АртБақытгүл СӘРМЕКОВА, жазушы: Өзін құрметтейтін жазушы кітабын тегін таратпайды

Бақытгүл СӘРМЕКОВА, жазушы: Өзін құрметтейтін жазушы кітабын тегін таратпайды

 
Таяуда әлеуметтік желіде жас жазушы Бақытгүл Сәрмекова өзінің кітабы ағылшын тіліне аударылып, Лондонда жарық көргелі жатқанын қуана жазды. Қазақта шығармасы ағылшын тіліне аударылып, кітабы халықаралық деңгейде сатылымға шыққан қаламгерлер санаулы. Сондықтан kazunite-тың тұрақты авторы Мерей САКУРА жазушыға хабарласып, сұхбат құруды жөн санапты.
– Сіздің кітабыңыз Лондонда басылғалы жатыр екен. Құтты болсын! 
Шығармаларыңызды аударуға аудармашы ұсыныс жасады ма? Өзіңіз ұсындыңыз ба?
 – Рахмет, әзірге кітап басудың тек алғышарттары, келісімшарт жұмысын жасақтадық. Келісімшарт бойынша Лондондағы Tilted Axis Press баспасы аудармашы Миргүл Қали аударған менің кітабымды басып шығаруға, он жылға сату құқығын алды.
– Қазақтың көп жазушылары “қазақ шығармасын ағылшын тілінде дәл жеткізу қиын болады, мағынасы өзгеріп кетеді” деп алаңдаған жоқсыз ба?
 – Мен шығармаларымды аудару, кітап қылып жинақтау дегенге өте салақ, немқұрайлы қарайтын адаммын. Әдебиет мен үшін сүйікті іс, ермек. Белгілі мақсатқа жетсем деп жазбайтынмын. Тек қалаған уақытымда жазғым келіп тұрған кезде жазып жүретін едім.
Осыдан екі жыл бұрын шамасында АҚШ та тұратын Миргүл Қали фейсбуктағы мессенджеріме жазып, шығармаңызды аударып көрейін деп рұқсат сұраған болатын. Бас кезде таңырқап әрі қуанып қалдым.
Кейін кітабымды АҚШ-қа жібердім. Миргүл кітаппен танысқаннан кейін, толық аударып, халықаралық конкурстарға қатысқысы келетінін айтты. Аудармалар бірден жетістіктер әкелді. Бұл екі шебердің: жазушы мен аудармашының өзара үйлесім тапқанының жемісі шығар.
Иә, аударма жұмысы қиын, бірақ өзінше қызықты дүние екен. Аударманың сапасы қандай болады деп еш алаңдаған жоқпын, себебі бастама аудармашының өзінен болды, аудармашының қызығушылығы арқылы жасалды. Сондықтан, адам өзі жақсы көріп, қалап тұрып жасаған нәрсесінен сапасыз дүние шықпайтынын білемін. Еегер аудармаға тапсырысты мен берсем, және оған ақы төлейтін болсам алаңдайтын едім. Мен тіпті ағылшын тілінде қалай болады деп ойланбаппын да. Өзім ағылшын тілін білмеймін, бірақ халықаралық Pen America конкурсында қазылар алқасы Миргүлдің аудармасын жоғары бағалағанын кейін білдік.
– Қазақ жазушыларына үлгі болсын, осы кітапты аударту, шығару процесі қалай болғанын қысқаша айтып бересіз бе?
 – Өзім де басқаларға үлгі болсын деп кітапты шетелде басып шығаоу процесінің барлығын әлеуметтік желілерге жариялап жүрмін. Бұл жерде мен аса жұмыс тындырмадым. Бар болғаны жақсы шығарма жазған шығармын. Аудармашы іздеу, конкурс іздеу, баспаларды іздеу деген жұмыстардың бәрінен бейхабармын, басында да айттым ғой менде белгілі мақсат жоқ, жаным рахаттанып отырып, жақсы шығарма жазсам болғаны. Аудармашы да, грант та, баспа да өзі үйлесіп табыла кетті. Жолым болғыш адаммын.
– Бұл шығарма алдында да бір жүлде ұтып алды дедіңіз?
