвайн қаласындағы accounting фирмасына жұмысқа орналастым. Бұл жерде 7 жылға жуық жұмыс істеп, осында бизнес жасау құқығына ие болған соң жұбайымыз екеуміз өз фирмамызды аштық.

Фотода: Жанболат Медеухан мен Гүлжауһар Батхан

Жұбайым Жанболат Медеухан Ирвайнға 2007 жылы оқуға келген. Осындағы белді оқу орнының бірі Cal State University Fullerton-да қаржы мамандығы бойынша білім алып, оны 2012 жылы бітірген. 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта G&J TAX CPA компаниямыз Ирвайн қаласында қаржы саласы бойынша түрлі қызмет көрсетеді.

– АҚШ-тағы қазақ диапорасының өкілдері заңгер, дәрігер, көлік жөндейтін механик болсын, жалпы қандай маман іздесе де, Whatsapp пен Telegram топтарда өздері барған кеңсенің қызметін ұсынып жатады. Осылай word of mouth marketing, яғни ауызша жарнамалар қазақ чаттарында айналып жүреді. Өкініштісі “заңгер бар ма?” деп сұрағандарға көп жағдайда өздері танитын заңгерді ұсына береді де, оның қызмет сапасына қарамастан, қазақтар бірінен соң бірі сол заңгерге барып, кейде «жем» болып жатады… Сонда олардың көбі АҚШ-та қазақтан шыққан бухгалтердік қызмет ұсынатын компания бар екенін білмейтін сияқты ма? Неге?

– Иә, өте орынды сұрақ. Соңғы жылдары Қазақстаннан АҚШ-қа біршама адам көшіп келгендіктен, қазақстандық клиенттеріміздің қатары біраз артты. Дегенмен осындағы қазақтардың көбі басқа ұлт өкілдерінің қызметтеріне жүгініп жүр. Біздің компаниямыз туралы мәлімет олардың құлағына әлі де аса жете қоймаған сияқты. Осы сұхбат арқылы АҚШ-тағы қазақ қауымы біз туралы көбірек біледі деп үміттенеміз.

– Жалпы сіздердің клиенттеріңіз кімдер?

– Біздің клиенттеріміз – (real estate, transportation, logistics, technology, e-commerce) көлік, логистика, технология, сауда және басқа да бизнес саласында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер.

– Американың еңбек нарығына сіңу, өз орындарыңызды алу қиын болған жоқ па?

– Әрине, емтихан тапсырғаннан бастап оңай болмады. Жалпы, Американың еңбек нарығы оңай емес. Дегенмен дүниежүзіндегі ең үлкен нарық болғандықтан, тынбай еңбек еткен адамға жол ашық. Біз де тұрақты еңбектің арқасында өзіміздің деңгейімізге сай орнымызды алуға тырысып келеміз.

 

– Қазақ клиенттерге аз да болса бүйрегіңіз бұрып, жеңілдік жасауға, жанашырлық танытуға тырысасыз ба? Әлде “аясаң, аяма” деген қағиданы ұстанасыз ба? 

– Әрине, қазақтарға бір бүйрегіміз бұрып, көмектескіміз келіп тұрады ғой. Жеңілдік жасаймыз.

– Алдыңызға келген клиенттер көп шығар. Елдің кірісі мен шығысы көз алдарыңызда өтіп жатыр. АҚШ қазақтарының еңбек ететін саласы, табысы жағынан басқа қауымдастық өкілдерімен, жергілікті халықтың еңбекақысымен салыстырғанда айрымашылық бар ма?

– Иә, қазақтардың басым көпшілігі енді-енді келіп жатыр ғой. Сондықтан басқа қауымдастықтардың өкілдерімен салыстыруға келмейді. Дегенмен бизнес жүргізіп, миллиондап табыс табатындары да аз емес. АҚШ-та көзін тауып, бизнес жүргізе білген адам үлкен табысқа қол жеткізе алады.

– Қазақтар көбіне қандай кәсіптер арқылы күн көріп жүр?

– Америкадағы қазақтар – өте еңбекқор адамдар. Біздің фирмамыз көбіне құрылыс, ІТ стартап, тазалық, жүк тасымалдау, электронды коммерция салалары бойынша кәсіп жасап жүрген қазақтармен жұмыс істеседі.

