СұхбатЧикаго қазақтары немен айналысады?

Чикаго қазақтары немен айналысады?

 

АСТАНА. KazUnite – Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде оқу оқып, жұмыс бабымен жүрген қазақтардың басы қосылып, арқа-жарқа болып жүргені қуантады. Осындай үрдіс, әсіресе АҚШ-тың әр штатында кездеседі. Бұл жолы Чикаго қазақтары туралы Асқар Мағзомовпен аз-кем әңгімелескен едік.

– Асқар мырза, Чикагода тұрып жатқан қазақ бауырларымыздың жағдайы қалай? 

– Аллаға шүкір, қазіргі уақытта сыртта жүрген отандастар, соның ішінде Чикагода тұратын қазақтардың хәлі жақсы. Сыртта жүрсек те, елдегі жағдайларға алаңдаймыз, жақсы бастамаларды қолдаймыз. Үнемі тілекші болып жүреміз. Мақсатымыз – тіліміз бен дінімізді, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді асқақтатып қана қоймай, осында туған, осында оқып жүрген кішкентай бүлдіршіндерден бастап ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, ана тілімізді ұмытуға жол бермеу. Ол үшін арнаулы Чикаго қазақтарының орталығы құрылды. Оның негізгі идеясын айтқан, орталықтың ашылуына мұрындық болған бауырымыз, негізін қалаушылардың бірі Дәулет Орынбаев болды. Біз еліміздің атаулы мемлекеттік мерекелері қарсаңында бас қосып, түрлі іс-шаралар өткізіп келеміз. Нәтижесінде бір-бірімізді қолдап, осындағы қазақтар ағайын болып, араласып кеттік.

Фотода Қазақ орталығының ұйымдастыру тобы

– Жалпы, Чикагода жүрген отандастарымыз қандай кәсіппен шұғылданады?

– Мұнда білімін жетілдіруге келгендер бар. Жұмыс бабымен жүргендер бар. Негізгі кәсіптерінің бірі – жүк көлігін жүргізу. Шағын бизнеспен айналысу. Мәселен, мұнда өздерінің сұлулық салондарын ашқан кәсіпкер қыздарымыз бар, арнайы тасымал ісін ұйымдастырумен айналысатын жігіттеріміз де көп. Ешкім жай жүрген жоқ, еңбек етіп, нәпақа тауып жүр. Біз өз кезегімізде бір-біріміздің бизнесімізге қолдау білдіріп, көмектесуге әрдайым дайынбыз.

Фотода Қазақ орталығының ҚР Консулымен кездесу сәті

– Чикаго қазақтарының орталығы туралы кеңірек айтып берсеңіз. Басшысы кім, жоспарларыңыз қандай? 

– Орталық дегенде, осы орталықты ашуға мұрындық болған, негізін қалағандардың бірі Дәулет Орынбаев бауырым екенін айттым. Ол кісінің басты ойы – осы орталықты болашақ ұрпаққа қалдыру. Яғни Америкада туғанымен, өздерінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын насихаттап, қазақ тілі мен тарихын ұмыттырмау. Казір орталықа 15-тен аса қыз-жігіт ерікті түрде еңбектеніп жатыр. Орталықтың құжаттары, кеңсені жалға алу секілді мәселелерді Бақдәулет және Ержан деген бауырларымыз реттейді. Жалпы, барлық іс-шаралар осы көпшіліктің арқасында өтіп жатыр.

Фотода Чикагодағы Қазақ орталығының қыз-жігіттері

Қазақ орталығымызда Домбыра мен арнайы Би үйрету сабағы ашылды. Айта кету керек, домбыра сабағына сұраныс көп. Болашақта қазақ тілі мен ән сабағын ашу жоспарда тұр. Осы орталықта неке қию, беташар, тұсау кесу сияқты ұлтымыздың бұрыннан келе жатқан дәстүрлерін өткізіп тұрамыз. Сонымен қатар Қазақстанда тойланатын ресми мерекелерді, маңызы бар жиындар мен басқосуларды осы орталықта өткіземіз.

Чикагоға жолыңыз түссе, Қазақ орталығының есігі әрдайым ашық!
Фотода Чикагодағы Қазақ орталығының негізін қалаушы Дәулет Орынбаев

– Өзіңіз қашан барып едіңіз?

– Өзім алғаш Америкаға 2015 жылы келдім, кейін турист ретінде келіп те жүрдім. 2019 жылы жұмысқа тұрып, грин карта ашып, әзірге осында қалдым. Аллаға шүкір, қазір өзімнің шағын бизнестерім бар.

Фотода Чикагодағы Қазақ орталығының басшысы Асқар Мағзомов пен белгілі журналист, блогер Дәулет Мұқаев

– Әңгімеңізге рақмет! 

Гүлмира Аймағанбет

 

Соңғы жазбалар

Домбыраға шетелдіктер қатты қызығады – АҚШ пен Еуропадан тапсырыс қабылдайтын астаналық шебер

0
АСТАНА. KazUnite - Бабалар жолын жалғастырып, ұлттық құндылықтарымыздан айнымау – бүгінгі ұрпақ үшін парыз. Бұл ретте салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық қолөнермен айналысып, қaзaқтың ата кәсібін...

Қазақстанда жойылып бара жатқан Арал бекіресін сақтап қалғым келеді – Мейрамбек Пазылбеков

0
АСТАНА. KazUnite - Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласында қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу тұрғысында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Кәсіби...

Арнольд Шварценеггер Қазақстанға бара жатыр: Netflix-те жаңа сериал шықты

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Темір Арни қазақтар жиі аталатын шпиондық сериалда басты рөлді сомдап, Қазнетте қызу талқыға түсті. Фубар (Fubar) фильміндегі кейіпкерлер Қазақстанды, қазақтар мен Астана...

Америкаға 9-сыныпта жалғыз өзім келдім – алматылық бойжеткен

0
ЧИКАГО. KazUnite – Алматылық Дания Нүсіпбек бүгінде Чикаго қаласының маңындағы жекеменшік мектептің бірінде оқиды. Былтыр жазда әйгілі Гарвард университетінің мектеп оқушыларына арналған (жоғарғы сынып)...

Африка, Еуропа, Америка елдерінде ірі қызмет істеп жүрген жетісайлық Нұржан

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite – Әлемдік ірі компанияда жұмыс істеу үшін таныс болу шарт емес. Бұл туралы Еуропа, Африка елдерінде жұмыс істеген, бүгінде АҚШ-та қаржы саласы...