СұхбатҚойлар жем-шөпке қатты тәуелді емес - шаруа қожалығының басшысы

Қойлар жем-шөпке қатты тәуелді емес – шаруа қожалығының басшысы

 

АСТАНА. KazUnite – Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Бүгінде бұл шаруашылықты кәсіпке айналдырған жандар аз емес. Солардың бірі – «Сапи» шаруа қожалығының басшысы, жетісулық кәсіпкер Төлепберген Сaпиұлымен сұхбат құрдық.

Төлепберген Сапиұлы 1979 жылғы 11 наурызда Моңғолияның астанасы Ұланбатырдан 100 шақырым жердегі Архуст аймағында дүниеге келген. Ол 1991 жылы Қазақстанға көшіп келген. Ал 1997 жылы мектеп бітіріп, бұрынғы Астана аграрлық университетіне оқуға түседі. 2002 жылы инженер-педагог мамандығын бітіріп, 2002-2004 жылдары Талдықорған қаласындағы 9 орта мектепте информатика пәнінен мұғалім болып қызмет етеді. 2004-2008 жылдары Алматы облыстық көшіқон басқармасында, 2008-2012 жылдары облыстық жер қатынастары бөлімінде жұмыс істеген. Қазіргі кезде 2 қыз, 3 ұлы бар. Үлкен қызы ҚР Қаржы министрлігінде, ұлы IT саласында жұмыс істейді. Екінші ұлы биыл Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне оқуға түсті. Үшінші ұлы Талдықорған қаласындағы 24 мектеп-лицейінде оқиды. Ал екінші қызы 4-сынып мектеп оқушысы. Жары үй шаруасында. Бүгінгі таңда олардың «Береке» атты шаруа қожалығы бар. 2012 жылдан бастап «Сапи» атты шаруа қожалығында жұмыс істейді.

Қой шаруашылығымен қашаннан бері айналысып келесіз?

Бұл кәсіппен айналысуыма әкем себепші болды. Ол 70 жасқа келгенде бұрынғы жұмыс орнымнан өз еркіммен шығып, оның кәсібін жалғастыруға бел будым. 40-тан аса меринос қойымыз және ешкілеріміз де бар. Қожалықта тұрақты түрде 6 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ егін шаруашылығымен де айналысамыз. 170 гектар суармалы жеріміз бар. Қожалығымызда 30% май бұршағы, соя өсіреміз. 30% жүгері, қалғанына арпа, бидай, мал азығы өнімдерін өндіріп, сондайақ көп жылдық шөп те егеміз.

Қойларға жем-шөпті қайдан аласыз?

Жем-шөбін шаруашылығымыз арқылы қамтамасыз етеміз. Негізінен қойлар жем-шөпке қатты тәуелді емес, өйткені жыл он екі ай өрісте жайылып жүреді.

Басқа түліктермен салыстырғанда бұл шаруашылықтың қандай кемшілігі бар?

Қой мен егін шаруашылығына субсидия алу мәселесінде қиындық туады. Салған инвестициямызды қайтарып алып жатырмыз. Бірақ,субсидия алу уақыты белгісіз, 1 жылдан 2 жылға дейін созылатын кездер болады. Мысалы, биылғы қаражатты келесі жыл аламыз. Сол себептен кейбір мемелекеттік органдарға көңілім толмайды.

Қой және егін шаруашылығымен айналысқан соң көп уақытымыз бола бермейді. Бұрынғыға қарағанда шүкір, тракторларды жеңілдікпен алып жатырмыз. Оны алғаннан кейін субсидия аламыз.

Жалпы қой мен оның өнімдеріне қаншалықты сұраныс бар, қай кездерде артады?

Етіне байланысты. Сатылатын, жасы келген еркек және ұрғашы қойларды желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында бордақы алаңына қойып, наурыздан бастап мамыр айына дейін сатамыз. Басқа уақытта ет сатпаймыз. Ол кезде егін шаруашылығы мен басқа да жұмыстармен айналысамыз. Етті жергілікті базарға өткіземіз.