– Иә, Pen America халықаралық қорының Pen Heim translation грантын ұтып алған. Содан кейін, кітапты ағылшын тілінде басып шығару жұмысы тұрды алдымызда. Гранттың қаржысы кітап шығару, тарату, сату жұмыстарына жетпей қалуы мүмкін болды. Ойлап қараңыз, кітапты типографиядан өз елімізде басып шығарудың өзі үлкен жұмыс, қаржы. Ал, біз шетелден және халықаралық деңгейде, ағылшын тілінде басып шықпақпыз. Ойлана келе, Миргүл Қазақстандағы жергілікті кәсіпкерлерден, ұйымдардан қолдау жұмыстарын сұрап көресің бе деп ұсыныс айтты. Негізі біреуден бірдеме сұрауға өте ұялшақпын, және жақтырмаймын. Бірақ кітап жұмысы орта жолда қалмасын деген ниетпен біздегі Атыраудағы шетелдік компанияға хат жазбақшы болдым, алайда соңғы жылдары олар жеке адамды қаржыландыруды тоқтатып, тек белгілі ұйымдарға ғана қайырымдылық жұмыстарын жасайды екен. Ол ниетім жүзеге аспаған соң, Атырауда көп қайырымдылықтар жасап жүретін белгілі бір кәсіпкер ағамызға хат жаздым. «Шығармашылығым туралы сөйлесейін деп едім. Бірақ бұл туралы ешкім білмесінші» деп хат жазғаным үлкен қателік болды. Әрине, ол кісілер де маған көмектесуге міндетті емес, бірақ менің көмек сұрағаным туралы басқаларға айтып, кішкене ыңғайсыз жағдайлар болған. Содан кейін, ол жұмысты қойдым. Кітап шықпаса мейлі деп жүр едім, Миргүл Қали маған қарағанда алғыр, қайсар екен. Кітаптың аудармасын көрсете отырып, Халықаралық бірнеше баспаларға хат жазған, ұсыныс айтқан. Ұсынысты қабылдаған баспалардың ішінен Лондондық Tilted Axis Press баспасын таңдадық.
– Керемет! Қаламақыға қалай келістіңіздер? Шетелдік баспаның сізге берген қаламақысы көңіліңізден шықты ма?
 – Қаламақысы мені өте қуантты, мен себебі бұған дейін жазудан ақша тауып көрмеген адаммын.
– Таңғаларлық!
– Иә, солай. Ад Лондон баспасы маған екі мың фунт стерлинг, және он жыл бойы сатылымнан пайыз төлеп отыруды ұсынды.  Келісімшарт жасастық. Баспа авторы ретінде тек маған ғана пайыз төлеп қоймай, аудармашы Миргүл Қалиға да белгілі пайызын төлеп отырады. Керемет қой, иә?
– Әрине.
– Біз мына жақта өзіміздің адамдарымыздан қолдау күтіп, басымыз тасқа соғылып жүргенде айдаладағы ағылшындар кітапты басқанымен қоймай, бізге ақы төлеп отыр.
– Сіз енді кітабы ағылшынша шыққан жазушысыз. Әлеуметтік желіде “кітабыңызды басуға келісім бергені үшін қуанып, айтқан бағасына келісе бердім” депсіз. Енді тәжірибеңіз бар.  Келемі жолы қаламақы көбірек сұрайсыз ба?
– Енді ойымда бар. Әзірге жазудан алыстап кеттім, қайтып оралып жақсы шығармалар жазсам, тегіннен тегін сайттарға, журналдарға жариялауға рұқсат бермейтін шығармын. Себебі жазу да еңбек, жетістік екенін түсіндім. Жалпы өзін бағалайтын, құрметтейтін жазушылар шығармаларын тегін таратпау керек
– Кітабыңызды енді шетелдік, ағылшын тілді оқырмандар қайдан ала алады? Қайда сатылады?
  – Кітап бір жылдың көлемінде Лондонда басылады, кітап ағылшын тілінде сөйлейтін елдерге ғана таратылады, сатылады.
– Ағылшын тілді оқырман қазақ қызының осы бір кітабын қалай қабылдайды деп ойлайсыз?
– Жалпы батыс елдерінде біздің өміріміз, ойлауымыз қызық шығар деп ойлаймын. Орта Азия халықтарының дәстүрі, тұрмысы бәрі экзотика болып көрінуі мүмкін. Сол себепті қызық шығар. Шығармаларымда көбіне біздің қоғамдағы әртүрлі мінездер, тағдырлар, ауылдан шыққан қазақтардың жахандануға бейімделу процестері көрініс тапқан дейді әдеби сыншылар. Сонысымен шетелге қызық болуы мүмкін
– Басқа қаламгерлерге кітабы шетелде басылуы үшін қандай тақырыпта, қалай жазуға, яғни нене мән беруге кеңес бересіз?
  – Ешқандай кеңес бере алмаймын. Қандай бағытта жазатынымды да білмеймін, ең бастысы жазуды жанымен жақсы көру.
Әңгімелескен, 
Мерей САКУРА
 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...