СұхбатБИЫЛ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АҚШ-ТА ЕРЕКШЕ САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ЖАТЫР – ЖҰЛДЫЗ ИСМАИЛОВА

БИЫЛ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АҚШ-ТА ЕРЕКШЕ САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ЖАТЫР – ЖҰЛДЫЗ ИСМАИЛОВА

 

ФИЛАДЕЛЬФИЯ. KazUnite – АҚШ-тағы қазақ диаспорасында қалың қазақтың басын қосып, Қазақстанның, қазақтың ұлттық мерекелерін ұйымдастырып жүрген тұлағалар бар. Солардың бірі – Пенсильваниядағы Қазақ Ассоциациясының Президенті Жұлдыз Исмалова. Бүгін, яғни 15 желтоқсан күні Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде аталып өтеді (АҚШ-тың Пенсильвания, Нью-Йорк штаттары Қазақстаннан 11 сағатқа артта). Осынау мерекенің қйымдастырылуына мұрындық болып жүрген Жұлдыз Исмаилова салтанатты шараның басталуына санаулы сағат қалғанда қызу дайындыққа қарамастан ретін тауып, KazUnite сұрақтарына жауап берді.

– Жұлдыз ханым, биыл сіздер Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне дайындықты екі ай бұрын бастап кеттіңіздер. Биылғы мереке бұрынғыдан өзгерек пе?

– Негізі біз өткен 2021 жылы да ФиладельфиядаТәуелсіздік күнін жоғары деңгейде атап өттік. Иә, АҚШ-тың тәуелсіздігі жарияланған қала дәл осы Филадельфияда былтыр алғаш рет Тәуелсіздік мерекеміздің құрметіне Қазақстанымыздың Туы көтерілген еді.

Ал биыл мерекені бұрынғыдан да жоғары деңгейде өткізбекке тырысып отырмыз. Биылғы Тәуелсіздік күніне АҚШ-тың барлық штаттарындағы қазақтар шақырылды. Әр штатдағы өнерлі тұлғаларымызды шақырдық. Елден де әншілер келіп жатыр. Осының арқасында, мерекелік шара кезінде пианинода ойнайтын, домбыра шертетін, ән айтатын, ұлттық саз аспабымыз жетіген тартатын қыз-жігіттеріміз өнер көрсетіп, халқымыздың ұлттық өнерін паш еткелі отыр. Жалпы бағдарлама өте қызықты, ұлттық бояуы қанық болғалы отыр.

– Сіздер мереке кезінде қазақтың киіз үйін тігіп, ұлттық бұйымдарымыздың көрмесін де ұйымдастырып жатырсыздар ма?

– Иә, бұл мерекеде де киіз үй тігіліп жатыр. Дәл қазір осы шараны ұймыдастырып, маған қолдау көрсетіп жүрген бір топ қыз-жігіттер киіз үйімізді сәндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басында киіз үй Филадельфиядағы City Hall-дың алдына құрылатын болған. Бірақ ауа райы құбылып тұр, бүгін жауын жауады деп болжанды. Сондықтан үйді біз мереке өтетін мейрамханның ішіне тіктік.

– Сіздер осы шараны ұймыдастыру үшін қаншама қажыр-қайрат жұмсайтындарыңыз белгілі. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі немесе Консулдық тарапынан жалпы қолдау бола ма?

– Енді, қалай десем екен… Елшілік осы Тәуелсіздік күніне Қазақстаннан шақырған қонақтарымыздың виза алуына қолдау көрсетті. Сонымен бірге, Консулдық пен Елшіліктің өкілдері бүгінгі мерекеге қатысып, құттықтау сөзін сөйлейтін болды.

– Өзіңіз де білесіз, биылғы жылдан бастап Қазақстанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданған 25 қазанда Ұлттық мереке болып бекітілді. Енді оның статусы жоғары. Алда Тәуелсіздік күнінің қуанышы 25 қазанда тойланатын түрі бар. Ол 16 Желтоқсанда не қуанарын, не желтоқсанда құрбан болған азаматтарымызды еске алып, аза тұтарын білмей қиналатын елдің біраз жылдан бергі талабы еді… Ал сіз бұл туралы не дейсіз?

– Шынын айтайын, АҚШ-та Қазқстанның Тәуелсіздік күні тойланатынын хабарлағанымыздан “Неге 25 қазанда емес, 16 желтоқсанда тойлап жатырсыздар” деп, сын айтқндар да, ренішін білдіргендер де аз болмады. Бірақ біз бұл мерекеге дайындықты өзіңіз айтқандай, екі ай бұрын бастадық. Екі ай бұрын әкімшіліктерден рұқсат алып, құжаттарымызды бекіттік. Елде 25 қазан Ұдттық мереке деп бекітілсе де, бізге мереке күнін ауыстыру мүмкін емес еді. Сондықтан осы жылы 15 желтоқсанға жоспарлаған мерекені қалай да жақсылап, абыроймен өткізуді ғана ойладық.

– Мерекеге санаулы сағаттар қалғанда уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рақмет! Мерекеміз құтты болсын! Ел амандығын, Көк Туымыздың биікте желбірегенін көріп, қуана берейік!

– Мен де осы сәтті пайдаланып, барша отандастарымызды, барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. АҚШ Тәуелсіздігі жарияланған Филадельфия қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі осылай аталып өтуінің өзі және оған өзіміздің де үлес қосып жүргеніміз өз басым үшін үлкен мәртебе. Әр қазаққа қайда жүрсе де, елінің бақыты мен қуанышына, абыройына үлес қосуды жазсын! Тәуелсізбігіміз мәңгі болсын!

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Исмаил (@zhuldyzismail3767)

 

Соңғы жазбалар

«Темірқазық» қоғамдық қоры мен «Қазақ тілі» қоғамы «Жаңа сөз» жобасын бастады

0
«Темірқазық» қоғамдық қоры мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жаңа құбылыстар мен заманауи ұғымдарға ұлттық сипаттағы балама табуды көздейтін...

Қазақстан волейболы қарқынды даму жолына түсті

0
Қазақстан волейболының халықаралық аренадағы әлеуеті артып, әсіресе оның классикалық және жағажай ойын түрлерінен тұрақты өсімі байқалып келеді. Айталық, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамалары...

Анелия Алим АҚШ-тың екі бірдей мемлекеттік марапатына ие болды

0
НЬЮ-ЙОРК. KazUnite - Әлемдік индустриядағы ең жарқын іс-шараның бірі NEW YORK FASHION WEEK аясында халықаралық сарапшы әрі ANELYA ALIM Beauty брендінің негізін қалаушы Анелия...

Астана Мемлекеттік қызмет хабы ЖоғарғыСот Кеңесіне судьяларды іріктеу тетігінжетілдіруге жәрдемдеседі

0
KazUnite - Технологиялар дамуы және нарыққамамандардың жаңа буыны келуімен  әлемдегіұйымдар кадрларды іріктеу мен дамытутәсілдерін қайта қарастыруда. Бүгінгі таңда HR мамандары құзырында жасанды интеллектке негізделген құралдар, үлкен...

Батысқа ұмтылу отаршыл санадан құтылу ма, әлде табыс көзі ме

0
KazUnite - Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін білетін жастар көп. Оны үйренгісі келетін балалар да аз емес. Яғни ағылшын тіліне деген сұраныс жоғары. Бірі мұны...