Өзімізден артылған арпа, бидайды көршілерімізге нарықтағы бағамен сатамыз. Майбұршақ, соя мен жүгеріні зауыттарға өткіземіз. Ол жағынан проблема жоқ.

Қойдың жүні мен терісін кәдеге жаратасыздар ма?

Қойларды мамырдың алғашқы он күндігінен бастап қырқа бастаймыз. Әр қойдан 3,5-4 келі жүн аламыз. Жүннің бағасы сұранысқа байланысты өзгеріп тұрады.

Шаруашылығыңыз қой тұқымын асылдандырумен айналыса ма және кəсіпкерлерге қолдау ретінде мемлекеттен көмек алдыңыз ба?

Асылдандыру бойынша қазіргі Жетісу облысында жұмыстар жақсы жолға қойылған. Біраз бәсеке бар деуге болады. Асылдандыру бойынша бір ғана мекемемен емес, төрт-бесеуімен келісімшартқа отырамыз. Соның негізінде асыл тұқымды қошқарларды үйімізге дейін әкеп береді. Жылда ұрықтандыру жұмысы жүргізіледі. Соған байланысты мемлекеттен субсидия беріледі.

Елімізде қой шаруашылығымен айналысатындармен тəжірибе алмасып тұрасыз ба?

Басқа қожалықтарда жылына 4-5 рет семинар өтіп тұрады, олармен тәжірибе алмасамыз. Сондайақ Жетісу облысында шаруашылыққа байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Мал шаруашылығы ежелден қазақ халқына тән шаруашылық түрі, ата кәсібіміз десек болады. Кәсіппен айналысып, маңдай тер төгіп, атқарған еңбегіңнің нанын жегенге не жетсін!

Хәкім Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген асыл сөзін өмірлік ұстанымым ретінде қолданамын. Бұл кәсібіміздің арқасында бала-шағамызды асырап, оқытып жатырмыз.

Кəсіпкер ретінде қой шаруашылығымен айналысатындарға қандай кеңес берер едіңіз?

Қазіргі таңда бұл ата кәсібімізді жалғастыратын жастар аз. Саны азаймаса, артып жатқан жоқ. Әр кәсіптің өз қиындығы болады. Әсіресе, мал шаруашылығында жыл он екі ай бос уақыт болмайды. Кәсіптің қиындығы барлық істейтін шаруаны күнбекүн істеп тұруыңда... Бұл – 360 күн бағып, 4 күн дұрыс бақпасаң, еңбегің зая кететін шаруашылық. Малдың күйі жақсы болса, басқаның күйі де жақсы болады...

Әңгімеңізге рақмет! Игі істеріңізге табыс тілеймін!

P/S: ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласында қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу тұрғысында
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Кәсіби шеберлерді таны» жобасын қолға алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз  болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз» деп адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударған болатын.

Сұхбаттасқан Сабина Кәкімжан

 

 

Соңғы жазбалар

«Қай жерде емес, қандай ақпарат айтқаның маңызды»: New York Film Academy құндылығы неде

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райы болжамының жүргізушісі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері, New York Film Academy түлегі...

Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

0
БАЯН-ӨЛГИЙ. KazUnite - Моңғолия премьер-министрінің бұйрығымен Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды. Бұл туралы Kaznews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жаңадан сайланған Баян-Өлгий...

TPAМПлин бe, тықыp тaянy мa: Дoнaльд Tpaмптың билiккe кeлyi әлeмгe қaлaй әcep eтeдi

0
HЬЮ-ЙOPК. KazUnite - Қaй кeз бoлcын әлeмнiң нaзapынaн әcтe тыc қaлмaйтын Aмepикa Құpaмa Штaттapы биылғы қapaшa aйы бacтaлғaлы бepi тiптeн жaһaнның бacты жaңaлығынaн түcпeй...

Қазақстанда Мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер болып жатыр

0
АСТАНА. KazUnite - Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде...

Орталық Азия мен Қытай мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

0
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік басқару академиялары басшылары қатысуымен семинар өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік басқару саласындағы...