СұхбатАҚШ-тағы қазақ диаспорасы мықты болса, Қазақстанға ықпалы зор болады – Жұлдыз Исмаилова

АҚШ-тағы қазақ диаспорасы мықты болса, Қазақстанға ықпалы зор болады – Жұлдыз Исмаилова

 

ФИЛАДЕЛЬФИЯ. KazUnite – Пенсильваниядағы қазақ-американ қауымдастығының президенті Жұлдыз Исмайловамен сұхбат құрдық.

Жұлдыз Мырзадиярқызы, сіз АҚШ-тың Пенсильвания штатында қазақтардың басын қосып, үлкен шаралар өткізіп жүрсіз. Наурыз айында да ұлттық мерекемізді жоғары деңгейде ұйымдастырдыңыз. Жалпы, шетелде қазақ диаспорасында жетекші болу үшін қандай болу керек?

– Ең бірінші, ниет дұрыс болуы керек.  Жауапкершілік пен адамдармен тіл табыса білу маңызды. Қысқа ғана қайырсам, қосымша жан-жақтылықты талап етеді.

Америкадағы қазақтардың бәрі Қазақстаннан барғандар емес, арасында елімізді көрмегендер де бар. Олардың менталитеті әртүрлі ме?

– Дұрыс айтасыз, бәрі елімізден келген қазақтар емес. Дегенмен шет елде туып, осында өссе де, Америкаға келген қазақтардың барлығының жүрегі «қазақ» деп соғатындай. Оған көзіміз жетіп жүр. Мәселен, Қытайда, Ресейде, Түркияда және тағы басқа елдерде тұрып, қазіргі уақытта Америкада жүрген қазақтар қандай да бір мереке ұйымдастырған сайын соған белсене араласып, қатысады. Қазақылық қандарына сіңген ғой, менталитет жағынан айырмашылық аса байқамадым.

Өскен ортасы, алған тәрбиесі, түсінігі, тіпті азаматтығы әртүрлі Америка қазақтарының басын қосу қиын емес пе?

– Жоқ, қиын емес, керісінше, қызықты.

АҚШ-тағы қазақ диаспорасы мықты болуы керек дейміз. Сіздің ойыңызша, қазақ диаспорасы мықты болса, Қазақстанға қандай ықпалы болады?

– АҚШ-та бүкіл елдің халқы тұрады. Сондықтан АҚШ-тағы қазақ диаспорасы мықты болған сайын әлем қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, елін, жеріміздің әлем бойынша 9-орында екенін біле түседі. Сол кезде елімізге туристер, бизнесмендер қызығушылық танытып, қосымша инвестиция көптеп тартылады деп ойлаймын.

Моңғолия, Қытай, Өзбекстан елдеріндегі қазақ диаспоралары қазақылықты жақсы сақтаған. Америкадағы қазақ диаспорасы дәл солай сақтай ала ма?

– Америкадағы қазақтар енді көбейіп жатырмыз. Қазақ саны көбейген сайын Қазақ диаспорасы да мықты бола береді. Қазақы қасиетімізді де жақсы сақтап қалатынымызға сенемін. Өйткені АҚШ қазақтары жиналған сайын және WhatsApp топтарымызда қазақша сөйлеп, мерекелерде салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттап, осында өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа көрсетіп жүрміз. Тағы бір қуанатын дүние әр штатта қосымша мектептер ашылып, онда ұстаздар қазақ тарихын, тілін, мәдениетін, әнұранын үйретіп жүр. Балаларымыз ұлттық музыкалық аспапта ойнауды үйренуде. Біз еліміз, жеріміз туралы барлық жиындарда көбірек айтып отырсақ, осындағы жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Қазір Қазақстанда «Конституцияға өзгеріс енгізерде 7-баптағы «ресми тіл» деген екінші тармақшаны алып тастау керек» деп ұсынып жатқан азаматтар көп. АҚШ қазақтары осы мәселеге қандай көзқараста?

– Жаңа Қазақстанға жетуімізге, Қазақстанның рухани жаңғыруы үшін жүрегі «қазақ» деп соққан, елдің  болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат Конституциямызға өзгеріс енгізер кезде үндемей қалмай, өзгерістерді талап етуі қажет. Әрине, ең бірінші, біздің ана тіліміздің тұғырын биік етіп сақтап қалу маңызды. Мысалы АҚШ-та немесе Ресей сияқты және басқа да елдерде сол елдің тілін білмесе, мемлекеттік немесе жалақасы жоғары жұмысқа алмайды. Бізде де қазақ тілі бірінші орынға қойылса, барлық шетел азаматы да, қазақша білмейтін қандастарымыз да қазақ тілін үйренуге мұқтаж болар еді. АҚШ қазақтарының көпшілігі 7-баптағы «ресми тіл» деген екінші тармақты алып тастауды қолдап отыр.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Казашка🇰🇿 в Америке🇺🇸 (@zhuldyzismail7762)

Гүлмира Аймағанбет

 

Соңғы жазбалар

ГРАФ МОНТЕ-КРИСТО – КЕШІГІП ҚАЙТҚАН КЕК

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Кездейсоқ қазынаға тап болған адамның ақшасы көбінесе қолға ұстаған мұз тәрізді еріп кетеді. Ал мақсаты бар адамның қолында ол мүмкіндіктер мен...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды. Сапар барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ҚР Президенті «Орталық...

Орталық Азия мен Кавказ елдерінің үкімет өкілдері Корея Республикасының озық цифрлық тәжірибесін зерделеуде

0
Орталық Азия және Кавказдың жеті елінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметшіден тұратын делегация мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді табысты цифрлық трансформациялау үшін озық тәжірибелер,...

Бәсекелесі жоқ бизнес – кәсіпкер Кемелбек Әбдуәлімен сұхбат

0
KazUnite - Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату – көптен бері келе жатқан кәсіптің бірі. Халық өнеркәсіпшілігіне аса мән берген қазақ халқы тері...

Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Семей маңындағы ауылына сәлем жолдады

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - «Америкадағы өмір салт-дәстүрге, қазақтың ұлттық құндылығын тереңірек тануға деген қызығушылықты арттырды». Бұл туралы Нью-Йоркте тұратын қазақ қызы Розлана Ерғалиева айтты. «Адамға жүрген...