– АҚШ-тағы қазақ диаспорасында Қазақстанды көрмеген қазақтардың бар екенін білеміз. Сіздің де Америкаға Маңғолиядан келгеніңізден хабардармыз. Қазақстанды көрдіңіз бе?

– Иә, жұбайым екеуміз де Моңғолияның Баян Өлгей аймағындағы қазақтар көп шоғырланған өлкесінде туып-өстік. Былтыр мен өмірімде алғаш рет, жұбайым 20 жылдан кейін Қазақстанға қыдырып бардық. Сол жақтағы туыстарымызбен жолықтық.

– Атажұртты көргенде қандай әсерде болдыңыз?

– Біз Алматы мен Астанада болдық. Қазақстанның қалалары мен ойлағаннан да әдемі екен.

Фото Гүлжауһар Батханның жеке мұрағатынан

Атажұртымыздың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын көріп, бір марқайып қалдық. Алматының ауа райы да, табиғаты бізге қатты ұнады. Астана да заманауи, әсем қала екен. Биікте ілініп, желбіреп тұрған қазақ елінің көк туын көргенде бойымызды ерекше мақтаныш кернеді. Атажұрт алғаш көргеннен жүрегімізді баурап алды, ғашық етті.

Фото Гүлжауһар Батханның жеке мұрағатынан

– Қытай диаспорасынан шығып, Жапонияда академиялық білім алған, ғылымға бет бұрған азаматтар баршылық. Сонда көбінің ата-анасы баласын оқуға жіберерде: “Оқуыңды бітірген соң Қазақстанға, атажұртқа барып, сонда елге қызмет етем деп уәде бер” деп отырады екен. Сіздің атажұртқа оралғыңыз келе ме?

– Өте жақсы сұрақ. Біз де Қазақстанға оралып, қазақ елінің өркендеуіне үлес қосқымыз келеді.

Фото Гүлжауһар Батханның жеке мұрағатынан

Отбасылы болғанға дейін «қай жақта өмір сүрсем де, бастысы жақсы табыс тауып, бақытты өмір сүрсем болды» деп ойлайтынмын. Бірақ отбасылы болған соң ол ойым түбегейлі өзгерді. Біз балаларымыздың қазақ елінде қазақ тілінде сөйлеп, өзінің қазақ екенін біліп, сезініп, мақтан етіп өскенін қалаймыз. Шетелде алған біліміміз бен тәжірибеміз қазақ елінің өркендеуіне де атсалысуға жараса екен деген ниетіміз бар.

– Сұхбатыңызға рақмет! 

Сұхбаттасқан Нұрдәулет Кәкіш

 

Соңғы жазбалар

АҚШ Сенаты TikTok-қа тыйым салу немесе сату туралы заң жобасын мақұлдады

0
ВАШИНГТОН. KazUnite - АҚШ Сенаты TikTok әлеуметтік желісінің иесі қытайлық ByteDance концернін басқа иелік етушіге беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Заң жобасында Қытай тарапына...

Шольц Путинге Канттың сөздерін мысалға келтіруге тыйым салды

0
Берлинде неміс философы Иммануил Канттың 300 жылдығына орай мерейтойлық жылдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Берлин-Бранденбург ғылым академиясы мәлім етті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі. Іс-шара Пруссия...

Грекиялықтар елдің НАТО-дан шығуын талап етті

0
Грекия астанасы Афинада коммунистік партия мен халықаралық және бейбітшілік комитетінің мүшелері қатысқан салтанатты бейбітшілік шеруі өтті, деп хабарлайды KazUnite тілшісі  902.gr-ға сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша,...

«Таза Қазақстан»: Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауы тазартылды

0
KazUnite - Қазақстанда «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Абай облысы Мақаншы ауданындағы Айдынды-Алакөл жағалауында жалпы аудандық сенбілік өтті. Акцияға ауданның 11 ауылдық округі мен...

В5+1 форумында Anelya Alimova мен Business Woman KZ келісімшартқа отырды

0
АЛМАТЫ. KazUnite - Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы...