СұхбатЕуропада алғашқы болып клиника ашқан қазақ азаматы

Еуропада алғашқы болып клиника ашқан қазақ азаматы

 

БЕРН. KazUnite – Әлемнің түкпір-түкпірінде мықты қазақтар аз емес. Солардың бірі – Щвейцарияның Берн қаласында Еуропада алғашқы болып клиника ашқан қазақ азаматы, бүгінде Еуропа Қазақ Дәрігерлер қауымдастығының президенті Серік Тұрсын.

– Алғашқы сауалды, Еуропаға қашан қоныс аударғаныңыздан бастасақ…

– Германияға 90-жылдардың ортасында көшіп келгенбіз. Дәрігерлік саладағы дипломды қабылдату үшін қосымша оқып,  тәжірибеден өтіп, осы салада қызмет атқардым. Германия кезінде Еуропа елдерінде болған дағдарыста Испания, Грекия сияқты көптеген елдерге көмектесті. Сол кезде дәрігерлерге салықты арттырды. Кейін  салықтың тағы да артатынын естіген соң, алты айдың ішінде Швейцарияға көшуге шешім қабылдадық. Осында келгенімізге он жылдай уақыт болды.

– Щвейцарияда клиника ашқаныңыздан хабардармыз.  Бұл – үлкен жауапкершілік. Осы жолда қандай кедергілер мен мүмкіндіктер болды?  Жалпы, клиниканың ерекшелігі неде?

– Мұндағы дәрігерлерде екі мүмкіндік бар. Бірі  дипломын дәлелдеген соң клиникаларда жұмыс істеп, одан әрі лауазымы жоғарылай береді. Екіншісі  жеке клиника ашады. Щвейцарияда Еуропа елдерінде берілген дипломдардың барлығы жарамды. Тек ЕО-ға кейіннен кірген Еуропаның шығысындағы Кеңес Одағының құрамында болған екі-үш елді қабылдамайды. Сонымен қатар шетелдіктер үшін мүмкіндік ашып, қайта жауып, оны қайта ашып отыратындығы бар. Егер тәжірибесі болған жағдайда арнайы жұмысқа қабылданады. Бірақ келу үшін арнайы жұмыс орны қабылдау керек. Өз басым Швейцарияға келген соң бірден клиника аштым, ешқандай кедергі болған жоқ. Қосымша  1 жылдан кейін «Ультрадыбысты зерттеу – Сонография» бойынша емтихан тапсыру керек болды. Айырмашылығына тоқталсам, Швейцарияда жекеменшік клиникалар толық дәріханалы, жартылай дәріханалы және дәріханасыз болып бөлінеді. Біздің клиника – жартылай дәріханалы. Келген пациенттерімізді тексеріп, қан талдауларының нәтижесін шығарып, дәрілерін береміз. Яғни, барлық қызмет бір жерде көрсетіледі. Ал күрделі зерттеу талдамалары орталыққа жіберіледі.  Екінші айырмашылығы – әрбір қызметкердің өз алдына жұмыс жасауы. Қаралуға келген науқасты бір сағат ішінде тексеріп, рентгенге түсіріп,  талдама алып, дәрісін тағайындап, қолына ұстатып жібереді. Мұндай ерекшелік көп елдерде, тіпті Германияның өзінде жоқ.

– Күніне қанша науқас қабылдайсыздар?

– Күніне 30 науқасқа дейін қабылдаймыз. Пациенттерге дәрігерлерді өздері таңдауға құқық берілген.

– Шет елдегі дәрігерлердің басын қосып, Еуропа Қазақ Дәрігерлері  қоғамын құрдыңыздар. Орталығы Щвейцарияда орналасқан ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті қандай?

– Біраз жылдан бері өзіміздің бастамамыз бойынша Қазақстандағы медициналық оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. Басымдық біздің тараптан. Олай дейтініміз, Қазақстан тарапына білім, тәжірибе жағынан мүмкіндік ұсынсақ, көп жағдайда қаржының жоқтығын алға тартады. Біз онда тегін дәрістер оқып, өз тәжірибемізбен бөлісіп жүрдік. Осыдан кейін Еуропадағы  бірнеше дәрігерге қауымдастық құруды ұсындым. Осылайша, көптеген елдерден, атап айтқанда, Германия, Швейцария, Швеция, АҚШ, Польша, Франция, Норвегия, Италия, Оңтүстік Корея, Чехия сынды елдердің дәрігерлері мүшелікке қосылды. Олардың ішінде доктор дәрежелі мықты мамандар жетерлік. Мәселен, Ослодағы ең мықты клиникада гинеколог болып істейтін қандасымыз бар. Германияның танымал  EOS деген оптикалық мануфактурасында өзіміздің  қазақ әйелі мылтықтың оптикасынан космостық оптикаға дейін жасайды.  Осындай  мамандармен  тәжірибе алмасуға  Қазақстан тарапы мүдделі болса екен деп ойлаймын. Бұл – үлкен мүмкіндік қой.

– Әлемге індет тарағанда елімізге қандай да бір қолдау білдіре алдыңыздар ма?

– Өкінішке қарай, CОVID-19 етек алғанда көптеген адам о дүниеге аттанды. Дәрілердің барлығы қоймаларда сақтаулы болғаны кейіннен айтылды. Сол кезде Қазақстанға көмек ретінде алғашқы ұшақ Түркиядан жөнелтілді. Мұны ұйымдастырғандардың  ішінде біз де болдық,  Дания, Германия, Швейцария қазақ қауымдастығы, ЕҚДҚ-дағы тағы басқа елдегі қандастарымыз қаражат жинап, тыныс алатын аппараттар сатып алып,  ұшақпен жібердік. Бір  қиыны біз жіберген дәрі-дәрмекті өткізбей қойды. «Фарма Қазына» деген ұйым «Дәрілер қайдан келген? Кім шығарған?» деп тексеретіндіктерін айтып, шекарада әжептәуір қиындық тудырды. Дәрілік заттарды өткізбейтін болғандықтан, ел ішінен тыныс алу аппараттарын сатып алып бастадық. Бірнеше күннен кейін «еуропалық қазақтар сатып алып жатыр екен» деп бәрі бағаны 60 пайызға қымбаттатты. Сол себепті, екі аппарат алатын бағаға бір ғана данасын алуға мәжбүр болдық. Сөйтіп біз қалған қаражатты еріктілерге  бөліп тапсырдық. 50 жақын адамға 100 мың теңгеден үлестірдік.

– Сыртта жүрсеңіздер де, елдегі ағайынға қолдау көрсеткен екенсіздер. Ал соңғы болған келеңсіздіктер туралы не айтасыз?

– Еуропа Қазақ Дәрігерлері қауымдастығы қаңтар оқиғасына байланысты  онлайн кездесу өткіздік. Осы кездесуден кейін  Президентке екі мәселе бойынша үндеу жаздық. Біріншісі, шетелдік әскерилерді елден шығарылуын сұрасақ, екіншісі, қауымдастықтың дәрігерлері елге барып медициналық көмек көрсетуге дайын екенін әрі осыған Үкімет тарапынан  рұқсат берілуін сұрадық. 7 қаңтардан бастап  қол жиналып, 10 қаңтар күні Швейцариядағы Қазақстан елшісі Бақаев мырза арқылы жолдадық. Одан бері біраз  күн болды. Жауап болған жоқ. Біздің мақсат – біреуге бірдеңе дәлелдеу, үйрету емес, бар болғаны шет елдегі қазақ дәрігерлері бірігіп, ел азаматтарының денсаулығын жақсартуға, медициналық көмек беруге қашанда дайын екендіктерін білдіру.

– Еуропа Қазақ Дәрігерлері қауымдастығының алда қандай жоспарлары бар?

– Шет елдегі кәсіби білімімізді Қазақстанмен байланыстырып, тәжірибе алмасуға, сонымен қатар, медициналық жаһандық технологияларды жас мамандардың  игеруіне  үлес қосу.  Осынған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне бірнеше жоспарды ұсындық, бірақ әлі жауап жоқ. Дегенмен ірі төрт  жобаға келісімшартқа отырдық. Ішінде ірі клиникалар бар. Бұл – сыртта жүрген қандастардың әрқайсысының  жүрегі де, бүйрегі де елге бұрып тұратынының бір көрінісі.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Соңғы жазбалар

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...

Астанада Жаһандық инновациялық индекстің есебін жариялаудың өңірлік рәсімі өтті

0
АСТАНА. KazUnite - Орталық Азияда тұңғыш рет Жаһандық инновациялық индекс – 2024 есебін жариялау өңірлік рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі...

Нью-Йорк штаты Ассамблеясының марапатына ие болған алғашқы қазақ кім?

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Таймс-сквер орталығында өткен Нью-Йорктегі сән апталығы аясында Нью-Йорк штатының Ассамблеясы Анелия Әлімованы салтанатты түрде марапаттады. Анелия – мұндай марапатқа ие болған...

Әлемнің ТОП-10 үздік университеті белгілі болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite — Еуропа және Америка университеттері 2024 жылғы әлем университеттерінің академиялық рейтингінде (ARWU) көш бастап тұр. Гарвард университеті тағы да бірінші орында, деп...

Қазақстанның қазіргі шекарасында Абылайдың да, Әбілхайырдың да, Жәңгірдің де үлесі бар – картограф

0
KazUnite - Қазақтың ресми шекарасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қалыптасты дейтін түсінік дұрыс емес. Белгілі картограф, «Қазақ хандығы» тарихи картасының авторы, АҚШ-тағы Гарвард университетінің...